тәжірибені жасау әдісіңізді баяндап, есептеу өрнектерін келтіріңіз;
тәжірибенің және аралық есептеулердің нәтижелерін жазатын кесте дайындап, оны толтырыңыз;
қажетті тәжірибелерді жасап, өлшеулерді жүргізіңіз;
алған нәтижелердің негізінде іздеп отырған шаманы есептеңіз;
есептеулердің қателіктерін анықтаңыз және соңғы нәтижені жазыңыз, орындалған жұмыстар жөнінде қорытынды жасаңыз.
Шешуі: Көлбеу жазықтық Көлбеу жазықтық бойымен дене бастапқы жылдамдықсыз сырғанаған кезде бөлініп шығатын жылу мөлшері Q = –ΔE, мұндағы ΔE – дененің механикалық энергиясының өзгерісі ΔE = E2 – E1; E2 = Ek2 (Ep2 = 0), a E1 = Ep1 (Ek1 = 0). Олай болса,
(1)
мұндағы h – көлбеу жазықтықтың биіктігі, көлбеу жазықтықтың табанындағы дененің жылдамдығы v2 = at. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы l = at2/2, бұдан l = v2t/2, яғни
Жылдамдықтың мәнін (1) формулаға қойып, жылу мөлшерін аламыз:
Жіптің беріктігін анықтау
(аудандық кезең 10 сынып 2014-2015 оқу жылы)
Құралдар мен жабдықтар: механикадағы жүктер жинағы, транспортир, штатив, жіп, массасы белгілі таразы тасы.
Шешуі: Жүкті жіпке байлаймыз және жіптің екінші ұшын штативке жалғап, тепе-теңдік қалпынан кішкене бұрышқа ауытқытамыз және жібереміз. Бұрышпен жүктің массасын өзгерте отырып, тепе-теңдік қалпынан өткенде жіп үзілетіндей бұрыш мәнін табамыз. Бұл бұрыш φ0-ге, ал жүк массасы m-ге тең болсын. Тепе-теңдік жағдайында жүкке әрекет ететін күштерді қарастырайық. Олар mg ауырлық күші және Fp жіптің реакция күші (сурет).
(1) өрнекте ізделінді шама болғандықтан, жіптің беріктігі Fp күшімен анықталады. aц = v2/l болғандықтан, мұндағы l – жіптің ұзындығы, Fp = m(g + v2/l). (2)
v2/l қатынасын табу үшін, механикалық энергияның сақталу заңын қолданамыз. (A және B нүктелері үшін). Бұл нүктелерде энергияның мәні: ЕpА = mgh; ЕкA = 0; ЕрB = 0; ЕкВ = mv2/2.
Геометриялық түрлендірулерден h = l − lcosφ0 шығады,
онда gl(1 − cosφ0) = v2/2, v2/l = 2g(1 − cosφо).
Алынған өрнектің мәнін (2) формулаға қойсақ, Fp = mg(3 − 2cosφo) жіптің беріктігін табамыз.
Олимпиада есептерін шығару үшін физика пәнінен алған білімі мен біліктілігі бастапқы курстан бастап, мектеп курсын, тіпті, арнайы физикалық курсты қамтитындай болуы тиіс.
Нақты физикалық құбылыстарды талдау үшін арнайы білігін қолдану арқылы ғана физикалық заңдылықтардың, түсініктердің деңгейі күрделілігін анықтауға болады.
Олимпиада есептерін шешу үрдісі кішігірім зерттеу жұмысы іспеттес. Әсіресе, стандарт емес олимпиадалық есептерді шығару барысында түсініктірек болады.
Нақты ғылыми жұмыстағыдай нәтижені алу үшін есептерді шешу әрекетінің жүйелілігі қандай болу керектігі алдын ала анық бола бермейді. Оған ешқандай әмбебап шешу жолдары емес, есеп шығару үшін қажетті біліктілік, іс-тәжірибенің жинақталу барысында ерен еңбектің нәтижесінде ғана келеді.
Физика әлемі - күрделі. Бірақ осындай шығару жолдары қиын да, күрделі есептер үлкен қызығушылықты оятып, табиғаты жағынан мүлде бөлек құбылыстар арасында сәйкестік тауып, физика әлемінің бірлігін сезініп, оны сипаттауда ортақ тіл табуға мүмкіндік береді.
ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. А.,2002.
И.Ш Слободецкий, В.А. Орлов. «Всесоюзные олимпиады по физике» М. 1988ж
М.В. Семенова, А.А. Якуты. «Задачи Московских городских олимпиад по физике» – М. 2006ж
И.Л. Касаткина «Задачи по физике подготовка к ЕГЭ и олимпиадам» Ростов-на-дону. 2008ж