Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану



Pdf көрінісі
бет137/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   371
Г.К. Курманаева 
Астана университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан
Әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзіреттілігі: 
жұмыс берушінің көзқарасы бойынша қалыптасу деңгейі
Аңдатпа. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі субъектісі - әлеуметтік педагог, оның әлеу-
меттік функциялары әлі күнге дейін кеңінен талқыланып келеді. Мақалада әлеуметтік педагогтың әлеу-
меттік-педагогикалық, оқу-тәрбие ісі, мәдени-ағартушылық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қы-
зметі қарастырылады. Мақалада құзыреттілікті қамтамасыз ету мақсатында зерттеу жүргізіліп, жалпы 
білім беретін мектептердегі  әлеуметтік педагогтардың жұмыс берушілерінің  сауалнамасы және  дерек-
тері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде жұмыс берушілер үшін әлеуметтік педагогтың  бірінші кезек-
тегі білімі - кәсіби қызметінің құқықтық негіздерін білу екендігі дәлелденді. Екінші басымдық - әлеумет-
тік педагог қызметін ұйымдастыра  білу.
Осы білімді алуға бағытталған терең  теориялық дайындық әлеуметтік педагогтың басқару функци-
яларын тиімді жүзеге асыруына ықпал етеді. Алынған мәліметтер негізінде 6M012300 «Әлеуметтік пе-
дагогика және өзін-өзі тану» мамандығының білім беру бағдарламаларына құқықтық білім мен басқа-
ру дағдыларын  ұштайтын кейбір пәндерді енгізу үшін практикалық ұсыныстар ұсынылды. Авторлар  
студенттердің оқу үрдісіне  әлеуметтік педагогқа   кәсіби іс-әрекет пен қажетті құзыреттіліктерді алуға 
көмектесетін «әлеуметтік педагогтың нормативтік құқықтық қызметінің негіздері» және «әлеуметтік-пе-
дагогикалық менеджмент» сияқты пәндерді қосуды ұсынады.
Түйін сөздер: жұмыс беруші, әлеуметтік педагог, респонденттер, құзіреттілік, әлеуметтік педагоги-
калық білім мазмұнын жаңарту, құқықтық білім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет