II. Бифуркациялық дивертикулдер (син.: эпибронхты, парабронхты, жоғарғы кеуде)
Бұлай орналасқан дивертикулдар барлық дивертикулдардың 70—80% құрайды. Ценкер дивертикулы сияқты, бұл да 40—60 жаста жиі пайда болады, жиі әйелдерде кездеседі (3:2 қатынасы).
Бифуркациялық дивертикулдар
Бұл өңештік (парабронхты) дивертикулдар өңеш сол басты бронхпен қиылысатын жерінен сәл жоғары жерде өкпе түбірінің деңгейінде жиі орналасады. Сондықтан оларды кейде эпибронхты деп атайды.
Бифуркациялық дивертикулдар
Кіші мөлшерде болады, жақсы босатылып отырады, сондықтан ұзақ уақыт бойы симптомсыз, асқынусыз өтеді, жиі кездейсоқ анықталады.
Диаметрі 2 см дейін дивертикулдар сирек асқынады және тек сол кезде клиникасы көрінеді.
Клиникалық көріністер
Жіңішке кіреберісі бар немесе 2 см артық дивертикулдар диветикулитпен асқынған кезде төс артындағы, эпигастрий аймағындағы, арқадағы кезеңді ауырсынумен (псевдостенокардия), дисфагиямен, ауызға тамақты келуімен, какосмиямен, субфебрилитетпен көрінеді. Ауырсынусыз дивертикулит болмайды (абсолютті белгі).
Шынайы дивертикулдар жедел дивертикулитке жиі әкеледі, ал жалған — созылмалы дивертикулитке әкеледі.
Рентгендиагностика
Рентгенологиялық зерттеу әдісі дивертикулдың орналасқан жерін, оның формасы мен мөлшерін нақты, тез анықтауға мүмкіндік береді. Рентгенологиялық зерттеу үлкен (2 см артық) дивертикулдарды ғана емес, сонымен қатар кішкентай (0,5 см аз), тіпті интрамуралды микродивертикулдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Пациент М., 40 жас. Бифуркациялық дивертикул
Рентгендиагностика
Негізінен, трахея бифуркациясы аймағында өңештің ортаңғы үштен бір бөлігінің дивертикулы өңеш көбінесе алдыңғы не сол жақ қабырғасының конустәрізді немесе домалақ томпаю болып келеді. Дивертикул контурлары айқын, тегіс, қабырғасы эластикалық. Дивертикулға түскен барий тұңбасының мөлшеріне тәуелсіз ол горизонталь дейгейді түзеді.
Пациент Ф., 37 жас. Бифуркациялық дивертикул
Рентгендиагностика
Бифуркациялық дивертикул кең кіреберісті және жақсы контрасталады. Асцендентті және тракциялық формалы дивкртикулдарда контрасттау дененің горизонтальды жағдайында жасалады. Кейде дивертикулдарда мойыны болады және кілегей қабатының «жаға» типті симптомы болады.
Пациент Т., 58 жас. Пациент К., 50 жас. Бифуркациялық дивертикулдар
Пациент П., 38 жас. Мойыны бар үлкен пульсионды дивертикул, дивертикулит
Паицент О., 79 жас. Мойыны бар пульсионды бифуркациялық дивертикул
Рентгендиагностика
Тракциялық дивертикулдар кезінде мойыны болмайды және барий тұңбасы сирек тұрып қалады, соның салдарынан горизонтальды деңгей жиі көрінеді.
Кілегей қабатының «жаға» симптомының жоғалуы және дивертикулда құрамы қабатталып көрінген, контрастты заттың 2 мин артық тұрып қалуы дивертикулит дамығанын көрсетеді.
Рентгендиагностика
Дивертикулитке тағы дивертикулдың тегіс емес контурлары, кілегей қабатының дөрекі рельефі, мойының ісінуі және дивертикул қабырғаларының жиырылуының жоғалуы көрсетеді.
Ұзақ уақыт болған дивертикулит дивертикул қуысын керіп, контрастты затты бірнеше сағатқа, тіпті тәулікке тұрып қалуымен оны және оның мойнын деформациялайды. Макродивертикулдар немесе или гигант дивертикул ("дивертикул – құбыжық") 10x4 см және тіпті 12x6 см мөлшерлеріне жетуі мүмкін.
Дивертикулдар асқынулары
Тамақтың ұзақ уақыт бойы тоқырауы дивертикул кілегей қабатының қабынуы мен жаралануына әкелуі мүмкін. Нәтижесінде артқы көкірек клетчаткасына дивертикул перфорациясы, қан кету немесе малигнизация болуы мүмкін.
Дивертикулдар асқынулары
Асқынулардың ішінен эрозиялық-геморрагиялық эзофагиттер, аспирациялық пневмония, бронхоэктаздар, өкпе абсцессі, плеврит, эзофаго-бронхты жыланкөздер, медиастиниттер айтуға болады.