Общественные науки, история, философия



Pdf көрінісі
бет14/59
Дата18.01.2017
өлшемі7,13 Mb.
#2127
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59

«Алтай аясында» поэмасында негізінен топонимдер қатары ӛрілген. Дастан бойында  38 топоним, 
14  антропоним  аталады.  Біріккен  тұлғалы  топонимдер,  ақ,  сары,  қара,  кӛк,  қоңыр  түслексемамен  келген 
этнотопонимдер кӛп.  Автор Ертіс этнонимін Қара Ертіс деп қолданады, бұл Ал антропонимдердің кӛбі бір 
компонентті болып келеді, тек  Балағаз, Еркежан, Қаратай, Қарынбай есімдері, мұнда –жан, –тай, -бай, -ғазы 
компоненттері қос компонентті есімдер қатарын құрайды.    
«Ақбӛпе»  поэмасында  негізінен  біріккен  тұлғалы  антропонимдер  кӛп:  Ақбӛпе  (70рет),  Әмірхан 
(94рет),  Тәукен  (8рет)  –  Әмірханның  әкесі,  Ұлтуған  (2рет)–  Әмірханның  анасы,  Айтқожа  (5рет)  – 
Әмірханның  досы,  Қуандық  (3рет),  Тұрсын  болыс,  Жолдыбай,  Ұрқия,  Қасым  (11рет),  Қасымжан  деп  те 
кездеседі, Кӛпбай (8рет), Дәләпыраз  (4рет)  –  Ақбӛпенің жеңгесі,  Дәләпи, Мұсабек, Әбіш (3рет) мырзалар, 
Ақажан (26рет), Кәрібай (13рет), Құдияр (14рет), Бектас (9рет), Аужан (4рет), Тайшық (3рет), Иван, Балжан, 
Мергенбай, Қожақ (2рет), Айтқұл (2рет), Айтбай (4рет), Қонай, Жақаш.  

65 
 
Ақын поэмасында топонимдер мен антропонимдер тындырым, яғни эпифора да белгілі кӛркемдегіш 
қызмет  атқарады.  Қайталанатын  бұл  сӛз  ойды  тындырушы,  аяқтаушы  роль  атқарып,  ӛне  бойы  тармақ 
соңында  қайталанумен  болады.  Ӛлеңдегі  ой  осыншама  мықтала,  нығырлана  түседі.  Тыңдаушы    немесе 
оқырман  қайткенде  де  осы  сӛз  жетегінде  болып,  ӛлең  мазмұнына  кӛбірек  үңіледі,  кӛңіл  бӛледі.  қара  ӛлең 
ұйқасында қолданып, мағынасын айшықтап тұр. Мұндай есімді ұйқас ақын тілінде жиі қолданылады: 
Осы екен Қонай шауып алған Теке, 
Таласып талай соғыс болған Теке. [2, 186]. 
...Ойланып айла-әдіске салды Ақажан, 
Бұл жолдан аямады малды Ақажан. 
Ақбӛпені бӛпе деп те еркелетіп деминутивті атау да кездеседі: 
Бақыты бір-ақ түнде күл боп ұшып, 
Күрмеліп кӛр аузында жатқан Бӛпе [2, 195]. 
Славян халықтары есімі Иван типтік антропоним ретінде қолданылған, поэтикалық антропоним:  
Қолынан тастамайды қосауызды, 
Шүріппелі қара мылтық Иван берген. 
Теонимдер: Алла (2рет), Мұхамбет пайғамбар есімдері. 
Топонимдер  қос  компонентті:  Қаратау,  Қоянды,  Қойтас,  Ақмола,  Арқа,  Ақкӛл  (3рет),  Жалаулы 
(2рет), Ұмсынай, Қазбек, Борлы;  
Қоянды, Қойтас тауы қайдасың деп, 
Тас қашап, тау ішіне жетпек ойы [2, 197]. 
Топонимдер (оронимдер): Қызыл қақ, Жарма ӛзек, Жамансор (2рет), Шолақсай (2рет), Тұйықжар, 
Аңдамас, Құладыр.  
Гидронимдер: Ертіс, Ніл, Теке (6рет); 
Генонимдер: керей (6рет), қуандық (3рет), қыпшақ (3рет), cоқыр (2рет), әлім, айдар, жәдік, тентек, 
ескене (3рет), қанжығалы; 
Кірме еді Қуандыққа заты Керей, 
Кім ӛлсін ӛзі кірме Тәукен ӛлмей. 
Барлығы бір «Соқырдан» он-он бес үй, 
Олардың Айтқұл еді бәріне би [2, 188]. 
Жеті ру, жетпіс ата Қанжығалы, 
Бақталас бақа-шаян аңдымалы. 
Ескене, тентек ӛзі екі жар боп, 
Жоситын барымтаға кейде малы [2, 203]. 
Фитоним: жусан;  
Кӛкайыл долылардың беті құсап
Жусандар шайқалады ӛзі бӛлек... [2, 209]. 
Зоонимдер  (гиппонимдер):  Мамакер  (8рет),  Ақтарлан  (22рет)  -  Әмірханның  мінген  аттары, 
Тышқансұр (3рет) – Аужан балуанның аты, Кербесті – Құдиярдың аты; 
Сақ бол деп Әмірханға бірнеше айтып, 
Ақбӛпе қамшы салды Мамакерге…  
Астында киік танау Тышқансұр ат, 
Ағызып Ақтарланға қамшы сала, 
Қырандай тура шүйді алдын-ала [2, 210]. 
Зоонимдер (киноним): Құтжол; 
Кескестеп құйрық бұлғап Құтжол келді, 
Оятамын дегендей барлық елді. 
Хрематонимдер: анкуба, қосауыз (мылтық атауы), Құлагер (әннің аты), Қанат талды (әннің аты).    
«Қырмызы-Жанай»  поэмасы  аяқталмаған  туынды.  1939-1940-жылдар  аралығында  жазылған. 
Тарихтың қиын да қатал сыны қаламгердің әдемі басталған жырының соңына жетуге мүмкіндік бермеген. 
Поэмада кездесетін топонимдер мен антропонимдер: 
Құяды Қара Ертіске қарт Жеменей, 
Тұмандата, түтете, су себелей! [2, 220] 
Иса ақынның Жанайды сипаттауы есімнің мағынасын аша түскендей: 
Бұлардың ортасында бала Жанай, 
Үлкеннен де ӛнері асқан талай... 
Тасығанда жанары жай отындай, 
Қылығына досының жылиды іші [2, 221]. 
Иса  шығармаларында  Ертіс  гидронимі,  Алтай  және  Қаратау  топонимдері,  Қырмызы 
антропонимдері  екі  поэмасында  кездеседі.  Бұл  ӛрнек  ақынның  реалды  ономастикалық  шекті 
қолданатындығын кӛрсетеді.    
И.Байзақовтың бір антропонимді поэмасы - «Клеопатра».   

66 
 
«Қҧралай  сҧлу»  поэмасындағы  онимдердің  барлығы  нақты  ӛмір  шындығы.  Поэмадағы 
антропонимдер:  Есім  хан,  Монтай  би  (Монтеке,  биекең,  Монтайым),  Құралай,  Қайыргелді  (Қақажан), 
Келден бай, Байжан, Сейқын, Дауыл батыр; 
Қазақтың Есім ханы болған кезде, 
Жау жорық жапан түзге қонған кезде. 
Генонимдер: Қыпшақ, Ойбас, Орта жүз атауы; 
Болыпты Монтай атты бір әділ би
Руы Ойбас Қыпшақ, Орта жүзде
Иса Байзақов шығармаларындағы жиі кездесетін атаулар – ру атаулары. Бұл атаулардың барлығы да 
қаламгердің  дүниетанымы  мен  ӛскен  ортасымен  тығыз  байланысты.  Автор  бұл  атауларға  қатысты  кӛркем 
мәтінді  образды  түрде  бере  отырып,  кейбір  ру  аттарына  қатысты  этимологиялық  этюдтерді  сәтті  ашып 
кӛрсетеді. 
...Оңтүстік Қамсақтының жағасында, 
Қалыпты Монтекеңнің аулы болған [2, 5].  
...Тоқалдан жалғыз туған Қайыргелді, 
Би түгіл қуантып ед барлық елді. 
Кӛлдегі кӛгілдірдей Қақажанға, 
...Бір бай бар Шудың бойын мекен қылған, 
Дермиянды тілекте кӛңілі толған. 
Армансыз Келден бай деп аталады. 
Он сегіз ұлы он сегіз ауыл болған [2, 8]. 
Ол кезде Тарбағатай қалмақ жері, 
Асқан жоқ кӛпке шейін онан бері. 
Арқалық, Тянь-Шань тауын тағы жайлап, 
Кей жылдар Маңыраққа да кӛшеді елі [33, 20]. 
Теоним: Алла екі рет кездеседі; 
Топонимдер: Қамсақты, Қаратау, Тарбағатай, Арқалық, Тянь-Шань, Бетпақшӛл;      
Гидронимдер: Шу, «Кӛк мұрын той» ӛзен атауы: 
Келден бай сол ӛлкеден таңдап алған, 
«Кӛк мұрын той» ӛзенін мекен қылған. 
Ол ӛзен Шудан аққан бойыменен, 
Батысқа ӛлкені ӛрлеп кетеді әрмен [33, 8]. 
Зооним (гиппонимдер): Сұр бикеш ат, Торғайкӛк, Жайшағыр: 
Жау да айдады, жылқыға мен де жеттім, 
Сұр бикеш бедеу еді, арқар соққан, 
Құстай ұшып шығатын талай топтан [33, 15]. 
Жӛнелттім Торғай кӛкпен Құралайды, 
....Жайшағыр астымдағы құстай ұшты, 
Ұмтылдым тӛтесінен біліп жайды [33, 28]. 
...Жау жеңіліп майданда Келден қалған, 
Жайшағыр ор қояндай ойнақ салған[33, 31]. 
Ақынның  тілінде  Ақажан,  Қақажандар  болыс,  би  есімдері  болып  келеді.  Поэмадан  жалқы 
есімдердің  маңызды  ерекшелігі  –  жүйелікті  байқауға  болады.  Сонда  ономастикалық  бірліктер  онимдерге 
бӛлінетін нақты денотаттарға қатысты ономастикалық жиынтық құрап тұр.     
Қорыта  айтқанда,  И.Байзақов  поэмаларының  атауы  –  антропоним,  топонимдермен  келгендігі, 
поэманың аталым сырына терең үңілуге, яғни мазмұн-мағынасын түсінуге болады. Ақын қыры да сыры мол 
топонимдерді  де  поэмаларының  аталымы  еткен,  дастандағы  кейіпкерлерінің  есімдері  араб-иран,  славян, 
қазақтың кӛне есімдеріне жақынырақ ӛрілген.  
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
 
1.
 
Жанұзақов Т. Қазақ тіліндегі жалқы есімдер. – Алматы: Ғылым, 1965. -138 б.   
2.
 
Байзақов Иса. Аспандағы аққуға ән қосайын: Таңдамалы. – Павлодар: ЭКО, 2011. – 248б. 
3.
 
Салқынбай  А.,  Абақан  Е.  Лингвистикалық  түсіндірме  сӛздік.  –  Алматы:  Сӛздік-словарь,  1998. 
304 б. 
4.
 
Жанұзақов Т.Д. Ваше имя? Казахско-русский толковый словарь имен. – Алма-Ата: Казахстан
1989. – 192 с. 
 
 
 
 
 

67 
 
Т.ІЗТІЛЕУҦЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭТНОТАНЫМДЫҚ СИПАТТАҒЫ 
ДЕРЕКТЕРДІҢ ДЕФИНИЦИЯСЫ 
 
Камишева Г.А., п. ғ. к., «Қорқыттану және ӛлке тарихы» ғылыми-зерттеу 
институтының аға ғылыми қызметкері  
Баймаханова Ш.Ү., педагогика магистрі,  «Қорқыттану және ӛлке тарихы» ғылыми-
зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Бұл  мақалада  Т.Ізтілеуұлы  шығармаларындағы  лексика-фразеологиялық  бірліктердің  этнолингвистикалық  табиғаты 
анықталып, нақты мысалдармен дәйектеледі. 
В данной статье определяется этнолингвистическая суть лексико-фразеологических единиц в произведениях Т.Изтилеуова. 
In this article the ethnolinguistic essence of lexicological and phraseological units in T.Iztileuov's works is defined. 
 
Уақыт  пен  кеңістік  контексінде  қарастырылып,  түрлі  тарихи-әлеуметтік,    мәдени-рухани 
жаңғырулар  нәтижесінде  ӛзгеріске  түскен  этнолексикалық  жүйенің  репрезенттелуі    мен  тарихи-
семантикалық  динамикасын  осы  тектес  мәтіндерде    дәйектелуі  арқылы  ашуға  болатыны    соңғы  кездегі 
кешенді  зерттеулерден  кӛрінеді.  Соның  негізінде  кӛптеген  этнотаңбалардың    сӛздіктердегі  дефинициясын  
толықтырып,  нақтылап,  дәйектеуге  болады.  Осындай  рухани  кӛздердің  бірі  –  Т.Ізтілеуұлы 
шығармаларындағы этномәдени ақпараттар. Мысалы, 
Сеп.  Белбеуін  беліндегі  кебін  етті,  Әр  жерден  оны  байлап  себін  етті.  Қаздырып  қар  бойы  жер 
қабір үйіп, Қарайтып айдалаға кӛміп кетті  (Т.І.). Ӛлікті шығарғанда сеп берген. «Сеп – жиһаз, мәйіттің ӛзі 
себеп боп жинаған мүлкі. Бұл жерде ӛлікті жерлеу рәсімімен байланысты қолданылған.  Сеп – қаралы үйде 
де, қыз ұзату тойында да  болатын дәстүрдің атауы.Сауға_.'>                   
Сауға. Құтқар, -деп  осылардың  кінәсінен, Мен  келдім  қылып  саған  басым  сауға(Т.І.). Сауға  - 1. 
подарокъ    изъ  добычи    охотника,  который    получаетъ    встръчающійся    съ    охотникомъ,  2.  сборъ    съ  
деревенскихъ  жителей  въ пользу  проъзжающих  по  дъламъ  службы [1, 434]. А.Қайдар Сауға  сҧрау – 1) 
просить, молить  пощады; 2) просить  подарок  из  военных  трофеев  или  охотничьей  добычи,  дословно  
просит   подарок   возник  первоначально  от  слова  соға   арабского  происхождения  в значении  подарок,  
который  по  традициям  охотников,  должен  был  приподнести  охотник  или  военный ,  возвращавщийся  с 
охоты  с  большой  охотничьей  добычей  или  военными  трофеями  первому  человеку, встретевшему  на  
их    пути,  или    почетному    аксакалу    аула.  Второе    его    значение    подарить    жизнь,  молить    о    пощаде, 
вероятно,  возникло  на  оснавании  того, что  батыры -  воины  бывают  суровыми,   но  в  то  же  время  и 
добрыми, милосердными, что  они  могут  не  только  подарить  часть  военных  трофеев, но  и  пощадить  
жизнь  своего  врага ,  если  он  надлежащим  образом  т.е.  встав  в определенную  позу  , сказав  сауға, 
батыр, сауға   попросит  его  об  этом, т.е.Жан  сауға  сұрау – попросить  в  подарок   его  свою  душу , 
просить  пощады [2,276]. Сауға  әскерилерге   ақшалай,  заттай  берілетін  кӛмек , барымта мен шабуылдан 
түскен  олжаның  жартысын  ханға  беру  т.б.[3,647].  Сауға  -  аңнан  қайтқан    аңшыдан    аш    адамның    тамақ  
сұрауынан  келіп  туған  сияқты. Кейіннен  мағынасы  кеңейіп, адамды  басына  тӛнген  қатерден  сұрап  
алуды  да  сауға  деген. 
Олжа. Олжа алып есебі жоқ кӛңілі тынды, Тудырып тұрандарға қара күнді. Он мыңның барлығы 
да ойнақтаған, Астына бір-бір бедеу таңдап мінді (Т.І.). Олжа сӛзіне Ж.А.Манкеева: «Олжа: соғыста қолға 
түскен пайда, табыс немесе тұтқын» деп түсінік береді [4,171]. А.Қайдар: Құл, күң купленные или взятые в 
плен,  рссматривались  как  часть  имущества  рабовладельца,  переходящая  по  наследству  от  отца  к  сыну  и 
следующим  потомкам.  Они  имели  право  не  только  распоряжаться  ими,  как  хотели,  но  и  наказывать  до 
отрезания  им  ухо,  носа.Обычай  отрезания  рабу  ухо    как  наказания  и  древние  времена  выполнялся  при 
совершении побега от хозяина,  причем при первом побеге   - отрезали  одно ухо, при повторном – второе 
ухо. (Құлақ кесті құл) [2,231]. Тұрмағамбет қолданысындағы олжа да соғыста  қолға түскен пайда,  нақтырақ 
айтсақ, жаудан жеңіп алған жылқы, жарау ат т.б. 
Бас ҥйрету.   Таһмұрыс алып барып бағып, баптап, Бердіріп беде мен жем қанар қаптап, Үстіне 
бас  үйретіп  мініп  алды,  Салдырып  тілләдан  ер  тартып  шаптап  (Т.І.).  Күні  ертең  кегің  кеткен  кӛрсет 
жауды,  Үстіне  орнатайын  оның  тауды.  Қорғанды  қалаларын  қарап  қылып,  Құл  қылып  үйретейін  басы 
асауды  (Т.І.).  Бас  үйрету    (бас  білдіру  )  –    бұрын  мінілмеген  тайды  немесе  үйірдегі  асау  атты  мінуге 
жаттықтыру,  үйрету.  Мысалдардан  кӛріп  отырғанымыздай  ақын  бас  білдіру,  асауды  ҥйрету  тіркестерін 
қолданады. 
Сауын (айту).  Абахан Кете Аманжол  – Кәделі аста, күнібұрын, Арнап сауын айттырар, Белгілі 
бай дүр жылқылы (Т.І.). Сауын – үлкен ас, ұлы той сияқты үдкен жиындар туралы ел-елге жариялап хабар 
беру.  Бұрынырақ жорық, аттаныс жайында да елге сауын  айтатын болған.  Сауын  айтылған  жақ сол үлкен 
жиынға ӛз үлесін, ӛз қатысын кӛрсетуге тиіс болған. Сондықтан сауын кез келген адамға емес, байлар мен 
билерге,  батырлар  мен  белділерге  айтылады,  олар  сол  ұлы  жиынға    ӛз  ―пайларын‖  енгізеді:  саба  –  саба 
қымыз бен сойылар малын, бәйгеге шабатын жүйріктерін, күреске түсетін палуандарын  т.т. апарады... 

68 
 
Осы кӛрсетілген рәсім сақталмайтын жайттарда сауын айту емес, ӛзгеше түрде хабарлау айтылады. 
Мысалы,  ―Айман  -  Шолпан‖  жырында  Маман  байдың  шабылып,  екі    қызы  ―жесір‖  (  тұтқын)  боп  қолда 
кеткенін естіген Әлібек : 
Әлібек мұны естіп аттаныпты, 
Жар салып қатар ӛскен ерлеріне – дейді. 
Бұл жерде Әлібек сауын айтпайды, жар салады, хабар береді [5, 139]. 
Шҥлен  тарқату.  Кідірмей  күн-түн  жүріп  келді  Бұхар,  Айлауға  айтып  уағыз  ілімін  паш.Орнынан 
ойдағы  жоқ  жетісіп  пұл,  Тарқатып  жұртқа  шүлен,  жегізді  ас  (Т.І.).Шүлен  тарқату  –  мырзалық  пен 
жомарттықтың бір белгісі. Бұрын малды мырзалар, билер алыс-жақын адамдарға мал, ақша, бұйым, тамақ 
үлестірген.  Бірақ  бұл  садақа  емес,  зекет  те  емес,  құдайы  да  емес,  ―шҥлен  тарқату‖  деп  аталады.  Мұның 
мағынасы  –  кедей-кепшіктерге    жәрдем  мен  қамқорлықтың  бір  түрі.  Мұны  бай  адамдар,  әсіресе,  күзгі 
күндері мал басы кӛбейіп, ӛсіп, қоңайып, қысқа түсер кезде үлестіретін болған [ 6]. Тілімізде шүлен тарату 
немесе шүлен тарқату деп аталатын бұл дәстүрді Т.Ізтілеуұлы аталмыш мағынада қолданады. 
Ҧран (салт). У-шу боп ӛрт ішінде қалды тұран, Ӛршігіп  бара  жатыр  отты боран. Қойдырып 
керней-сырнай Иран елі, Айқайлап, салып жатыр сыртта ұран (Т.І.). Бұрынғы қазақ салты бойынша әр ру 
мен тайпаның ӛз жауынгерлік ұраны, сыйынатын пірі болған. Ұран, негізінде, ел намысына шабатын кезде, 
жауға қарсы аттанғанда ел-жұртқа, азаматтардың қанын қыздырып, бір ортадан табылуға біріктіретін қуатты 
күш  ретінде  қолданылады.Батырлар  жауға  шапқанда  ӛз  елінің  аруақты  ата-бабаларының,    әулие-
әмбиелерінің атын ҧран етіп аттанады. Және сол ұран арқылы қай ру, тайпаның батыры екені анықталады. 
Осыған сәйкес қазақ руларының белгіленген ұрандары бар. 
Мақал-мәтелдер    этнолингвистикалық  арнаның  ең  құнарлы  бұлақтарына  жатады.  Әрбір  мақал-
мәтелдің  бойына  этнос  болмысына,  оның  рухани  заттық-материалдық  мәдениетіне,  дүниетанымына,  салт-
дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сеніміне т.б. қатысты бай информация жинақталғанын ескерсек, олардың этнос 
болмысын танып-білуге қосар үлесі зор.  
Қазақ  тіліндегі  астарлы  мағыналы  мақал-мәтелдердің  молдығы  сол  тілде  сӛйлеуші  ұлттың 
танымдық деңгейінің тереңдігін кӛрсетеді. Яғни, мақал-мәтелдер халық танымындағы ұғымдармен тікелей 
байланысты болып, ұлттық менталитетті танытатын тілдік кӛрсеткіші болып табылады [7, 25]. 
Мақал-мәтелдер  бұрын  да,  қазір  де  кӛбінесе  ауыз  әдебиетінің  кіші  жанры  ретінде  әдебиетшілер 
тарапынан,  ұлттық  философияның  танымдық  негізі  ретінде  философтар  тарапынан,  ұлттық  диалектика 
бұлағы  ретінде  педагогтар  тарапынан,  кӛркем  шығарма  аудармасымен  шұғылданушылар  оның  баламасын 
дұрыс беру тұрғысынан зерттеп келген болса, академик Ә.Қайдар негізін салған жолмен келе жатқан тілші-
ғалымдар әбден тұрақтанған, қолдануға сайланып, жұрт жадында дайын тұратын кӛркем сӛз арсеналының 
аса  бір  қуатты  да  құнарлы,  бейнелі  де  әсерлі  тіл  құралы,  тұрақтанған  күрделі  мағыналық  бірлік  ретінде 
қарастыруда. Мақал-мәтелдер ендігі жерде: 1) фразеологизмдерге кейбір ұқсастығына қарай – фразеология 
объектісі,  құрам-құрылымы  тұрғысынан  –  синтаксис  объектісі,  мағына,  тақырып  тұрғысынан  –  жалпы 
лексикология объектісі, қолданыс, тілдік норма тұрғысынан  – стилистика объектісі болып отыр. Сонымен 
қатар  мақал-мәтелдердің  мән-мағынасы  мен  о  бастағы  жасалу  уәжіне  тереңірек  үңілуге  байланысты  оның 
этнолингвистикалық қыр-сыры да ашыла бастағанын соңғы кезде жарық кӛріп жатқан еңбектерден кӛреміз. 
Ғалым  Ә.Қайдардың  бұл  саладағы  ӛзіндік  түсінік-тұжырымы  бойынша,  «фразеологиялық  тіркестер  де, 
мақал-мәтелдер де – тіл астында тілі бар құбылыс».  
Мақал-мәтелдер  фразеологиялық  тікестерден  ӛзгеше  лексика-грамматикалық  параллель  қатар 
түзейді,  ӛздеріне  тән  айырым  белгілерге  ие.  Мақал-мәтелдер  фразеологизмдер  сияқты  компоненттері 
тұрақты, орын ауыстыруға болмайды.  
Тұрмағамбет  шығармаларында  тӛрт  түлік  мал  ішінде  атқа  байланысты  мақал-мәтелдер  ӛте  жиі 
кездеседі. 
Мысалы,  Арғымақ  ат  жабы  болмайды,  Жалы  кетіп  арыса  да.  Жақсы  адам  жаман  болмайды, 
Жасы  жетіп  қарыса  да,  Ағын  дария  арам  болмайды,  Неше  иттер  сарыса  да.  Назары  аштың  кӛзі 
тоймайды,  Бақ  пен  Қыдыр  дарыса  да    немесе                Тамырды  бата  айырады  ,              Иә,  майын  мінген  ат 
айырады.  
Тӛңкеріске  дейін  қазақ  арасында  тамыр  болып  достасу  әдеті    кеңінен  жайылған.  Тамыр  болып 
достасу  әр  жағдайға  байланысты  болатын.  Кейде  әкелері  дос-жар  болғанда,  олар  балаларын  да 
достастырады,  немесе  ел  басына  күн  туған  кезде    мүдде  мақсаттары  тоғысып,  бір-біріне    қадірі  ӛткен 
адамдар  тамыр болып достасады. Ең ақыры бірінен-бірі не мал, не дүние, не қыран бүркіт, жүйрік ат, алғыр 
тазы сияқтыларды қалап алу үшін де достасып, тамыр болады. 
Тамыр  болғысы  келгендер    бұрын  қылыш  не  қанжар  сүйіп,    бізді  тек  ажал  айырсын  деп  жұрт 
алдында  бір-біріне  ант  беріскен.  Ал  ХІХ  ғасырдың  басында    қылыш,  семсер,  қанжардың  орнына, 
достасатындар  бір-бірімен  үш  рет  тӛс  түйісіп,  айқаса  құшақтасатын  болған.  Достасқан  тамырлар  қазақ 
ғұрпы бойынша әрқашан бір-бірінің қуанышына да, ренішіне де ортақтас болуы керек. Ақыр аяғында қимас 
дос-тамырлар ӛзара құда болулары да ықтимал [8,  26]. 
Екі ұлттың ӛкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос, сыйлас болып, алыс-беріс жасаса, құрмет тұтса, 
мұны тамыр деп атайды. Олардың бір-біріне сенімі мен достығы ӛте берік болады [9, 206]. Осыдан келіп 
«Қырық атан ұстама, Қырық тамыр ұста»  деген аталы сӛз қалған. 

69 
 
Аттың  майы  -    или  ат  майын  беру    -    передача  лошади  для  разъездов  или  работы  при  условии 
обработки ее берущим, одна из норм эксплуатации байством казахской бедноты ; Майы а. Маиръ, мн. Миар 
мэйаръ,  перевозящій  зернов.хлъбъ  състные  припасы,  товары,  съ  одного  мъста  на  другое,  тур.  Майры 
пошлина съ товаровъ, на заставахъ, установленная съ 1830 г. Въ Конст-нополь (Будагов, 202). 
Құс  қарағына,  ер  жарағына.  Бұл  жерде  қарақ  –  кӛз,  бүркіттің  кӛзі    ӛткір  болады,  кӛргенін  іліп 
түседі. Ер адам үшін тұрмыста ең қажетті нәрсе – қару-жарағы. 
Ақылсыз  жігіт  –  ауыздықсыз  ат.  Ауыздық  атты  белгілі  бір  бағытқа  бағдарлайды.  Ауыздығы 
болмаса, оны басқару қиын, сол сияқты ақылсыз жігіт те қалай сӛйлерін, істің жӛнін білмейді. 
Сӛзімізді  түйіндей  келгенде,  Т.Ізтілеуұлының  ―Рүстем-дастанында‖  және  басқа  шығармаларында 
салт-дәстүрге  байланысты  лексикалық  бірліктердің  мол  ұшырасатынына  кӛз  жеткіздік.  Әсіресе,  ―Рүстем-
дастанда‖  ұлттық,  қазақы  салт-дәстүрлердің    жиі  кӛрініс  беруін  Мұхтар  Әуезовтің  мына  пікірімен 
орайластыруға болатын сияқты: ―Қазақтың кейбір ақындары  ―Мың бір түн‖ ертегілерінен алып жыр-дастан 
жазатын.  Мына  тұста  да  Тұрмағамбет  тәжірибесінен  біз  сондай  еңбек  мысалын  кӛріп  отырмыз.  Сонымен 
Рүстемнің жайы туысқан тәжік әдебиетінің ұлы классигі Фердаусидің ―Шахнамасында‖ болғанымен мынау 
еңбекті  Фердаусидің  ―Шаһнамасынан‖  тікелей  жасалған  аударма  демейміз,  сол  Фердауси  үлгісімен  халық 
ақыны Тұрмағамбеттің ӛзі ӛлең етіп жазған  Рүстем жӛніндегі дастанның қазақша варианты дейміз ‖. 
Тіл  бірліктерінің  семантикасын  қарайтын  кез  келген  лингвистикалық  зерттеу  оның  мағыналық 
негізін ескере отырып, объективті фактілерін есепке алуы керек. Белгілі бір затты немесе құбылысты атау әр 
тілде әртүрлі болғанымен оның мағыналық сипаты, мәндік кӛрінісі бір болады.  
Нақтылы бір социумның мәдени-әлеуметтік ерекшеліктерінің жиынтығы сӛздердің семантикасында 
кӛрініс береді. Сол тілде сӛйлейтін адамға мұндай ерекшеліктердің мағынасы айқын болғанымен, ол басқа 
тілде  сӛйлейтін,  ӛзге  мәдениеттің  ӛкіліне  түсініксіз  болатыны  белгілі.  Бұл  белгілі  бір  халыққа  тән  ұлттық 
реалийлердің мағынасын түсінуде жақсы кӛрінеді 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречии. Петербург: Изд.вост.лит.,  том I часть 2.1893.  
2. Кайдар А. Тысяча метких и образных выражений. Астана: Білге, 2003. 
3. Будагов Л.З.Сравнительный  словарь  турецко-татарских  наречий .СПб., 1869,1871 
4. Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. Алматы: «Ғылым», 1997. -272б. 
5. Сыздықова Р. Сӛздер сӛйлейді. Алматы: Санат,1994. 
6. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Ана тілі, 1994. 
7.  Дина  Б.  Қазақ  тіліндегі    мақал-мәтелдердің  танымдық-прагматикалық  аспектісі.  Ф.ғ.к.  дайынд. 
Дисс.. авторефераты. А., 2002 
8. Арғынбаев Х. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. 
9. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет