БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН БАСҚАРУ. АЛҚАЛЫ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
Қамқоршылық кеңес :
білім беру ұйымының әкімшілігімен,
ата-аналар комитетімен,
жергілікті атқарушы органдармен,
мүдделі мемлекеттік органдармен
өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді: 1) жергілікті өкілдікті, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) әрбір қатарлас сыныптан, курстан ата-аналар комитеті ұсынған сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ӨКІЛЕТТІГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ:
білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;
білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру мәселелері жөніндегі іс-шараларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатқа сай жұмсау туралы шешім қабылдайды;
білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыруға қатысты ұсыныстар әзірлейді;
тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органға Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;
орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;
білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;
білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;
білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологін қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.