Образовательная программа курса повышения квалификации руководителей организаций среднего образования «инновационный менеджмент в управлении школой»


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС



бет7/7
Дата23.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#51988
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2-модуль-каз өзгертілген (1)

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтау мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.
Педагогикалық әдеп ережелерін педагогтердің білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібі сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.
Педагогикалық әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагогті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке алып келеді.
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары: адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу; патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және толеранттылық, кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз кәсіби даму.
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес өз құзыреті шегінде:
1) өз отырыстарында педагогтер мен қарастырылатын мәселелерге қатысы бар тұлғаларды тыңдайды;
2) білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады;
3) педагогтер мен қаралып отырған мәселелерге қатысы бар адамдардан түсіндірме және (немесе) түсініктемелер талап етеді;
4) педагогикалық әдепті бұзу фактілеріне тексеріс жүргізу туралы білім беру ұйымының басшысына ұсыныстар енгізеді;
5) білім беру ұйымының басшысына еңбек тәртібін нығайту, педагогикалық әдептің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) білім беру ұйымы басшысының қарауына педагогикалық әдепті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
7) Кеңестің ұсынымдарын тиісті түрде қарастырмаған білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік органдарға немесе тиісті лауазымды тұлғаларға жүгінеді.
8) тараптарды татуластыру бойынша жұмыс жүргізеді.
ОҚУ ПРОЦЕСІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІ
ПЕДАГОГТЕР
БІЛІМ АЛУШЫЛАР
РЕФЛЕКСИЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет