Тасымалдау деп -науқастарды медициналык көмек көрсету орнына және емдеу немесе бір емдеу мекемесінен екінші мекемеге жеткізу.
Тасымалдау 2-ге бөлінеді:
транспортабельді - жатқызып, отырғызып, жартылай отырғызып тасымалдау.
транспортабельді емес - оларды тез арада реанимациялық бөлімғе ауыстырады.
Тасымалдау әдісін дәрігер белгілейді.
НАУҚАСТЫ БӨЛІМШЕГЕ ТАСЫМАЛДАУ:
Науқастың бөлімшеге жеткізу әдістерін науқастың ауыр жағдайларына байланысты дәрігер анықтайды: зембілде (колымен немесе каталкада), кресло-каталкада, колға алу, жаяу.
Ен қолайлы, берік және сақтаныш түрі - наукастарды каталкамен тасымалдау. Науқасты үшеулеп кушеткадан каталкаға және кері жатқызу қолайлы болады.
1. Каталканы кушеткаға көлденең қойыңыз - каталканың бас жағын кушетканың аяқ жағына.
2. Үшеуі де науқастың бір жағында түрады:
а) біреуі - науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салады;
ә) екіншісі - жамбас пен санның жоғарғы жағынан;
б) үшіншісі - санның орта жағынан және балтырынан.
3. Науқасты көтеріп, каталкаға 90° жағына айналыңыз.
4. Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабыңыз.
5. Бөлімшеге халі нашар науқас жіберілгені туралы хабарлаңыз.
6. Науқасты, оның медициналық картасын бөлімшесіне медициналық қызметкерімен шығарып салғанда жіберіңіз.
7. Бөлімшеде каталканың бас жағын төсектің аяқ жағына келтіріңіз, науқасты үшеулеп көтеріп 90° айналып, төсекке жатқызыңыз. Егер каталка болмаса 2-4 кісі зембілді қолымен апарады. Басқышпен темен карай наукасты аяғымен алдына апарады, әрі алдыңғы жағын сөл көтереді. Басқышпен жоғары қарай, наукасты баспен алдына апарады.
НАУҚАСТЫ КРЕСЛО-КАТАЛКАМЕН ТАСЫМАЛДАУ ІС-ҚИМЫЛДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛІЛІГІ
1. Кіші мейірбике аяқ түғырына аяғымен басып кресло-каталканы алдына еңкейтеді.
2. Науқасты аяк тұғырына тұруға сұраңыз, содан соң науқасты сүйеп креслоға отырғызыңыз.
3. Кресло-каталканы негізгі орынына келтіріңіз.
4. Тасымалдауында науқастың колдары кресло-каталканың сыртына шыкпауын байқаңыз.
Науқасты бөлімшеге тасымалдаудың әр түрінде шығарып салушы науқасты және оның медициналық картасын палатаның мейірбикесіне беруге міндетті.
Орташа жағдайдағы наукастар палатаға өздері жаяу немесе мед.қызметкерлерімен бірге барады. Ауыр халдегі наукасты носилкада жаткызып тасымалдайды. Сондай-ак кресло каталканы колдану керек.
Қабылдау бөлімінен алыс корпустарға наукастарды жеткізу үшін казіргі уакытга көптеген ауруханалар арнайы транспортгармен камтамасыз етілген.
Каталкада наукасты тасыиалдау ережелері.
Әрбір каталка таза төсек-орын жапқыштармен және оденломен төселген болуы керек. Төсек-орын жапқьіштарын әр наукастан кейін ауыстырып түрады. Одеялоны кағып, жұкпалы аурулардан кейін дезинфекцияға жібереді. Лифт болмаған жагдайда ауыр халдегі наукастарды носилкада 2 немесе 4 адам апарады. Басы алға карап түрады. Носилканын төменгі аяктарын көтереді. Наукасты түсіргенде аяғын алдына қаратып, носилканың төменгі аяқтарын көтереді.
Шок жағдайындағы наукастарды тасымалдау ерекшеліктері.
Шок жағдайындағы ауыр халдегі наукасты санитарлык өңдеусіз бөлімшеге жібереді. Онда интенсивтік қадағалау палатасы бар. Қимылдауға болмайтын наукастарды носилкадан тесекке акырын ауыстыру ережелерін сақтайды: носилканы кереуеттің басына аяк жағымен қояды. Егер палата алаңы кішкентай болса, носилканы кереуетке параллель қойып, ал медицина кызметкері носилка мен кереует ортасында наукаска бет жағымен қарап түрады.
Миына қан кұйылған наукасты носилкаға арқасымен жаткызып тасымалдайды. Есінен айрылған наукасты тасымалдаганда кұсык массаларынын тыныс алу жолдарына түспеуін кадағалау керек. Осыған карай наукастың басын бір бүйіріне бүрады. Жүрек -кан тамыр ауруымен ауыратын наукастарды ауыр ентігу кезінде носилкада жартылай отырып тасымалдайды, өйткені суыққа өте сезімтал, оларды жылы орап, аяк-қолдарыыа грелка кою керек. Жедел миокард инфарктыңда да носилкада тасымалдайды. Жедел қан тамыр жетіспеушілігі кезінде басы аяғынан төмен болуы керек.