Образования



бет203/248
Дата30.09.2022
өлшемі2,01 Mb.
#40969
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   248
Байланысты:
ХАБАРШЫ (1) (1)

Кілт сөздер: CLIL, арнайы пән, оқыту құралы ретіндегі ағылшын тілі, көптілділік, құзыреттілік


Кіріспе. Қоғамның заманауи дамуы және кәсібилік деңгейіне қойылатын жаңа талаптар жоғары білім беру жүйесіне жаңа тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.
Жоғары білім беру жүйесін жаңғырту және басқарудың жаңа жүйесін енгізу түлектердің барлық мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу пайызын арттыруға ықпал етуі тиіс. Студенттердің кәсіби дайындығына инновациялық өзгерістер енгізу қажеттілігі бүгінгі таңда болашақ басшылар мен қызметкерлерден терең білім ғана емес, сонымен қатар тез арада жаңа білім алу және оларды өз қызметі мен бағыныштылардың қызметін жобалау үшін пайдалану қажет. Осының барлығы оқытудың ең тиімді түрлерін, әдістері мен технологияларын іздеу қажеттілігін талап етеді[1, 68 бет].
Зерттеу материалдары мен әдістемесі. Қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесі жоғары білімді, интеллектуалды дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Шет тілін білу еңбек нарығында маманның бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттырады және осылайша халықаралық мобильділікке ықпал етеді.
Пәндік-тілдік кіріктірілген CLIL әдісін ЖОО білім беру жүйесіне енгізудің мақсаты: оқытушы мен студенттің ағылшын тілін меңгеруін жетілдіру; арнайы пәндерді шет тілінде оқытудың әдісін күшейту болып табылады, ал міндеттеріне: оқу –әдістемелік кешендерді, практикалық-зертханалық жұмыстарға араналған әдісемелік нұсқауларды әзірлеу; оқу сабақтарын ақпараттық технологиялармен және техникалық құрылғылармен жабдықталған кабинеттерде өткізу жатады[2, 96 бет].
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шет тілін меңгерген кезде кәсіби айырмашылықтарын ескеруді, оның түлектердің болашақ кәсіби қызметінің міндеттерін жүзеге асыруға бағытталуын талап етеді.
Соңғы кезде қазақстандық білім беру және ғылыми ұйымдарды әлемдік қауымдастыққа интеграциялау барысында ағылшын тілінің рөлі айтарлықтай өсті. Осыған байланысты оқу бағдарламаларын неғұрлым тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шет тілін оқытудың заманауи формалары мен әдістерін қолдану қажет.
Тек шет тілінде қарым-қатынас дағдыларын меңгеру ғана емес, сонымен қатар таңдалған мамандық бойынша арнайы білім алу міндеті қойылады. Жоғарыда қойылған міндеттерді шешуде табысқа көп жағдайда инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды қолдану ықпал етеді. Осындай технологиялардың бірі- CLIL (Content and Language Integrated Learning – CLIL) технологиясы, ол колледждерде техникалық, гуманитарлық және басқа да бағыттардағы студенттерде қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға әсер етеді. [3, 66 бет]
Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL) студенттерді шет тілі (teaching content through foreign language) арқылы арнайы пәндерді оқытудың бірегей тәсілі ретінде қарастыруға болатын оқытудың салыстырмалы жаңа әдістемесі, сондай-ақ пән арқылы шет тілін оқыту (teaching foreign language through content) болып табылады. Бұл әдістеме шетел тілі оқытушыларының, сондай-ақ шет тілін меңгерген және университеттегі өзінің бейіндік пәнін оқытатын бірқатар педагогтардың қызығушылығын тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет