5
достичь использование различного рода элементов информационно-коммуникативных
технологий на уроках казахского языка и литературы и на ряду с этим повысить базу
знаний,активность,творческиекачестваучащихся.
Abstract
In this article refers to the problems of updating the content of education, that teachers care
when in modern world with great speed a growing trend of globalization and international competition.
In solving this problem an important role, as they say in the present study, played a refresher course
for teachers Republic of Kazakhstan, compiled by program of the Cambridge University. How using
of the elements of information communicative technologies and using of modern technologies in
teaching help for rising students’ knowledge quality about. How using of information communicative
technologies can help to rise the base of knowledge of student on Kazakh language and Kazakh
literature lessons and equally with it helps to rise activity and creative knowledge of students about.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта
қарау қажет екендігін жария етті. Қарқынды өзгеріп келе жатқан әлемде білім саласындағы
саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де ең басты мәселе болып отырғаны «Мұғалімдер
оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». «XXI ғасырда білім беру жүйесі қандай болуы
керек?» - деген сұрақ қоғамдағы барлық саналы да зиялы адамзатқа үлкен ой тастайды [1,
5-б.]
21 ғасыр деген сөздің өзін естігенде біз білімнің бір ажырамас бөлігі, болашаққа деген
жоспар деп қабылдаймыз. Білім беру жүйесі бұрындары болмаған жылдамдықта өзеруде. Түрлі
зерттеулердің нәтижесін оқып отырсам механикалық оқу, жаттау білім алудағы тиімді стратегия
еместігін дәлелдеп отыр. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру
бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды
жүктейді. Қай мемлекетті алып қарасақ та білім беру жүйесі толық реформаланып болған
емес, әрі болмайды да ол даму, жаңару үстінде болады. Әлем өзгеріс үстінде болғандықтан
біздің еліміздегі білім саласында бұл үрдіске бар белсенділігімен ат салуда. Соның ішінде
қазіргі уақытта жүргізіп жатқан шетел- оқу ағарту бағдарламалары еліміздегі білім саласын
реформалау болып табылады. Назарбаев зияткерлік мектептері, дарынды мен талантты
балаларға мектептер есігін айқара ашып, дарынды оқушылармен жұмыс қолға алынды.
2013 жылдан бастап, ағылшын тілін 1- сыныптан, информатиканы 5-сыныптан бастап оқыту
енгізілді. Жаратылыстану пәндерін оқытуға баса назар аударып, артықшылық берілді. Аталған
реформалар әлем елдерінің жеткен жетістіктерінен алынып, Қазақстанның білім саласындағы
тәжірибелеріне енгізілді. 600 аса мектептерде E-learning - электронды оқыту кешені
еңгізілді. ЭЫДҰ зерттеулерінен (Pont,2008), және де Канадада (Levin, 2012), Cингапурде
(Schleicher,2012) және Финляндияда (Ministry of Education,2007) дәлел етіп алатын болсақ
оқушылардың үлгерімінің сапасына мұғалімдердің біліктілігін арттыруы тікелей әсер етеді.
[1, 66-б.]
Мұғалім кәсібіи тұрғыдан қаншалықты мықты болса, оқушылардың үлгерім мен
білім сапасы соншалықты жоғары болады. Сондықтан да мұғалімдердің біліктілігін арттыру
жүйесі кеңінен ұйымдастырыла бастады.
Өзгерісті өзімнен бастауым қажет болғандықтан осы
әлемдегі білім саласында не өзгеріс болып жатыр екен деп ғаламтордан іздеп, зерделеп көрдім.
Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесінде біздің еліміз төмен көрсеткіштерге
көрсетіп отыр.
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анғұрлым танымал
оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған (Hattie,
2009) [1, 9-б.], міне біздің еліміз де осы тәсілді кеңінен пайдалану мақсатында мектебіміздің
ұстаздар қауымына педагогикалық шеберлік орталығында әзірлеген бағдарламаны деңгейлік
курстарда мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, бағдарламаны тиімді пайдалануға
579
үйретуде. Білім саласындағы бәсекелестік алдағы дамудың басымдығына айналуы шарт.
Финляндияның тәжірибесіне арқа сүйеуі қажеттігін алға тартқан Президент Финляндияның
қарқынды дамуының маңызды тұстарын да атап көрсетті. «Ең алдымен жоғары стандартты
білім. Екіншісі, ғылыми әзірленімдерге қаражатты бөлудегі бәсекелестік. Үшіншісі, келешектің
ұлттық инфрақұрылымдары. Төртіншісі, мемлекеттің, ғылым мен бизнестің күшін біріктіру.
Егер қысқаша айтатын болсақ, олардың дамуы осы төрт тұжырымнан тұрады», деп Мемлекет
басшысы анықтап берген екен. Елдің бәсекелестігін дамытуда білім-ғылым саласына басымдық
беру - бұл болашаққа ақыл-ой инвестициясын салумен бірдей. Ендеше, Фин елінің Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қызықтырған білім саласына қатысты ерекшеліктеріне аз-
маз тоқталып өтсем деймін. Расында, соңғы жылдары дамудың ерекше қарқынына көтерілген
Финляндияның бүгінгі білім саласының жағдайы кісі қызығарлықтай. Фин елінің білім
беру үлгісіндегі басты ерекшелік - білім берудің үздіксіз жүйесін қолдануында болса керек.
Тіпті, өзіндік дамудың өте қысқа тарихына ие болып отырған бұл мемлекет соңғы 70 жыл
ішінде білім беруді қолдау арқылы кереметтей жетістіктерді бағындырған. Финляндия жан
басына шаққандағы Ішкі жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша (32 мың еуро) жоғары ырғақпен
дамыған елдердің қатарында екені көрініп отыр. Ал Дүниежүзілік экономикалық форумның
жыл сайынғы есебіне сәйкес, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингісі бойынша алтыншы
орында тұр. Бұндай финдік жетістіктің бастауында білім саласындағы реформалардың тұруы
да бекер емес. Олар реформада екі бағытты басымдықты ұстады. 1.Мұғалімдердің мәртебесін
көтеру 2. Білім сапасын жоғары деңгейге көтеру [2]. Дамыған елдерде мұғалімге деген құрмет
ерекше. Мәселен, корейлер үшін мұғалім барлық жақсы қасиеттерді бойына жиған тұлға
болып есептеледі. Міне, мұғалімнің мәртебесін жоғары қоюдың үлгісі! Біз де осы дәрежеге
жетуіміз керек. Біздің елімізде осы тәжірибені іске асыру қолға алынды. Педагогикалық
шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің ұысынып отырған бағдарлама идеялары
қазақстандық мұғалімдердің тәжірибелерін жақсартуға бағытталып отырғаны жақсы бастама
деп білемін. Біздің мектебімізде осы бағдарлама негізінде 3-ші деңгейді оқып келген мұғалімдер
жұмыс атқаруда. Менің ойымша олар өз іс-тәжірибесінде осы 7 модульді тиімді пайдаланып,
мақсаттарын SMART негізінде қойып отырса оң нәтижені көреміз деп ойлаймын.
Мен өзім бірінші деңгей бағдарламасын оқып бітірген соң мектебімдегі мұғалідерге
Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің ұысынып отырған
бағдарлама идеяларымен таныстырып, мақсаты мен міндеттерін зерделеп, осы бағдарлама
негізінде жұмыс істеуге бағыт бағдар беремін. Әріптестеріме оқыту мен оқудың тиімді
әдіс–тәсілдерін, оқушылардың өз идеясы мен білім –біліктілігін дамытуға, алған білімдерін
кез-келген жағдайларда тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға бағыттаймын.
Cебебі, ұсынылып отырған бағдарламаның басты мақсатын іске асыруымыз керек қой. Ол
дегеніміз, менің мектебімнің оқушылары сыни тұрғыдан ойлай білетін, өзінің мектепте алған
ақпараттарын, білімдерін өмірде, іс жүзінде орынды пайдалана білетіндей етіп бағыт беру. Алып
жатқан білімдерін тәжірибеде қолдана білсе одан артық не керек? Ендеше, менің мектебімде
мұғалімдерінің басты ұстанымы осы болу керек деп есептеймін. Ертең оқушыларымыз өмірде
орнын таба білетіндей сапалы білім алсын. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру курстары Оқытудағы Кембридж тәсілінің негізінде құрылған үш деңгей
бағдарламасында педагог кадрларды дайындап жатыр. Әрбір оқушының білім алуына көмек
көрсету үшін олар оқушылардың жеке сұраныстарын даму мен мүдделерін білуі тиіс [1].
Менің ойымша, егер мен өз мектебімде мұғалімдерді және ата-аналарды осы бағытта жұмыс
істеуге тарта алсам күтілетін нәтиже өз жемісін береді деп ойлаймын. Фин елінде оқушыларды
нақты өмірге қажетті білімге үйретеді, яғни алған білімдерін шын мәнінде өмірде қолдануға
бағыттайды. Егер емтиханға келсе оларға анықтамалар, кітаптар, интернет желісін қолдануға
рұқсат етіледі. Себебі бар ресурстарды тиімді пайдалана білу ең басты шарт болып отыр. Біздің
580
5
елімізде де осы тәжірибеге сүйене отыра мұғалімдерді дайындап жатыр.
Білім бар әлемде
өзгеріс үстінде. Толғандыратын мәселе балаларды білімге үйрету емес, оны жылдам іздеп табу
және ұғыну дағдыларын қалыптастыруға бағыттау. Баланың жеке басының ерекшеліктеріне
басымдылық беру –бұл білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуді қажет ететін кейбір тұстары ғана.
Жас ұрпақты заман талабына сай жан-жақты білімді, ізденгіш, сыни тұрғыдан ойлай білетін,
жауапкершілігі мол, топта жұмыс жасай білетін, қоғам талаптарын қанағаттандыра алатындай
етіп қалыптастандыру аса маңызды мәселенің бірі. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты -
бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің
борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға
құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық
жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының
жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Нәтижеге бағытталған
білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды
және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін
дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан
әрі дамыту міндеттері көзделеді.[4, 96-б.] Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі –
оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі –
ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда
әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің
қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды
талап етеді. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру,
қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды
пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік
береді.[3] АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп,
өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен
жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының
артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу
тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс
нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен
жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі
орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен
жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс
шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және
интерактивтік технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен
формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік
желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды,
қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық
технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы кезде білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат
581
алмасу, интернет, электрондық пошта, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні
инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау
қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру
ең негізгі мақсат болып айқындалады. Сабақтарымда жаңа ақпараттық технологияның әдіс-
тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
• Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
• Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
• Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
• Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
• Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім
беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім
беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланып оқыту төмендегідей
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқу материалын жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және іс жүзінде тиянақты, саналы
түрде қолдана білуі;
• Ақпараттық технология мүмкіндіктерін кеңінен қолданып, өз бетімен білімін
толықтыруға дағдылануы;
• Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз
көзқарасын қорғай алуы;
• Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір
ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды,
инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқыту
үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық
қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар. Оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет
етуге, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан,
үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ
өкілдерін дайындай аламыз.
Әдебиеттер тізімі
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей; М.: «Назарбаев Зияткерлік
мектептері» ДББҰ, 2014.
2. Мәметқазыұлы Қ. Білім саласындағы бәсекелестік алдағы дамудың басымдығына
айналуы шарт. http://www.inform.kz (21.09.2015)
3. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын
қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Алматы. Литература, 1999, 96-б.
5. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. Алматы. 2005.
582
5
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР
АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Орамалова А. Ж.
Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясы,
Өскемен қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: коммуникативтік құзіреттілік, құзіреттілікті дамытудың жолдары, сын
тұрғысынан ойлау технологясы.
Ключевые слова: коммуникативная компетентность, основные пути повышения
компетентности, технология критического мышления.
Кeywords: the competence of communication, the general ways to impnoving of соmpetence,
cnitical thin king technology.
Аңдатпа
Мақалада оқушылардың инновациялық дағдылардың қалыптастырудың теориялық және
практикалық зерттеулері қарастырылған. Мақаланың авторы оқушылардың сыни тұрғыдан
ойлауын дамытудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісе отырып, сыни тұрғыдан
ойлаудың кейбір стратегияларын қолданудағы тәжірибесі туралы айтады.
Аннотация
В статье представлены теоретические положения и практические исследования
по формированию инновационных навыков у школьников.Автор статьи делится своими
размышлениями о необходимости развития критического мышления у школьников,рассказывает
об опыте применения некоторых стратегий критического мышление.
Abstract
The oretical issues and practical results on forming innovative skills in schoolchildren are
presented in the article. The author shares his thoughts on the need for critical thinking in school
children,talks about the experience of using some of the strategies of critical thinking.
Қазақтың кеменгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден
бастау керек»- деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда.Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет-
білім беру жүйесін жаңарту болып отыр.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін
мұғалімдер оқушыларға жаңа талаптар қоюда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары
жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған
болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-
әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр.
Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың
бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –
әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге
келтірген Л.Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л.С.Выготский
теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға
сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға
583
сабақтарда үйрету. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып,
оның неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-
теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар [1].
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра
отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сыни тұрғыдан ойлау
Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырады: оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауды
үйрету (синтездеу), әрі қабілетін дамыту, салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана
білуіне ықпал ету және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Білім берудің сапасын
жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтыратыны баланың өзі ізденіп
дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал
мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой
толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Сабақтың қызығушылығын ояту кезеңі. Үйрену процесс–
бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды,
түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан
да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын
анықтаудан бастадым. Бұл кезеңде оқушылар тест тапсырмасын орындап, тест кілті арқылы өз-
өздерін бағалады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты– үйренушінің белсенділігін
арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында
талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойын жеткізеді. Оқушы не үйренгенін
саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.Ал
мұғалім бағыт бағдар береді.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ажырату
(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс
істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне
жағдай жасалады. Мұғалім әр топқа жаңа тақырып бойынша әр түрлі тапсырма үлестіреді.
Оқушылар оқулықпен 7 мин. жұмыс жасайды.
Топтағы оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы А-3 қағазына
«Моңғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы» тақырып бойынша постерді салды. Негізгі
ойды ортаға салып,шартты белгілермен белгілейді. Мағынаны ажырату кезеңі оқушының
еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу
жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған. Адамның ой-өрісін дамытудағы ең
қажетті құрылым-оқыту болса, кез келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады, ал оқыту
мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуінің де жеке тұлғаның дамуында
ролі үлкен. Бірлескен оқу арқылы жұмыс жасау өте тиімді.Топ ішінде қарым-қатынас жасау
оқушының өзіндік дүниетанымын қалыптастырады, ынтасы, ойлау, есте сақтауы , оқу сапасын
арттыра түседі. Әр-алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасы мен жауапкершілігін
арттырады. Одан келіп мынадай тұжырым келіп шығады:
• оқытудың даму концепциясы. Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің пікірінше, бала даму
барысында оқиды;
• бала оқыту арқылы дамиды. Бұл теорияның негізін салушылар Л.Выгодский,
А.Леонтьев, Л.Занков, В.Давыдов және т.б.
Қ. Бітібаева ұсынған «баланың білім алу, даму т.б. іс-әрекеттерін мақсатты түрде
ұйымдастыра білу, дайын білімді қайталап айтып беру емес, оны өз белсенділіктерімен алуға
түрткі жасау» қағидалары көмекке келеді [3].
Сондықтан оқушының өзін-өзі үйретуге, өз бетінше білім алу мен оларды жүзеге асыруға
жетелейтін оқу түрін ғана тиімді деп санауға болады.
Сондай-ақ бұл кезеңдегі шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп,
584
Достарыңызбен бөлісу: |