Образовательная программа курса повышения квалификации руководителей организаций среднего образования «инновационный менеджмент в управлении школой»



бет6/7
Дата23.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#51988
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2-модуль-каз өзгертілген (1)

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
Әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:
1) оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингін ұйымдастыру;
2) білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру;
3) білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
4) оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді қорыту және тарату;
5) біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісін әдістемелік зерттемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
7) білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
8) білім беру ұйымдарында білім беру үдерісінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
9) оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;
10) педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару;
11) білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
12) білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестаттауға қатысу.
Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес білім беру ұйымдарындағы алқалы басқару органдарының бірі болып табылады. Әдістемелік кеңестің жұмысы әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесімен реттеледі.
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын сараптауды ұйымдастыру;
2) құрылымдық бөлімшелердің әдістемелік кеңестерінің жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және қолдау;;
4) білім беру ұйымдарда оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
5) білім беру ұйымдарда әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық нұсқадағы және дидактикалық материалдар ұйымдастыру;
7) өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде білім беру мамандықтар (кәсіптер) тізбесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылау;
8) оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және педагог қызметкерлеріне, білім беру ұйымдарына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау; жекелеген пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларын талқылау және бекіту;
9) элективті пәндер каталогін қарау және бекіту;
10) пререквизиттер мен постреквизиттерді бекіту;
11) әдістемелік бірлестіктер қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;
12) білім алушылардың білімін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа түрлерін әзірлеу және сараптамадан өткізу мәселелері;
13) білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері;
14) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет