Образования



бет202/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   248
Байланысты:
ХАБАРШЫ (1) (1)

Ключевые слова. физический эксперимент, демонстрационный эксперимент, физический практикум, маятник, резонанс


ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Құсанова Нұржамал, физика магистрі,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қазақстан Республикасы


Аңдатпа. Айналамыздағы бізді қоршап тұрғанденелер мен процестер әлемінде тұнып тұрған физикалық сыр-құпия мен таңғаларлық тамаша құбылыстар мол. Тіпті аяқ бассаң, қозғалсаң, тамақ пісірсең, ойыншықпен ойнасаң, машинамен жүрсең, сырғанақ тепсең, суда жүзсең, ән салсаң, домбыра тартсаң, бәрі физика екендігін мұғалім ешқашан естен шығармауы тиіс. Мұны оқушыларға ұқтырудың, оған сендірудің ең тиімді жолы – оларға физикалық тәжірибелер мен бақылауларды жасаттыру. Әрине мұндай тәжірибелер мен эксперименттер мұғалімнің басшылығымен ғана жүргізіледі. Физика тәжірибелік ғылым болғандықтан оның барлық заңдары мен құбылыстарының негіздері тәжірибеде жатыр. Қандай да болмасын физика ғылымы бойынша ашылған теориялық жаңалықтар, әртүрлі пайымдамалар тәжірибе жүзінде дәлелденбесе олардың ғылыми-техникалық прогресс үшін ешқандай мән мағынасы болмайды. Сондықтан әртүрлі мектептерде физиканы оқыту тәжірибені кеңінен қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек. Бұл мақалада оқу экспериментінің жүйесі оның ішінде демонстрациялық эксперимент, олардың оқу процесі үшін ерекшелігі мен маңызы талқыланады. Және де демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар айтылған.
Кілт сөздер: физикалық эксперимент, демонстрациялық эксперимент, физикалық практикум, маятник, резонанс

ҒТАХР 14.35.09 https://doi.org/10.52081/bkaku.2021.v56.i1.026


ЖОО ПӘНДІК-ТІЛДІК КІРІКТІРІЛГЕН CLIL ӘДІСІН АРНАЙЫ ПӘНДЕРДЕ ҚОЛДАНУ ҮРДІСІ


Молдабаева М.Н., жаратылыстану магистрі, оқытушы,
meruert160478@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-2845-7849
Мукашева А.С., техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушысы
almagul_m75@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-8256-0698
АнсаповА.Е., техника ғылымдарының магистрі, оқытушы
ansapov@inbox.ru, https://orcid.org/0000-0003-2845-7849


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан Республикасы


Аңдатпа. Қазіргі таңда бірнеше тілді оқыту – болашақ маманның әлем кеңістігінде жоғары самғауына жол ашатын, әлемдік деңгейдегі ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін паш етуіне үлкен мүмкіндік беретін қажеттілік. Бірнеше тілде оқыту – уақыт талабы десек, оны жүзеге асыру – оқытушылардың міндеті. Сондықтан да заманауи оқытушыларға үздіксіз көп ізденіс, білім қажет.
Берілген мақалада өткен ғасырдың өткен ғасырдың соңында Еуропада көптілді дамыту саясатының аясында әзірленген CLIL әдісінің ЖОО арнайы пәндерді оқытуда қолдану үрдісі туралы қарастырылған. Қазіргі таңда арнайы пәндерді оқытуда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың рөлі күннен-күнге артуда. Студенттердің басты құзыреттілігін, дағдыларын қалыптастыруға CLIL әдісімен (ContentLanguage Integrated Learning) өткізілген ағылшын тіліндегі сабақтарәсер етеді. Бұл әдіспен білім берудіңбасты ерекшелігі, бұл әдісте түрлі оқыту жағдайларда сабақ және оқу мақсаттарының берілген кезеңіне байланысты тілді пайдаланып, сабақты қос тілде (мемлекеттік және шетел) өткізу арқылы жүзеге асырылады.Сөйлеу дағдысын қалыптастырумен қатар CLIL әдісі оқытушыдан сабақтың өткізілуіне байланысты жаңа тәсілді, жаңа әдісті талап етеді. Оқытушы сабақ барысында тақырып материалын берген кезде, оқу жұмысын ұйымдастырғанда түрлі формаларды қолданарда студенттің шығармашылық деңгейін және жеке іс-әрекет ерекшеліктеріне назар аударғаныдұрыс. Ал бұл дегеніміз, студенттің арнайы пәнді оқуына деген қызығушылығын және ынтасын арттыратыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет