Образования



бет134/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   248
Байланысты:
ХАБАРШЫ (1) (1)

Кілт сөздер:денсаулық, экология, полигон, демографиялық көрсеткіштер.


Кіріспе. Экология және адам денсаулығы – қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың назарын аударған өзекті мәселе-лерідің бірі. Өнеркәсіптік өндірістің өсуі, ауыл шаруашылығын химияландыру және басқа да антропогендік процестер экологиялық тепе-теңдікке түбегейлі өзгерістер енгізілді.
Капустин Яр әскери сынақ алаңы негізінен Ресейдің Астрахань облысында орналасқанымен, Қазақстанның Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының да аумағын алып жатыр, жалпы аумағы – 0,40 млн гектар. Мұнда 11 ядролық жарылыс жасалып, 24 мың зымыран жарылды, 619 РСД-10 зымырандары жойылды. Осы аумақтарда алғашқы сынақ 20 күнге созылып, 0,2 млн. кюри құраса, екінші сынақ 9 күнге созылып 5,4 млн. кюриді құрады.
Батыс Қазақстан және Атырау облысының осындай өңірлерінің бірі "Капустин Яр", "Азғыр"сынақ және зымыран-ядролық полигонына іргелес аудандар болып табылады. "Капустин Яр"полигонның едәуір ауданы (1,5 млн. га дейін)және оның шекараларының ұзындығы Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жаңақала аудандарының, "Азғыр"ядролық полигонының(әскери шартты аты «Галит») ауданы( 0,6 млн. га) шектесетінҚұрманғазы ауданынның табиғаты менкөптеген тұрғындарының денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Ядролық жарылыстардан басқа «Азғыр» және "Капустин Яр" полигондарында 1949 жылдан бастап әскери техника ұшырылып, сынауы жүргізілген. Жауынгерлік техниканы сынау және жою кезінде атмосфераға 30 мың тоннаға жуық улы заттар шығарылды [1]. Ғарыш аппараттарының ұшырылуы нәтижесінде осы аудандардың қоршаған ортасы зымыран отынының әр түрлі ыдырау өнімдерімен, азотты қосылыстармен, ауыр металдармен және басқа да улы заттармен ластанған. Полигон алаңшаларындағы жарылыстардың нәтижесінде пайда болған жер асты кеңістіктерінде әр түрлі радиоактивті және техникалық құралдар, бұрғылау құбырларын және т.б. қалдықтарды көмген. Соның ішінде радиоактивты қалдықтар көмілген, әсіресе қауіптілігі 1-ші сыныпқа жататын цезий-137 және стронций-90.
Мәселен, полигон аймағының топырағында, мырыш ШРЕК-пен салыстырғанда 2 есе, мыс 13 есе мыс, кадмий 3 есе және кобальт 6 есеге жоғары мөлшерде кездеседі [5].
Полигон территориясында техногенді радионуклидтердің (цезий мен стронций) концентрациялары рұқсат етілген деңгейлерден 30 есе артуы анықталған. Топырақта осы радионуклидтердің мөлшері 1,7 есе артады. Үй жануарлары және өсімдік өнімдерінде ауыр металдардың концентрацияларының рұқсат етілген деңгейден арту еселігі 2 есе артқан.
Демографиялық көрсеткіштерден туу мен табиғи өсуі төмендеуімен және сәбилер өлім жітіммі жоғарлаған [2].
Өңірдегі тұрғындардың аурушылдық көрсеткіштері республикалық көрсеткіштен жоғары. Оның құрылымында жоғары болатын аурулардың деңгейіне қан айналымы жүйесі, ас қорыту органдары, жаңа түзілімді аурулар, психикалық бұзылушылық жатады.
Экологиялық қауіп-қатер мен экономикалық қызметтен болатын залалды анықтайтын сенімді сандық бағалау жоқ. Бұл мәселе арнайы зерттеулерді ұйымдастыруды талап етеді. Сандық бағалау қиын, өйткені ол үшін зардап шеккен аумақтарды картаға түсіруді ұйымдастыру және жүргізу, тиісті сараптама негізінде тікелей және жанама әсерлер мен салдарларды бағалауды талап етеді [3]. Осы уақытқа дейін "Азғыр","Капустин Яр" полигонымен шектесетін аумақтарда тұратын халықтың денсаулық жағдайы комплексті кеңейтілген зерттеуге ұшыраған жоқ. Осы аймақтар халқының денсаулық жағдайын жақсарту бойынша бұрын жүргізілген зерттеулер фрагменттік, әртүрлі сипатта болады, олар халықтың тіршілік ету ортасының нақты факторларымен байланысты емес, полигонға іргелес аудандар тұрғындарының денсаулық жағдайына полигондарды пайдаланудың әсері туралы дәлел базасы жоқ.[10,11]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет