Образование: исследование устойчивое развитие



Pdf көрінісі
бет88/126
Дата03.03.2017
өлшемі11,35 Mb.
#7397
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126

5

Оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың тұтас жүйесі отандық және шетелдік 

жоғары  оқу  орындарына  түсу  кезінде  жоғары  бәсекеге  қабілеттілікті  қамтамасыз  ету  үшін 

әрбір оқушыны конкурстық іріктеуден бастап мектепті бітіріп шыққанға дейін сүйемелдейді. 

Оқу жетістіктерін бағалау формативті және ішкі жиынтық бағалау, жетістіктер мониторингі 

жолымен  критерийлік  тәсіл  негізінде  жүзеге  асырылады,  ол  оқушылар  бастауыш,  негізгі 

және жоғары мектептерді аяқтағаннан кейін жиынтық аттестаттау кезінде сырттай жиынтық 

бағалау жолымен оқу үдерісін бір жыл бойы және жылдар бойы қадағалауға мүмкіндік береді. 

21  ғасырдың  дағдыларын  дамытуға  бағдарланған  жаңа  мазмұн:  алған  білімді  қолдана  білу, 

ақпаратты  іздестіру,  өңдеу,  талдау  және  бағалай  білу  дағдылары,  сын  тұрғысынан  ойлау, 

эксперименталдық, зерттеу, инфокоммуникациялық дағдылар, коммуникативтік (тілдікті қоса 

алғанда) дағдылар, жеке және топта жұмыс істей білу. Білім берудің жаңа мазмұнын тиімді 

енгізу  шарттарының  бірі  дер  кезінде  педагогикалық  қолдау  көрсету  үшін  әрбір  оқушының 

оқудағы  жетістіктері  туралы  ақпарат  беретін  оқушылардың  дағдыларын  дамыту  деңгейін 

барабар бағалай алатын бағалау жүйесінің болуы болып табылады.Елдің жалпы білім беретін 

мектептерінде қолданылатын, оқушылардың жеке жетістіктерін көптеген оқушылардың тиісті 

деңгейімен  немесе  нәтижелерімен  салыстыруға  бағытталған  дәстүрлі  бағалау  жүйесі  бұл 

талаптарға сәйкес келмейді.

Бағалау  –  бұл  оқушыларды  оқытудың  жоспарлы  мақсаттарының  нәтижелеріне  нақты 

қол  жеткізу  сәйкестігінің  деңгейін  белгілеу.  Сондықтан  да  Зияткерлік  мектептегі  оқу 

бағдарламаларының маңызды ерекшелігі оқыту мақсаты түріндегі нақты қалыптастырылған 

күтілетін  нәтижелер  болып  табылады,  бұл  бағалауды  өлшемдердің  негізінде  қолдануға 

мүмкіндік береді.

Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі, ал бағалаудың ажырамас бөлігі кері байланыс болуы 

тиіс.  Формативті  бағалау  үдерісі  оқушыларды  аса  табысты  оқытуға  және  мұғалімдерге  аса 

тиімді оқытуға мүмкіндік туғызады, себебі дәл осы үдеріс кері байланысты алуға негізделген. 

Формативті бағалау – ол оқушының оқу үдерісін бақылаудың мақсатты үздіксіз үдерісі және 

«бейресми» (жиі бағасыз) бағалау болып табылады. Формативті бағалаудың мақсаты оқыту 

үдерісінде мұғалімнің және оқушының қызметін түзету болып табылады. Формативті бағалау 

оқушылардың  қаншалықты  табысты  білім  алып  жатқаны  туралы  ақпарат  алуға  мүмкіндік 

береді. Осында мұғалімнің оқытудың тәсілдері мен әдістерін, оларды өзінің оқушыларының 

мұқтажына бағдарлап өзгерте алатын кері байланыс үдерісін реттеу маңызды.Оқыту кезінде 

оқушыларды қадағалап, кері байланыс негізінде ақпаратты жинап және оқу үдерісі барысында 

зерттеулерді  жүргізе  отырып,  мұғалім  оқушылардың  материалды  қалай  қабылдайтынын 

және  олардың  оқытудың  сол  не  басқа  тәсілін  қалай  елейтінін  білетін  болады.  Енді  осы 

тұста  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалауда  кері  байланыстың  маңыздылығы  туралы 

мұғалімдерге бірнеше ұсыныстар бергім келеді. 

Кері байланыс дегеніміз – оқушылардың мықты тұстарын анықтап, жетілдіруді қажет 

ететін салалары бойынша нақты сындарлы кеңес беру. Кері байланыстың ауызша және жазбаша 

түрлерін қолдануға болады. 

•  Ауызша кері байланыстың ерекшілігі: 

•  Кері байланыстың көп тараған түрі; 

•  Кері байланыстың өте тиімді түрі; 

•  Мейлінше өзара әрекеттестікке жетелейтін түрі; 

•  Әр сабақта қолданылады; 

•  Бірден ұсынылады; 

•  Мәнмәтінге (контекстіге) бағытталған; 

•  Бейімдеуге болады; 

•  Үздіксіз болып табылады; 

•  Оқушыны ынталандырады; 



593

•  Оқуды даралауға мүмкіндік береді; 

Ауызша кері байланыс жасауда мұғалімдердің ескеретін жайттары: 

•  Оқушыңыздың нені үйренгенін ескеріңіз; 

•  Оқушыға ойлануға уақыт беріңіз

•  Оқушыны өз оқуы туралы ойлануға уәждеңіз; 

•  Оқушыны өз пайымдауын тереңдету мақсатында сұрақ қоюға жетелеңіз;

•  Оқушыны келесі қадам жасауға жетелеңіз;

Жазбаша кері байланыстың ерекшелігі: 

•  Оқушылардың мақсатқа жеткен жері; 

•  Оқушыларға қай саланы әлі де жетілдіру керектігі; 

•  Оқуды жетілдіру тәсілдері; 

•  Өз бетінше жауап беру үшін ойлану тәсілдері

Оқу  үдерісінде  оқушылар  неге  білім  алатындықтарын,  не  оқитындарын,  өздерінің 

машығын қайда қолдана алатындарын және оларды қалай жақсы игеруге болатындығын білуі 

және түсінулері тиіс. Осының бәріне оқушыларға бағалауға қолжетімділік қажет, және мұғалім 

олармен бағалау нәтижесімен бөлісуі, оларға негізін, яғни бағалау жүргізілетін белгілерді ашуы, 

және өздеріне өздері мен сыныптастарын бағалауға мүмкіндік беруі, сондай-ақ өз мүддесінде 

бағалау  нәтижесін  пайдалануға  көмек  беруі  тиіс.  Формативті  бағалау  үдерісі  тиімді  болу 

үшін, оқытушы екі міндетті белгілеуі қажет: курсты игеру барысында оқушы өзіне нені алуы 

тиіс және оған бағалаудың қандай түрі мүмкіндік береді. Бағалау алға қойылған мақсаттарға 

қандай дәрәжеде қол жеткізілгенін білуге бағытталған болғандықтан, нақты мақсатқа лайықты 

бағалаудың дәл осындай түрлерін таңдау керек. 

Мұғалімдердің бағалау үдерісінде жиі қателесетін мәселелірінің тағы бірі – оқу мақсаты 

мен табыс критерийлерін нақты қоя алмауы. Бұл мәселе төңірегінде мұғалімдерге төмендегі 

кеңестер көмегін тигізер деп ойлаймын. 

Ең алдымен оқу мақсатын қалай анықтап алуға болады? Оқу мақсатын былайша анықтап 

көрсетуге болады:

•  Біз ... жасай білу үшін үйреніп жатырмыз. 

•  ... қолымыздан келуі үшін. 

•  ... түсініп/түсіндіріп талқылай білу үшін. 

•  Бүгін біз ... үйренеміз. 

Сонымен қатар оқу мақсатын орын алып жатқан жағдайдан ажыратып алу қажет, себебі, 

оқу мақсаттары нақты анықталмаса, ол мынадай нәтижелерге сайып келуі мүмкін: 

•  Сабақ тақырыбының орындалған тапсырмаларға сәйкес келмеуі; 

•  Сабақ мазмұнының тақырыптан ауытқып кетуі; 

•  Оқу барысына сәйкес келмейтін табыс критерийлерінің орын алуы; 

Егер де оқу мақсаты орын алып жатқан жағдайдан ажыратылса, оқушылар бұо дағдыны 

тек  білегілі  бір  жағдайда  емес,  әртүрлі  жағдайларда  қолданып,  табысты  жұмыс  атқаруы 

мүмкін. Мұғалімдерде жиі кездесетін жағдай, сабақтың оқу мақсаттарын контекстке сәйкес 

анықтай алмайды. Оның себебін төмендегі кестеден байқауға болады. 

Белгілі бір 

контекстегі оқу 

мақсаттары

Оқушылар не үйреніп 

жатырмыз деп ойлады

Ешбір контекстке 

байланысы жоқ оқу 

мақсаттары

Оқушылар не үйреніп 

жатырмыз деп ойлайды

Ұялы телефонды 

пайдалану туралы 

нұсқаулар жазу



«Мен ұялы телефонды 

қоғамдық орындарда 

пайдалану туралы 

нұсқаулықты қалай жасау 

керектігін үйренемін»

Нұсқаулар жазу



«Мен нұсқаулар жазып 

үйренемін»

594

5

Кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы бағандағы оқу мақсатының жалпылама берілуінің 

нәтижесінде оқушылар да өздерінің оқуларында үйреніп жатқан дүниелерінде де нақтылық 

болмайды. 

Ал, енді мұғалімдер оқу мақсаттарына сәтті жеткенін Қалай түсіне алады? Бұл жерде 

мұғалімге бірден-бір көмекші ол табыс критерийлері. Табыс криетрийлерін орынды әрі дұрыс 

қолданғанда: 

•  Оқу үрдісі толық болады; 

•  Оқушылар өз білімдерін дәлелдеп, қолданып, біріктіре алады; 

•  Келешекте өз оқуын жақсартуына ынталанады; 

•  Оқушылар сапалы білімнің қандай болуы керек екенін түсінеді; 

Жоғарыда аталған оқу үрдісінің бәрі бірдей бола бермейді. Сол себепті оқу мақсаттары 

мен табыс критерийлерінің де бәрі бірдей емес. Олардың төмендегідей түрлерін кездестіруге 

болады: 


•  Жасырын – дағдылар мен ұғымдар қалыптастыру, білім беру, үйрету; 

•  Ашық – дағдыларды, ұғымдарды, білімдерін қолдану; 



Жасырын  дағдылар  дұрыс  не  бұрыс  болуы  мүмкін.  Жасырын  дағдылар  үшін  табыс 

критерийлері: не оқу мақсатына жетуге қажетті қадамдар, не есте сақтауға қажетті ақпарат. 



Оқу мақсаты: 

Санды қатынаста көрсету



Табыс критерийлері 

Мен мынадай әрекеттерді жасай аламын: 

Екі бөлек санды қоса аламын, мысалы: 2:3  2+3+5

Әрбір қатынасты бөлшек ретінде көрсете аламын, мысалы: 2/5:3/5



Ашық (айқын) дағдылар дұрыс не бұрыс болуы мүмкін емес. Сабақ мақсатына жету 

үшін сапасын әбден талқылау қажет. 



Оқу мақсаты

Бағдарламалы  музыкадағы  музыкалық  аспаптардың  қолданылуын  түсініп,  өзгелерге 

түсіндіре білу. 

Табыс критерийлері: 

Мен төмендегідей әрекеттерді жасай аламын.: 

•  Үш бөлімнен тұратын шығарма жаза аламын; 

•  Оқиғаның сипатын беру үшін әуен, саз, ырғақтарды пайдалана аламын; 

•  Аспаптарды шығармашылық тұрғыдан қарастырып, пайдалана аламын. 

Бұл  жағдайда  табыс  критерийлеріне  жету  үшін  қажетті  құралдардың  тізімі  берілетін 

болады. Алайда мұғалімдер олардың барлығын пайдалануы міндетті емес. 

Жоғарыда  айтылған  мысалдарды  қорытындылай  келе  айтарым,  оқу  мақсаттары  мен 

табыс  критерийлері  оқушыларға  қолжетімді  болуы  керек.  Сынып  ішінде  оны  жалпы  бүкіл 

сыныпқа немесе жеке белгілі бір оқушыға қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. 

Педагогикалық әрекеттердің негізгі қағидасы – оқушылардың дамуына мүмкіндік беру. 

