5
4. Муздыбаев К. Психология ответственности. - М., 1983. - 240 с.
5. Хекхаузен Х. Агрессия // Мотивация и деятельность. - М., 1986. - Т.1. - С. 365-405.
6. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. - М.: Изд-во
МГУ, 1984. - 104 с.
7. Моделирование воспитательных систем: теория - практика / Под ред. Л. И. Новиковой,
H. Л. Селивановой. — M., 1995.
КОМАНДАЛЫҚ ОҚЫТУ-БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СЕРПІЛІС
Нуржанова Д.К., Е.Bullock
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: командалық оқыту- командное преподавание - team teaching; дәстүрлі
командалық оқыту- традиционное командное преподование-Traditional Team Teaching;
бірлескен командалық оқыту- совместное командное преподование - Сollaborative Teaching;
көмекші командалық оқыту- поддерживающее командное преподование - Complimentary /
Supportive Team Teaching; параллель құрылым- параллельное строение - Parallel Instruction;
дифференцияциаланған сынып- дифференцированный класс - Differentiated Split Class; мұғалім
бақылаушы – учитель мониторинг - Monitoring Teacher.
Аңдатпа
Бұл мақаланың мақсаты – Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі химия
пәнінен өткізілген командалық оқытудың іске асырылуын, оның тиімділігі мен қиындықтарын
қарастыру. Командалық оқыту әдісі салыстырмалы түрде жаңа әдіс және бұл мақала
командалық оқытуды бастап жатқан немесе командалық оқытуды игерген, бірақ нәтижелі түрде
өткізуді қалайтын ұстаздарға қиындықтарды жеңуде тиімді жолдарын ұсынуға тырысады. Ол
үшін алдымен командалық оқытудың екі жылда қалай өткізілгеніне жалпы шолу жүргізілді,
яғни химия бірлестігінің оқытушыларынан командалық оқытудың артықшылықтары және
кемшіл тұстары туралы сауалнамаға жауап алынды. Алынған жауап бойынша талдау жасалып,
командалық жұмысты жақсартуға ұсыныстар жинақталды, мысал ретінде командалық сабақ
берудің мүмкіндіктері келтірілді. Нәтижесінде, қиындықтардың әрқашан да кездесетіндігіне
қарамастан, тілдік қарым – қатынас жақсарғандығы туралы айтылған. Ең алдымен біздің өз-
өзімізді үздіксіз дамытуымыз оқушыларымыз үшін қажетті шарт екені есте болған жөн.
Аннотация
Целью этой статьи является обзор реализации, преимуществ и проблем командного
обучения на уроках химии в Назарбаев Интеллектуальной школе города Атырау. Командное
преподавание является относительно новым методом и данная статья может быть полезна как
тем, у кого он вызывает интерес, так для тех кто стремиться улучшить свои результаты по
данному методу, так как здесь предлагаются эффективные пути решения проблем. Для этого
рассматривался общий обзор по внедрению командного преподавания в течении двух лет по
результатам анкетирования учителей с указанием преимуществ и недостатков этого метода. Из
полученных данных представлен анализ и составлены предложения с приведением возможных
примеров по улучшению командного преподавания. В итоге указано , что преодолением всех
573
проблем может быть хорошо выстроенные взаимоотношения и улучшение языковых навыков,
необходимые саморазвития, что безусловно ведет к непрерывному развитию и прорыву вперед
наших учащихся.
Abstract
The purpose of this article is a review of the implementation, benefits and challenges of team
teaching in the Chemistry department of NIS Atyrau. Team teaching is relatively new and this article
endeavors to give those looking a implementing team teaching or those already team teaching
but looking to improve their results a summary of benefits and challenges that they may see and
possible suggestions to avoid these same issues. The first phase was outlining how team teaching
was completed in the first two years; interviewing various members of the department about the
differences and the advantages and disadvantages of each. The second phase was the analysis and the
compilation of proposals for the improvement of team teaching in; an example of what the team was
able to accomplish was also included. In summary there will always be obstacles; language can be
improved and relationship be built but we must continue to go forward for our students.
Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында да, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде
де және жоғары білім беру жүйелеріне бағытталған қандай реформа болмасын ол мұғалім,
оқытушы арқылы жүзеге асады. Бүгінде ұстаз қасиетті міндетін атқара отырып, білім беруді
одан әрі ізгілендіру, жеке тұлғаны қалыптастыруда озық, жаңғыртылған әдістемелік жүйені
меңгеру, әлемдік білім беру кеңістігіндегі ел дамуына оңтайлы ізгі қадамдарды игеру сияқты
жаңа талаптарға сәйкес істерді жүзеге асыруға бет бұрды. Реформаны жүзеге асыру әрбір
ұстаздың басты міндеті. Сондай міндеттердің бірі ретінде командалық оқыту әдістемесін
қолданудағы өз тәжірибемізді оқырман және ұстаздар қауымымен ортаға салып, бөліскелі
отырмыз [1]. Командалық оқытуың көптеген анықтамалары бар. Ең қарапайымы-“ екі немесе
одан да көп ұстаздардың бір уақытта сабақты беруі. Ұстаздар бір-бірімен тығыз байланыста
тырысып жұмыстануы.” [2].
Гоетз (2015) белгілі екі түрді – А және В түрлерін ұсынды. Гоетз А тобында бірнеше
оқыту түрлерін қарастырса, Маруни (1995) соларды жан-жақты талқылаған. Робинсон және
Шаибл (1995) командалық оқытудың алты моделін анықтаған [3].
Дәстүрлі командалық оқыту: бұл жағдайда бір мұғалім жаңа сабақты түсіндірсе, екінші
мұғалім оқушылардың мұғалімнің түсіндіруін қалай қабылдап жатырғандарын концептуальды
картаға түсіріп отырады [3].
Бірлескен командалық оқыту: бұл жағдайда командадағы мұғалімдер қарапайым
монолог түрінде емес, білім алмасу, талқылау арқылы сабақ жүргізу. Оқушылар шағын
топтарда жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады [3].
Көмекші командалық оқыту: бұл жағдайда бір мұғалім оқушыларға не берілу
керектігінің мазмұнын анықтаса, екінші мұғалім сол бойынша жасалатын іс – әрекеттер мен
дағдыларды қарастырады [3].
Параллель құрылым: бұл жағдайда сынып екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі мұғалім
жауапты болады [3] .
Дифференцияциаланған сынып: бұл жағдайда оқушылардың деңгейлері бойынша
сынып өте кіші топтарға бөлініп оқытылады. Бір мұғалім қабылдауы жоғары тез түсінетін
оқушылармен жұмыс жасаса, келесісі жәй қабылдайтын оқушылармен қосымша түсіндірулер
жүргізіп отырады [3].
Мұғалім бақылаушы: бұл жағдайда бір мұғалім сыныптағы оқуға жауап берсе, келесі
мұғалім оқушылардың түсінуі мен өздерін сыныпта ұстауларын қадағалайды [3].
574
5
Командалық оқытуға оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағытталған,
қайталанатын және ұйымдасқан түрде білім беру кіреді. Мұғалімдер бірлесе отырып, сабақ
жоспарларын құрып, оқушыларды оқытып және нәтижелерін бағалайды. Олар сабаққа қатысты
өз идеяларымен бір – бірімен бөлісіп, кеңесіп, бір шешімге келеді. Команданы сонымен қатар
бірдей пән мұғалімдерінен, әр түрлі пән мұғалімдерінен немесе әр мектеп мұғалімдерінен,
жаңа мұғалімдер мен тәжірибелі мұғалімдерден құруға болады. Командадағы мұғалімдер
бірлесе отырып, оқу мақсаты мен тізбектелген сабақ жоспарларын құрады. Ол үшін қажетті
материалдарды, ресурстарды өз бетінше тауып, бір- бірімен бөлісіп, тиімдісін таңдап алады.
Материалдарды берудің реттілігін шығарады [3].
Атырау Назарбаев Зияткерлік мектебінің жалпы білім беру мектептерінен бірден –
бір ерекшелігі командалық оқытудың жүзеге асырылуы. Сондай командалық оқыту химия
бірлестігінде де жүзеге асырылып келеді. Сол екі жылдық командалық оқытуда бірлестіктегі
мұғалімдердің кәсіби дамуына командалық оқытудың үлесін білу мақсатында сауалнама
жүргізілді. Бұл сауалнамада командалық оқыту дегенді сіз қалай түсінесіз, айырмашылықтары
мен кемшіліктері қандай және қай оқу жылында командалық оқыту сіз үшін тиімді болды
деген сұрақтар қойылды.
Сауалнама нәтижесіне сәйкес алғаш ашылған жылы ұжымысызға халықаралық мұғалім
қосылуына байланысты, химия бірлестігі мүмкіндігінше барлық сабақтарды халықаралық
мұғаліммен өткізуге тырысты. Сабақтар мен мұғалімдерге көңіл бөлінді, оқушылардың
барлығын да қамту қарастырылды. Сол жылы барлық мұғалімдердің халықаралық
мұғаліммен бірігіп жұмыс жасауына жағдай жасалынды, өйткені барлығымыз да Кембридж
бағдарламасымен бірінші рет таныс болды. Осы оқу жылы бірлестік барлық айтылған
командалық оқытудың дәстүрлі, күрделенген, көмекші командалық оқыту, мұғалім бақылаушы
түрлерімен айналысты. Екінші оқу жылында химия бірлестігінде екі халықаралық оқытушы
болды. Мектеп әкімшілігінің шешімімен жоғарғы сыныптарды халықаралық емтихандарға
дайындауға және бағдарламаның күрделілігін ескере отырып, жоғарғы сыныпқа сабақ
беретін жергілікті мұғалімдермен командалық сабақ беруге бекітілген болатын. Бұл шешім
халықаралық мұғалімдер мен жергілікті мұғалімдердің ұзақ мерзімге командалық оқытуды
жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Халықаралық оқытушы жергілікті ұстазбен ең аз дегенде
екі тоқсанға және оқу жылының басынан аяғына дейін жұмыстанды. Нәтижесінде сынып
оқушылары мен мұғалімдер арасындағы кедергі азайып, оқушылар еркін екі тілде өз ойларын
жеткізе алды және де ұзақ уақыт бірге жұмыс жасау барысында мұғалімдер бір – бірінің әлсіз
және күшті жақтарын тәжірибе алмаса отырып, толықтыруға мүмкіндік берді.
Алғашқы оқу жылындағы командалық оқытуға тоқталатын болсақ, өзіндік жетістіктері
мен кемшіліктері кездесті. Барлық жергілікті мұғалімдер халықаралық мұғаліммен командалық
білім беруге жұмылдырылды. Жергілікті мұғалімдер «командалық оқыту деген не?», «Ол нені
қажет етеді?»- деген көкейіндегі сұрақтарға өзіндік жауаптарын ала алды.
Сонымен бірге бұл
командалық оқыту әр мұғалім жаңалық болды, сондықтан жетістіктерінен гөрі кемшіліктері
басымырақ. Ең алдымен мұғалімнің сыныпты тағы басқа мұғаліммен бөлісуі үйреншіксіз
құбылыс болғаны, мұғалімдер де, оқушылар да алғашында сыныпта өздерін ынғайсыз сезінді,
өйткені оқушылар да бір сыныптың ішінде екі мұғалімнің бір сабақты бергенін бұрын соңды
көрмеген болатын. Сондықтан оқушылар мен мұғалімдердің бұл оқу түріне үйренулеріне
уақыт кетті.
Халықаралық мұғалімдер үшін оқушылардың аттарын тоқсан сайын жаттау қиын
болды және бұл оларды оқу үдерісінен және сыныпты басқарудан көңілдерін бөлді. Келесі
кемшілік тілдегі қиындықтар мен уақыт жетіспеушілігі болды, яғни тілдің толық меңгерілмеуі
мұғалім жағынан, сабақ жоспарлау кезінде бір – бірімізді толықтай түсінбеуге әкеліп соқты,
ол кездерде «translate.google.ru» жүгініп отырдық, ал сабақ өтіп жатқан кезде ондай көмекші
575
құралдарға жүгініп тұру уақыт алатындықтан бір – біріміздің не айтып жатырған кездерімізді
түсінбей қалып жаттық. Жалпы пәндік біліміміз бізге аздап болса да түсініп сөйлемдерді өз
бетімізше толықтырып алып тығырықтан шығуға көмектесті, алдын ала сабақты жоспарлау
кезінде барлық іс – әрекеттер талқыланып бөлініп қойған соң бір – біріміздің не айтып
жатқанымыздың сұлбасы көз алдымызда болатын болды. Оқушылардың сөйлеу дағдыларының
дамымағандықтары кедергі келтірді. Сыныпта оқушылардың дайындық деңгейінің әртүрлілігі
де қиындық әкелді. Сонымен бірге кейбір оқушылар мұғалімнің айтқанын түсінсе, кейбірі
түсінбей жатты. Бұл сабақтың уақытын алды және екі мұғалімге де жағымсыз әсер етті.
Халықаралық мұғалімнің сөзі жергілікті мұғалімнің немесе оқушының аудармасын қажет етті.
Жаңадан келген мұғаліммен қарым-қатынас құру үшін біршама уақыт керек. Назарбаев
Зияткерлік мектебі жаңа ұжымы бар жаңа мектеп. Бір жылдың ішінде әрине бірін - бірі терең
танып білу үшін уақыт аз болды .
Бірінші оқу жылының жоғарыда аталып өткен қиыншылықтарынан өткен мұғалімдер
келесі оқу жылына «SMART» мақсаттарды алдына қоя білді. Соның нәтижесінде алғашқы оқу
жылымен салыстырғанда екінші оқу жылында әр мұғалімнің командалық оқыту әдістемесінде
айтарлықтай артықшылықтары көбірек байқалды. Жоғарыда айтып өткендей екінші оқу
жылында халықаралық мұғалімнің жергілікті мұғалімге ұзақ мерзімді бекітілуі шетелдік
әріптесімізге сыныптағы оқушыларды жақын танып – білуіне мүмкіндік берді, әр оқушының әр
түрлі әдістерді меңгеруіне әсер етті. Осы артықшылықтар жоспарлау кезінде жақсы түсінісуге
өз ықпалын тигізді. Мұғалімнің оқыту тәсілдері мен оқушыларды жақсырақ танып білуі,
бірігіп сабақты жоспарлауы, сабақтың нәтижелі болуына, мұғалімдердің әдістемелер бойынша
ой бөлісуіне жағдай жасады. Барлығын қосқанда, командалық оқыту оқу бағдарламасының
тапсырмасынан гөрі тәжірибе алмасуға әсер етті. Тілдік қарым-қатынас жыл бойы жақсарып,
жергілікті мұғалімнің де, оқушының да ағылшын тілі жаттықты. Халықаралық мұғалім
командалық сабақ беретін сыныптарда оқушылардың тілдік дағдыларының дамығандығын
анықтады, бұны жергілікті мұғалімдерге де қатысты айтуға болады. Қарым-қатынас пен
түсіністік мұғалімдерді жаңа әдістемелерді іздестіруге итермеледі. Мұғалімдер кіріктірілген
сабақтарды, пікірталас өкізуге, қалыптастырушы бағалаудың жаңа түрлерін, топқа бөлуде
жаңа идеялар мен сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, тәжірибелік жұмыс түрлерін
өткізуге түрлі әдістемелік әдіс – тәсілдермен бөлісті. Жалпы мұғалімдер өз бетімен ізденуге
және оқушыны қатыстыруға арналған жаттығуларды іздестіруге жұмыстанды. Атап айтсақ,
мұғалімдер заман талабына сай білім беру үшін ағылшын оқулықтарын оқып, ағылшын
сайттарынан бейнекөрсетілім, презентацияларды алып қолдана бастады.
Ұстаздар оқушылардың оқуды меңгеруін басқаруды тоқтатты, бұл білім алудың негізгі
ойы болып табылады. Мысал ретінде тоғызыншы сынып оқушыларымен бірге Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университет түлектеріне арнап өткізілген ашық сабақты
айтуға болды. Бұл сабақты жоспарлау барысында шетелдік әріптесіммен бірігіп, дәстүрлі
емес сыныптан тыс сабақ өткізуді мақсат етілді. Осы мақсатта 9 сынып бағдарламасынан
«Радиохимия» тарауын қайталау үшін мектеп дәлізінде «Боулинг» ойнату арқылы командалық
өткізуді жоспарладық. Жоспарлау кезінде шетелдік әріптесім оқушыларды дифференциалды
оқыту үшін боулинг бөтелгелерінің сыртына түрлі түсті қағаздарды жабыстырып, сәйкесінше
тапсырмалар беруді ұсынды. Жеңілден күрделіге қарай сұрақтарды бірлесе отырып
құрастырды. Сұрақтарды видео, қималар, кестелер түрінде құрастырдық. Үш тұғырлы білім
беру саясатын дамыту мақсатында сабақты жоспарына тарауға байланысьы терминдермен
жұмыс жасау үшін «сөзді тап!» ойынын ұсындым, бұл әріптесімнің де ойынан шықты, осы
терминдермен жұмыс жасау кезінде топ оқушыларының жауабын алу үшін шетелдік әріптесім
дыбыс шығарғыш балалар ойыншығын қолдану туралы идея берді. Сабақты қорындылау
576
5
бөлімінде екеуміз бірлесе отырып, смайликтермен кері байланыс жасауды ұйғардық. Сонымен
қатар сабақ жоспарлау кезінде «бірлескен командалық оқыту» әдістемесін қолдана отырып,
сабақтың әр кезеңін өзара бөлістік, мысалы алғашқы минуттарында топқа бөлу және боулинг
ойыны кезіндегі берілген тапсырмалардың оқыту тіліне қарай әріптесіміз екеуміздің рөліміз
алмасып отырылатын болып шешілді. Шетелдік әріптесім командалық оқытудың «мұғалім
бақылаушы» әдісін қолдануды ұсынып, сабақ барысында сәйкесінше қызмет атқаруға келісті.
Сабақ өту барысында жоспарға сай сабақ жүзеге асырылды. Жоспарланғанымыздай сабақтың
әр кезеңдерінде әр қайсымызға берілген міндеттерімізді атқарып, оқу процесі кезінде шағын
ғана пайда болған кедергілерде бір – бірімізге көмек көрсетіп отырдық. Бұл сабақтың
ерекшелігі оқушылар сабақтың көп уақытын өздері жүргізді. Біздер оқушылардың өз бетінше
білім алуларына бағыт – бағдар берілді.
Дегенмен де аз да болса да командалық оқу туралы өз тәжірибемізді толықтыру
қажеттілігі сезіледі. Жаңа Кембридж оқу бағдарламасымен жұмыс жасамаған мұғалімдер
халықаралық мұғаліммен жұмыстанбады. Мұғалімдер бірге сабақ өткізуге келіскенімен
уақыт жетіспеушілігі кедергі болды. Мұғалімдер бір-бірінің оқыту әдістерін үйреніп жатқаны
кертартпалылыққа әкелді. Бір мұғалім өте қатаң болғысы келсе, екіншісі өте мейірімді болып
сыныпта қандай тәртіп орнату керектігі жөнінде сұрақ пайда болды. Бұл оқытушының тек
жоспарлауды ғана емес, оқыту әдістемесіне де өзгеріс әкелуін қажет етеді. Мағынаны түсінуде
қателіктер болуы мүмкін, жаңа оқу бағдарламасы халықаралық және жергілікті мұғалімдерге
қиындық келтіруі мүмкін және бір мұғалімнің ойын екінші мұғалім қолдамай, келіспеушілікке
соқтырады. Қорытындылай келе, командалық оқыту көп жұмыстануды қажет етеді, сабақ
жүрісін талқылау және шешімді қабылдау көп уақытты алатынын ескеру керек. Командалық
оқыту барлығына уақыт бөлуді талап етеді, мысалы, тапсырманы талқылауға, сабақтан кері
байланыс алуға, тіпті оқушылар ағылшын тілін түсінбеген жағдайда да ойлануға уақыт беруді
қажет етеді, себебі бірін-бірі түсінбеген жағдайда мұғалім мен оқушы жолдың екі жағында
тұрғандай сезінді. Топта екі ұстаздың түрлі салада зерттеу жүргізе алуы оқушыларды жан-
жақты ақпаратпен қамтамасыз ете аламыз дегенді білдірді. Оқыту әдістерінің әр түрлі болуы
көп оқушыны қамтуға мүмкіндік берді және бұрын үлгерімі төмен оқушылардың дағдыларын
жақсартуға көмектесті. Екі мұғалім де өздерінің білімдерін осы арқылы жоғарылатады,
екінші мұғалімнің көзқарасымен танысу өзін дамытуға әсер етеді. Оқу мақсаттарын бірге
таңдау кәсіби дамудың бастапқы сатысы деп есептеледі. Біз өзіміз үшін жауапкершілікке,
шығармашылыққа, ұйымшылдыққа негізделген ортаны жасадық. Бұл оқушылар үшін өте
жақсы үлгі деп есептеледі, себебі біз олардың өзара пікір алмасуын, жаңа әдістер мен талқылау,
пікірталас пен сұрақтар қоюын талап еттік.
Командалық оқытуды іске асыру Атырау Назарбаев мектебінің химия бірлестігі үшін үлкен
бастама болды. Алдағы уақытта да мектеп дамып, командалық оқыту сабақта қолданылатын
болады. Сабақ жоспарымен бөлісу және бірігіп жұмыс жасау мұғалімдер арасында мықты
байланыс орнатады.
Біз алдағы уақытта топпен жұмыстануды және жаңа әдістемелерді пайдаланып,
тобымыздың оқыту әдістерін орнатуды қарастырамыз. Командалық оқытуды қолға алған
ұстаздарға ескертпе - бұл барлық уақытта орындалатын нәрсе. Оқыту әдістерін үйрену және
өзара танып-білу уақытты қажет етеді. Басқа мұғалімдерге қолдау көрсет, олар да өзің сияқты
жағдайда, түсіністікпен қарауға тырыс. Оқытуды сатылап өткіз, бір әдіс барлығына бірдей
пайдалы болмауы мүмкін. Біз мұның барлығы оқушылар қауымы үшін жасалатынын естен
шығармағанымыз жөн, болашақта іске асырылатынын ұмытпауымыз керек.
577
Әдебиеттер тізімі
1. “Білім», 2015, қыркүйек. Тікелей желіде сайтында қолжетімді.
http://bilimsite.kz/ustaz/6362-kiriktirilgen-bilim-beru-bagdarlamasy.html (24.09.2015)
2. Вандербилт Университеті - Оқыту орталығы, Вандербилт университеті, 2015.
https://cft.vanderbilt.edu/guides-subpages/teamcollaborative-teaching. (25.09.2015)
3. A Peer Reviewed Journal/Volume 1, Number 4/ August 1, 2000 Perspectives on Team
Teaching /A Semester I Independent Inquiry by Karin Goetz for Dr. Michele Jacobson.
http://people.ucalgary.ca/~egallery/goetz.html (22.09.2015)
4. Gawel, J. (1997) Herzberg’s theory of motivation and Maslow’s hierarchy of needs. (ERIC
Document Reproductive Service No. ED 421 486).
5. Maroney, S. (1995) Team Teaching. [On-line]. Available: http://www.wiu.edu/users/
mfsam1/TeamTchg.html (14 October 1999)
МЕКТЕП БІЛІМІНІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖӘНЕ БІЛІМ
САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
Оразалинова Г.Н.
Мамлют қазақ мектеп-интернаты
Солтүстік Қазақстан облысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: білім, деңгейлік бағдарлама, ақпараттық-коммуникативтік технология.
Аңдатпа
Мақалада, әлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан
жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті барынша күшейте түскендігі және педагогті
толғандырған «Білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесі» жайлы айтылады. Осы мәселені
шешуде, Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша әзірленген, Қазақстан
Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының маңызды ролі
көрсетіледі. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану
арқылы білім сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдерінің
пайдаланылуы және одан әрі жетілдірілуі туралы айтылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында
ақпараттық-коммуникативтік технологияның әртүрлі әдіс-тәсілдерінің тиімді жақтарын
пайдаланып оқытуда қандай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне көз жеткізгенім
туралы сонымен қатар, оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін
арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегінің зор екендігі баяндалады.
Аннотация
В данной статье говорится о проблемах обновления содержания образования, что
волнует учителей, когда в современном мире с огромной скоростью развивается тенденция
глобализации и мировое соперничество. В решении этой проблемы важную роль, как говорится
в представленной работе, сыграли курсы повышения квалификации учителей РК, составленные
по программе Кембриджского Университета. В статье говорится об использовании элементов
информационно-коммуникативных технологий и пользе использования модернизации
обучения для повышения качества знаний учащихся. О том, каких высот может помочь
578
Достарыңызбен бөлісу: |