«Мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент» орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы
2- МОДУЛЬ
ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫ
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылға 30 қазан №595 бұйрығына ).
Бұл құжат меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беретін мектептер (бұдан әрі – мектептер) қызметінің тәртібін айқындайды.
ТАРАУЛАРЫ
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің іске асуы;
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Мектепке қабылдау тәртібі;
2. МЕКТЕП ҚЫЗМЕТІНІҢ ТӘРТІБІ Мемлекеттік мектептерде штат саны;
Мектеп персоналын жинақтау тәртібі;
Білім алушыларды оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
Мектеп жергiлiктi атқарушы органның ұсынысы бойынша, бекітілген аумақ шегiнде мектепке дейiнгi жастағы және мектеп жасындағы балаларды дербес есепке алуды жүргiзу;
Тұлғаларды педагог лауазымына қабылдау тәртібі;
Мектептің екіжақты халықаралық келісімдердің негізінде шетелдiк білім беру ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тiкелей байланыстар орната алу мүмкіндіктері туралы;
Мектептегі білім берудiң мазмұны МЖБС-ға сәйкес әзiрленетiні және iске асырылатын жұмыс бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалатыны туралы;
Сабақтардың ұзақтығы, сабақтар арасындағы үзілістер, сабақ кестесі туралы;
Мектепке дейінгі шағын орталықтардағы және мектеп алды сыныптардағы білім беру процесі туралы;
Бастауыш мектептің қызметі, бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (1-деңгей) туралы;
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары (2-деңгей) туралы;
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (3-деңгей) әзірлеу туралы;
Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар, сонымен қатар үйде оқитын балаларға арналған жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу туралы;
Бұл тарауда мектептің үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны болып табылатындығы және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тегін жалпы орта білім алуға мемлекеттің кепілдік беретіні атап көрсетіледі.