Баланың  оқуы  және  дамуы  әрдайым  өзгеру  үдерісінде  жүреді.  Оқушының  оқу  дербестігін, 

жігерлігін  және  жауапкершілігіне  қол  жеткізу  үшін  баланың  бақылаушылық-бағалаушылық 

дербестігі  –  өзінің  және  өзінің  сыныптастарының  әрекетін  бағалау  және  бақылау,  оқу 

барысында  пайда  болған  қиыншылықтардың  себебін  айқындау  және  жою  икемділігіне  ие 

болу маңызды болып саналады. Бұл икемділікті Формативті бағалауды күнделікті тәжірбиеде 

қалыптастырып  жүйелі  түрде  қолдануға  болады.  Формативті  бағалаудың  жабдығы  шет 

ел  мектебіндегі  реформаторлары:  оқушылардың  қаншалықты  сәтті  оқитындығын  және 

мұғалімдердің қаншалықты жұмыс істейтініне - екі негізгі сұраққа жауап іздеп өз тиімділігін 

баяғыда дәлелдеген. Формативті бағалау үдерісі оқушылардың сәтті оқуына және мұғалімнің 


595

одан да тиімді білім беріуіне мүмкіндік береді.

Шаралардың  алуан  түрлілігі  шеңберіндегі  сыныпта  өткізілетін  формативті  бағалау 

балалардың дағдылығы мен олардың ілгерілеу туралы әділ және нақты репрезентативті бейне 

(анағұрлым сенерлігі, шартта фактілердің бейнеленуі) береді. Формативті бағалау оқушының 

оқу жетістіктерін сапалы бағалауға мүмкіндік береді. 

Бұл бақылау, нақты жағдайларды бейнелеу, күнделіктерді сараптау, оқушының шынайы 

жұмысының үлгісі, сұхбат, портфолио, тапсырмалар және басқа да тәсілдермен құжатталып 

тұрақты  және  жүйелі  тұрғыда  өткізіледі  және  оқудың  шынайы  және  маңызды  тәжірбиесін 

бейнелейді. Формативті бағалау оқушы үшін маңызды, себебі оқушы өз алдына оқу мақсатын 

қоюды,  өзінің  әрекеттері  мен  жетістіктерін  бағалау  және  шешу  амалдарын  табуды  үйренуі 

тиіс. Формативті бағалау мұғалім мен оқушы арасында тиімді кері байланысты қамтамасыз 

етеді. Сонымен бірге, мұғалім оқушылардың оқу материалдарын меңгеру деңгейі туралы әділ 

ақпаратты қабылдап, оқушылардың оқудағы жетіспеушіліктер мен кемшіліктерді уақытында 

айқындайды. Берілген бағалаудың түрі балалардың дамуының жас ерекшеліктерінің қатынасына 

жатады.  Формативті  бағалау  әрбір  оқушымен  жұмыс  жасау,  оқушылардың  жетістіктерін 

айқындау  және  дағдылардың,  ептілігінің  қалыптасу  деңгейін  айқындауға,  сонымен  қатар 

оқушының ынтасы мен қабілеттілігін есепке ала отырып, баланың өсуіне мүмкіндік беретін 

әрбір баланың жетістігін әділ және нақты бағалауына бағытталған. Мұғалім қағидалы түрде 

бағалау  тәртібін  және  өзінің  позициясын  өзгертіп:  біртіндеп  оқушының  әрекетін  бағалау 

ықыласын баланың өзіне беру арқылы бағалауды бірлескен әрекет ретінде ұйымдастырады.

Әдебиеттер тізімі

1.  Guskey T.R. (2003). How classroom assessments improve learning. Educational Leadership, 

60 (5) 6-11.

2.  Айтпукешев  А.Т.,  Кусаинов  Г.М.,  Сагинов  К.М.  Формативное  и  суммативное 

оценивание  результатов  обучения:  Методическое  пособие  –  Астана:  Центр 

педагогического мастерства, 2014. – 108 с.

3.  Александер Р. (2001) Культура и педагогика. Издательство «Wiley-Blackwell».

4.  Бенетт  Р.  (2009).  Преобразование  оценки  K-12:  Интеграция  тестирования, 

ответственности,  формативного  оценивания  и  профессиональной  поддержки//  В  

Уайете-Смите, Дж. Дж. Камминге (Ред.), Образовательное оценивание в 21-м веке 

(с.43-62). Дордрехт: Спрингер.

5.  Бисенова  А.Б.  Оценивание  для  обучения  и  оценивание  обучения//Электронный 

ресурс: 

http://pedagog.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1299: 

q-q&catid=55:2012-04-18-06-56-26&Itemid=92.

6.  Блэк П., Уильям Д. (1989). Оценивание и обучение в классе, оценивание в образовании: 

принципы, политика и практика / Assessment and Classroom  Learning, Assessment in 

Education: Principles, Policy and Practice. 5 (1): 5–75.

7.  Блэк  П.,  Уильям  Д.  (1998)  Внутри  черного  ящика:  повышение  стандартов  через 

оценки в классе / Inside the black box: raising standards through classroom assessment. 

King`s College London, School of Education.

8.  Булатова И.К. Развитие навыков самооценки учащихся при формативном  оценивании//

Электронный ресурс: centre.ipksko.kz/index.php/kz/izdeu-sheshim- tzhiribe?id=129.

9.  Валдвин  Т.,  Форд  Дж.  (1988).  Передача  обучения:  обзор  и  направления  будущих 

исследований / Transfer of training: A review and directions for future research.  

Personnel Review, 26(3), 201-213.

10. Вульф А. (1995). Competence-Based Assessment. Maidenhead: Open University Press.


596

5

11. Группа  Реформы  Оценивания  (2002).  Оценивание  для  обучения:    10  принципов, 

Кембриджский университет, факультет образования.

12. Густафсон К., Брэнч Р. (1997). Обзор учебных моделей развития / Survey of instructional 

development  models  (3rd  ed.).  Syracuse,  NY:  ERIC  Clearinghouse  on  Information  and 

Technology.

13. Концепция  внедрения  системы  критериального  оценивания  учебных    достижений 

учащихся  Автономной  организации  образования  «Назарбаев    Интеллектуальные 

школы».  –  Астана:  Автономная  организация  образования    «Назарбаев 

Интеллектуальные школы», 2012. – 8 с.

14. Магер  Р.Ф.  (1962).  Подготовка  цели  программированного  обучения  /Preparing 

objectives for programmed instruction. – San-Francisco, CA: Fearon Publishers.

15. Маргарет Н. Формирующая оценка: то, что происходит в классе / Formative  assessment: 

making it happen in the classroom / H. Margaret Heritage.

16. Оценивание  учебных  достижений  учащихся.  Методическое  руководство/  Сост. 

Р.Х.Шакуров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина. – Б.: «Билим», 2012. – 80 с.



ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ» ТАҚЫРЫБЫН ӨТКЕНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ КЕЙБІР 

ЖОЛДАРЫ

Оспанова Е. Е., Аманбаева М.К.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 

Қызылорда қаласы 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ



Аңдатпа

Бұл  мақалада  физиканың    жылу  бөлімін  оқытудағы  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығы  дамыту  мәселелері  қарастырылады.  Графиктерді  оқыту  арқылы  физикалық 

процесстерді  түсіну  және  шығармашыл  ойлау  қабілеттерін  дамытуға  аса  көңіл  бөлген.  

Мақалада  физика  мен  математика  арасындағы  пән  аралық  байланыста  көрініс  тапқан.  Бір  

графикке берілген есепті талдау барысында білу, түсіну, математикалық сауаттылық, қолдану 

және  талдау  сияқты  дағдыларды  дамыту  жолдары  қарастырылған.  Бұл  дағдылар  Қазақстан 

Республикасындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  физика  пәнін  оқытудағы  негізгі 

факторардың  бірі  болып  табылады.        Авторлар  оқыту  тәжірибесін  қортындылай    келе 

графиктерді талдау арқылы пәндік сауаттылығын дамытады және олардың алған білімдерін  

қоғамдық-кәсіптік    қызметтің  түрлі  салаларында      қолдана  алу  мүмкіндігі  артады      деген 

қорытындыға келеді.



Аннотация 

В  данной  статье  рассматривается    вопрос  о  проблемах  функциональной  грамотности 

в преподавании физики в частности, раздела  тепловой физики. Основное внимание авторы 

акцентируют на формирование у учащихся творческого мышления и способноти понимания 

физических  процессов  посредством  чтения  графиков.  Работа  имеет  междисциплинарный 

характер  и  написан    в  интеграции  предметов    физики  и  математики.  Поэтому  в  статье 

на  примере  одного  графика  раскрываются  вопросы  знания,  понимания,  математической 

грамотности и анализа - что является ключевым фактором в преподавании физики в Назарбаев 



597

Интеллектуальных школах Республики Казахстан. Обобщая практический опыт в преподавании 

физики, авторы приходят к выводу о том, что учащийся приобретая графическую грамотность 

и  саморегулируя  свои  знания,  может  найти  применение  этих  знаний  в  различных  сферах  

общественно-производственной  деятельности.

 Abstract

This  article  discusses  the  problems  of  functional  Literacy  related  to  teaching  physics  in 

particular areas of the subject. The authors focus their attention on the formation of students’ creative 

thinking and understanding of the physical processes by their ability to read information on graphics. 

This work has an interdisciplinary character and was written combining the specifications of physics 

and mathematics. Therefore, the article on the example of the graph presents issues of knowledge, 

understanding, mathematical literacy and analysis - that is the key factor in the teaching of physics 

at Nazarbayev Intellectual Schools in Kazahstan. In summarizing the experience of the teaching of 

physics the authors conclude that the students acquire a graphical literacy using self-regulation and 

their knowledge can be applied to various spheres of public activity. 



 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп 

оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау 

жөнінде нақты міндет қойды [1]. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 

50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық 

міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім 

қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын 

тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп 

отыр [2]. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген 

функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмір де тиімді қолдануға 

үйрету.  Со нымен  қатар,  ол  орта  білім  жүйесінің  парадигмасын  түбе гейлі  өзгертудің  негізі 

болып табылады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында 

білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы 

білім  беретін  мектептерде  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  ел  азаматын 

қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы 

қажеттіліктерін қанағаттандыру деп айқын көрсетілген [3].

  Бұл  –  дәстүрлі  мектеп  мо делінен  рационалды  модельге,  әрі  қарай  феноменальді  мо-

дельге «үш адым» ілгері ат тау дегенді білдіреді. Осы мақ сатқа қол жет кізу арқылы Қазақстан 

Республикасының орта білім беру саласындағы басым бағыттарын әлемдік білім беруді дамыту 

үдерістерімен  сәйкестендірілуі  мақсатында  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

(ОФС) дамыту өзекті мәселе ретінде күн тәртібіне қойылып отыр [4,5].

Физика  пәнінен оқыту барысында қалыптастырылуы тиіс деп күтілетін «функционалдық 

сауаттылық»    білім  алудың  басқа  салаларыменде  байланысын  төмендегі  модельден  көруге 

болады (1-сурет).

   


598

5

1 сурет


Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  -  күрделі,  көп  қырлы,  ұзақ  мерзімді 

процесс. Қажетті нәтижелерге  шебер, парасатты қазіргі заманғы білім беру технологияларын 

түрлі оқыту арқылы қол жеткізе аламыз.

Бүгінгі  күні,  жеке  тұлғаның  негізгі  функционалдық  қасиеттері  шығармашылық, 

шығармашылық ойлауға және кәсіби жолын таңдауға мүмкіндігі бар және өмір бойы оқуға 

дайын қасиеттерін дамытады. Оқушының   функционалдық дағдылары мектепте қалыптасады.

Сауаттылық дегеніміз не? Сауаттылық - мәтіндік ақпаратты қабылдау және беру арқылы 

танымдық  іс-әрекетінің  негізгі  әдістерін  қолдана  білу  деңгейі.  Оқыту    нәтижелері  білім 

алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың ең маңызды әсері болып табылады. 

Функционалдық  сауаттылықтың тұжырымдамасы кең мағынада -   осы мектеп   ішінде білім 

алушылардың қол жеткізуге болатын  білім деңгейі болып табылады және осы алған білім 

негіздерін      өмірдің  стандартты  және  стандартты  емес  жағдайларды  шешуге  пайдаланады,  

адамның қабілетіне сай алған білімдерін   қызмет саласында, яғни әлеуметтендіру.

Функционалдық    сауаттылық      -  ХХІ  ғасырдың  өзекті  мәселесі.  Ағымдағы  кезеңде 

ақпарат  ағыны  геометриялық  прогрессиямен  ұлғайуда  және  білім  беру  салаларындағы 

технологияландыру  тарихи  дамуымен  сипатталады.  Осының  бәрі,  әрине,  көп  ұзамай  түрлі 

жүйелер  жұмысына  өндірістік  және  әлеуметтік  қарым-қатынастарды  қосады,  адамның 

сауаттылығы  мен  білім  деңгейіне  қойылатын  арнайы  талаптар  жасайды.    Соның  ішінде 

ақпараттық сауаттылыққа тоқталайық: 

•  кітаптар, анықтамалықтар, энциклопедиялар, кестелер тиісті ақпаратты тауып, таңдау.

•  сызбалар, схемалар, графиктер Read, ақпаратты жүйелендіру жүзеге асыру.

•  егжей-тегжейлі-тақырыптық  ақпарат,  БАҚ  (газеттер,  журналдар,  радио,  теледидар) 

Интернет желісін пайдалану [6].

Физика  сабағында  оқушының  функционалдық  сауаттылығын  арттырудың  бір  жолы 

–  оқу  бағдарламаларында  графиктер  мен  сызбаларды  оқи  алуы,  оларға  талдау  жасай  алуы, 

өзара  салыстыру  арқылы  қорытынды  жасауы.  Тақырып  бойынша  графиктер  мен  сызбалар 

физиканың  барлық  бөлімдерінде  кездеседі.  Графиктер  мен  сызбаларды  талдау  барысында 

оқушы бірнеше функционалдық сауаттылықты қамтиды. 

Графиктердегі  шамалар  арасындағы  тәуелділіктерді  білу,  оларды  график  салуда 

координата өсі бойына белгілей алу, өлшем бірліктерін жазу, талдау жасау барысында оқушы 



599

өзінің  білу,  салыстыру,  қорытынды  жасау,  математикалық  сауаттылығын,  ақпаратты  өңдеу, 

керектісін  таңдай  алу  және  оны  қолдану  сияқты  бірқатар  сауаттылықты  іске  асырады  [4]. 

Графиктер  арқылы  физикалық  процесстерді  зерттеу  маңызды.  Графиктің  көлбеулігін    табу 

арқылы  градиент  және  интертерсептті  анықтауға  болады.  Бұл  білімді  оқушы  жоғарғы  оқу 

орындарында білім алу кезеңінде қолданады.

Мысалы: 8 сынып «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша «Заттың үш күйінің графигін» 

зерттеуге  арналған үлестірмелі тапсырманы талдап көрелік.

Фаза ұғымы 8 сыныпта заттың үш күйі туралы өткен кезде де кездеседі. Бұл фазалалық 

ауысуды   оқушылардың  түсінуі үшін күрделі. Егер заттың үш күйінің ауысыуын графикпен 

берсе,  біршама  түсінікті  болар  еді.  Мысалы,  интернет  рессурстарды  пайдалана  отырып 

төмендегі график арқылы  «Жылу құбылыстары » тарауы бойынша алған білімдерін пайдалана 

алу деңгейін анықтауға болады. Мысалы: массасы 1 кг мұзды қыздырып  және балқыту, онан 

пайда болған суды  қыздырып, буландыру графигі берілген.  Берілген бөліктері  уақытқа сай 

қандай құбылыстарға  сәйкес келеді және бұл бөліктерде  су молекулаларының кинетикалық 

энергиясы қалай өзгереді, қанша жылу мөлшері қажет? –деген сұрақтарға жауап беру арқылы 

оқушының тақырып бойынша функционалдық сауаттылығын арттыруға болады.  

Оқушы  тапсырманы  орындау  барысында  жылу  балансының  теңдеуін,  балқу  жылуы, 

булану жылуы формулаларын қолданады, балқу, булану температураларын біледі, зат күйінің 

бір күйден екіншісіне өту кезінде температураның тұрақты болу себептерін түсінеді-бұл кезде 

денеге берілген жылу заттың кристалдық торын бұзуға жұмсалатынын біледі.

1.  Графиктен  ОХ координата  осі   қандай физикалық шаманы анықтайды?

2.  1 ккал-мен берілген  энергияны Дж-мен өрнекте   (1 ккал=4184 Дж)

3.  Графиктен  ОУ координата осі бойынша бөлік құнын анықта: 

 

C

t

0

0



20

;



4.  Графиктен дененің бастапқы температурасын анықта 

 

C



t

0

0



40



;   

5.  Графиктен температурасы тұрақты болатын аралықтарды анықтаңыз? (20-100 ккал, 

200-750 ккал)

6.  Бұл аралықтар қандай процесске сәйкес келеді? (балқу, қайнау)

7.  Бұл  аралықтарда  денеге  берілген  жылу    энергиясы  қайда  жұмсалып  жатыр?  

(балқу  кезінде  –қатты  дененің  кристалдық  торын  бұзуға,  қайнау  кезінде-сұйық 

молекулаларының тартылыс күшін  жеңуге)


600



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет