Образовательная программа курса повышения квалификации руководителей организаций среднего образования «инновационный менеджмент в управлении школой»


БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН БАСҚАРУ. АЛҚАЛЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ



бет3/7
Дата23.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#51988
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2-модуль-каз өзгертілген (1)

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН БАСҚАРУ. АЛҚАЛЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ.
Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқаластық басқару принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады.
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
  • лауазымға білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.

  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.
    Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
    1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
    2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны үшін;
    3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны үшін;
    4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы үшін;
    5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін;
    6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында қарастырылған басқа да талаптарды бұзғаны үшін жауапты болып табылады (ҚР «Білім туралы» Заңының 45-бабы).

Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
  • Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары:
  • Білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес),
  • Қамқоршылық кеңес,
  • Педагогтік кеңес,
  • Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік) кеңестер
  • Жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелері мен сайлау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін басқа да нысандар бола алады (ҚР«Білім туралы» Заңының 44-бабы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет