Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік. [Введите здесь подзаголовок речи]



Дата26.02.2023
өлшемі375,65 Kb.
#69974
Байланысты:
Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік

Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік.

[Введите здесь подзаголовок речи]


Совет. Используйте изображения, чтобы задать тон речи.

Билік құбылысы,анықтамалары.

Билік – саясаттанудың негізгі ұғымы болып табылады. Билік – адамзат қауымдастығының, адам өмірінің негізгі бастауларының бірі. Қоғам бар жерде билік бар, билік бар жерде қоғам бар. Билік жүргізу үшін сол билікке мойын ұсынатын қоғам қажет. Қоғамның бүкіл саяси өмірі осы билік айналасында өтеді. Билік адамдардың тұрақтары бірлестіктері құрылған (отбасында, өндірістік ұжымдарда, ұйымдарда, мекемелерде, барлық мемлекеттерде) барлық жерде бар, ол қоғамның бүкіл құрылымына енген, ол қоғамның ішкі тұтастығын, ұйымшылдығын, қоғамдық қатынастардың сатылануын сақтайды.

]

Билік түрлерінің эволюциясы,типтері.

  • Абсолютизм (абсолюттік монархия) – монархтардың қолындағы мұраға қалдыратын шексіз билік. Авторитаризм – бір адамның немесе топтың шексіз билігі. Ондай билікте тиран, деспот, фюрер, кӛсем немесе халық бұқарасы сайлаған, құқықтарды аяққа басатын топ елді билейді. Деспотизм – бір адамның қатал самодержавиялық шексіз және дара биліктің түрі. Охлократия – гректің «охлос» – тобыр, «кратос»-билік деген сӛздерінен, тобыр билігін білдіреді. Плутократия (гректің «плутос»-байлық, «кратос»-билік) – саяси билік бай, ауқатты топтың қолында болатын мемлекеттік құрылыс. Олигархия – саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында болатын биліктің түрі. Тирания – мұнда билік күшке, зорлыққа, деспоттыққа негізделеді. Тоталитаризм (латын тілінен «тоталис» - толық, тұтас) - қоғам ӛмірінің барлық жақтарына толық бақылау жасау әдісіне негізделген биліктің түрі. Этатизм (француздың «этат» мемлекет сӛзінен) – мұнда мемлекет қоғамдық дамудың ең жоғарғы нәтижесі және мақсаты болып есептеледі. Элитаризм – қоғамды ерекше пұрсатты жағдайындағы адамдар тобына, элитаға бӛлудің қажеттігін негіздейтін концепция (билік түрі). Либерализм – парламенттік құрылымды, буржуазиялық бостандықты жақтайтын буржуазиялық идеологиялық, қоғамдық-саяси ағым. Бюрократия – билікті жүзеге асырудың ерекше формасы, ерекше пұрсатты кастаның билігі және оның кӛпшілікке тәуелсіз болуы. Демократия – халық билігіне негізделген саяси билік

Билік заңдылығы және легитимдігі.

  • Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:
  • 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек
  • ;2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек. Легитимділік термині қазіргі саяси ғылым мен саяси практикада кеңінен қолданылады. Психологиялық көзқарас тұрғысынан биліктің легитимділігі заңдылық дегенді білдіргенмен, субъективті заңдылыққа меңзейді. Әр түрлі себептермен адамдар саяси институттарға оң баға беруі мүмкін, яғни олардың басқару шешімдерін қабылдауда қатысуын мойындау мен өз еркімен бағынуға дайын болады. Адамдар мен билік арасындағы мұндай өара қарым-қатынас легитимділік деп аталады. Легитмді билік адамдар тарапынан заңды және әділетті деп мойындалып бағаланады. Легитмділік сонымен қатар билікте авторитеттің болуында білдіреді.

Билікті бөлудегі заң шығарушы,атқарушы және сот жүйелері.

  • Заң шығарушы билік — демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі.
  • Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституция бабында көзделген реттерде Парламентке есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей ықпал етеді.
  • – түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық заңнамада белгіленген қатаң тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда көптеген сот жүйесілері бар. Сот жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске орай құрылады


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет