БАТЫС ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА РАДИОАКТИВТІ ШЫҒАРЫНДЫЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Бисенгалиева А.М., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы,магистрі,
B.a.m69@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-6914-2352 Дюсегалиева Қ.О., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, магистрі
d.galia74@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-3529-948X Сайфутдинова Г.С., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің аға оқытушысы, магистрі
20051984@bk.ruhttps://orcid.org/0000-0002-7298-0912
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы, Қазақстан Республикасы
Аңдатпа. Бұл мақалада Батыс Қазақстан аймағының экологиялық проблемалары және полигонға іргелес жатқан аймақта орналасқан халықтың демографиялық сипаттамаларын салыстырып талдау жасағанда, халық денсаулығындағы жекелеген өзгерістердің кең таралғаны анықталды. Ғарыш аппараттарын ұшыру нәтижесінде осы аудандардағы қоршаған орта аққан зымыран жанармайы, азот қосылыстары, ауыр металдар және тағы да басқа улы заттар сияқты әртүрлі өнімдермен ластанған. Мақалада осы аймақтағы аудандарға қатысты экологиялық жағдайларды бағалау бойынша теориялық талдау жасалған. Батыс Қазақстан облысына қатысты Бөкейорда және Жаңақала аудандарының полигонынан техногендік ластанудың, ғарыш аппараттарын ұшыру нәтижесі әсерінен жергілікті халықтың денсаулық жағдайының өзгеруін бақылау бірінші кезектегі мәселе. Халықтың денсаулығы туралы ақпарат көздері облыстық электрондық денсаулық сақтау орталықтарынан (РЭДО), Аймақтағы денсаулық сақтау басқармаларынан, зерттелген Батыс Қазақстан өңірлерінің статистика департаменттерінен алынған деректер болды. Капустин Яр полигонына қатысты қоршаған аудандардың экологиялық жағдайын бағалау бойынша статистикалық мәліметтерге теориялық талдау жасалған. Полигонға жақын ауданының тұрғындарына демографиялық сипаттамасына салыстырмалы талдау, «Капустин Яр», "Азғыр" полигондарына іргелес жатқан аудан халқының денсаулығындағы жекелеген өзгерістердің көп таралуын анықтады.