Негізгі физика заңдарын анық түсіну, оларды физикалық құбылыстарды түсіндіруде шығармашылықпен қолдана білу, тапқырлық және ұшқыр ой талап етіледі. Физикадан есеп шығару олимпиадалары белгілі әдістерді қолданып қана емес, дайын шешу жолдары жоқ жерде өзіндік шешу әдістерін ұсына білуге үйретеді. Яғни оқушыларда осындай қабілеттерді дамытатын олимпиадалардың ерекшелігі осында.
Бұл есептердің ерекшеліктері:
оқушылардың белсенділігін арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға көмектеседі, құбылысты талдай алуға үйретеді, оқушыға бар теориялық білімі алған білімдерінің практикалық сұрақтарға жауап беруде қолданумен практикалық дағдысын жинақтап, ойын қорыта білуге дағдыландырады.
Эксперименттік есептерді шешуде, оқушы белгілі – бір мысалдар арқылы мектеп бағдарламасынан алынатынына көз жеткізеді.
Оқушылар құбылыстардың, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділік пен байланыстарды көреді.
Зерттеушілік дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.
Оқушылар тәжірибеде өлшеулер нәтижесі әрдайым жуықтап алынатынына, өлшеу дәлдігіне мүмкіндігінше болдырмау қажет, әртүрлі себептер әсер ететініне көз жеткізеді.
Оқушыларға физикалық құбылыстарды түсіне білуге, эксперимент жасауға қажет шарттарды (берілгенін) анықтауға, оларды табу үшін мүмкіндіктер мен әдістерді ойластыруға көмектеседі.
Теориялық есептерге қарағанда эксперименттік есептердің ерекшелігі оқушының эксперимент жасай алу қабілетін қажет етеді.
Құралдар мен жабдықтар: массасы белгісіз шарик, кір жаятын қыстырғыш (прищепка), сіріңке, сызғыш, массасы белгілі шарик.
Құралдар мен жабдықтар: массасы белгісіз шарик, кір жаятын қыстырғыш (прищепка), сіріңке, сызғыш, массасы белгілі шарик.
Шешуі: Сіріңкелерді жүктердің орнына қолданамыз. Алдымен бір сіріңкенің массасын тауып алайық. Бұл үшін сызғышты иіндік ретінде қолданып, қыстырғышты бірнеше сіріңкемен теңестіреміз. Қыстырғыштың массасы