ҚОҒамдық ЖӘне гуманитарлық Ғылымдар общественные и гуманитарные науки social sciences and humanities



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата14.02.2017
өлшемі1,09 Mb.
#4108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

А.Қ. СЕЙПУТАНОВА, Қ. ТӨЛЕТАЙ 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Өскемен қ., Қазақстан
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ АУЫСТЫРУДЫҢ 
КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
Мақалада 1970-1980 жылдардағы қазақ лирикасындағы ауыстырудың көркемдік 
қызметі сараланып, оның ақындық стильді танытудағы маңызы зерделенеді. Сондай-ақ 
дәстүрлі ауыстырулардың ақындар шығармашылығында түрлене қолданылуы мысалдар 
негізінде дәлелденіп, ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.
Түйін сөздер: қазақ, лирика, стиль, поэзия, метафора, бейнелеу, құбылту.
ХУДОЖЕСТВЕННАЯ ФУНКЦИЯ МЕТАФОРЫ В СОВРЕМЕННОЙ 
КАЗАХСКОЙ ЛИРИКЕ
В  статье  анализируется  художественная  функция  метафоры,  исследуется 
особенность поэтического стиля в современной казахской лирике 1970-1980 гг., а также 
способы применения традиционных метафор на основе примера в творчестве поэтов. 
Ключевые слова: казах, лирика, стиль, поэзия, метафора, образность, троп.
ART FUNCTION OF THE METAPHOR IN MODERN KAZAKH LYRICS
In  article  art  function  of  a  metaphor  is  analyzed,  feature  of  poetic  style  in  modern 
Kazakh lyrics 1970-1980 year is investigated. And also, methods of application of traditional 
metaphor’s grounded on the basis of example in work of poets, consists from the scientific 
point of view.
Keywords: кazakh, lyriks, style, poetry, metaphor, imagry, trails.
Өлең сөздегі бейне, сурет жасаудағы айрықша тәсілдің бірі – ауыстырудың 
(метафора)  жан-жақты  көркемдік  қызметі.  Ауыстырулар  жүйесі  әсіресе, 
ұлттық ойлауға, ұлттық психологияға, ұлттық әдеби дәстүрге сәйкес келуімен 
дараланады. Әдебиетші-ғалым С. Негимовтың: «Ой мен сезімді көркем, әсем, 
әсерлі,  образды  берудің  эволюциясы  бар.  Жалпы,  образды  немесе  поэзиялық 
сананың дамуы екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – мифологиялық ойлау, екіншісі 
– метафоралық ойлау», – деген тұжырымын [1] есепке алсақ, әдебиеттің ұлттық 
сипаты сынды әрі күрделі, әрі нәзік мәселені ауыстырулар жүйесінсіз зерттеудің 
мүмкін еместігі белгілі. Ауыстырулар арқылы кез келген ұлт әдебиетінің негізгі 
қасиеті,  ұлттық  болмысы  танылып,  дәлеледенеді.  Демек,  ауыстырулар  жүйесі 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

195
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
ұлттық әдебиеттің белгілі бір кезеңдегі тыныс-тіршілігін, көркемдік ерекшелігін, 
дәстүрін, дамуының бағыт-бағдарын да көрсетіп отырады. Ауыстырулар әдебиет 
тарихындағы  жекелеген  суреткерлердің  стильдік  ерекшелігін,  даралығын 
өзінен  бұрынғы,  тұтас,  кейінгі  әдебиет  өкілдерінің  шығармашылықтарымен 
байланысын танытуда да барынша қабілетті, қолайлы.
Академик  З.  Ахметов  ауыстырулар  табиғаты  туралы:  «Метафораның 
теңеуден негізгі айырмасы – онда салыстырылған екі нәрсе екі бөлек көрінбей, 
көбінесе екеуі тұп-тура бірігіп бір бейнеге айналғандай болады да, екі нәрсенің 
біреуі ғана айтылып, екіншісі емеурін жасау арқылы да айқын елес беріп тұрады. 
Метафора  бірде  мағына  ауыстыру,  бірде  нәрсенің,  құбылыстың  орнына  соған 
ұқсас  нәрсені  екінші  нәрсеге  телу,  балап  айту  түрінде  қолданылады»,  –  деп 
жазады [2]. 
Әдебиеттану  тұрғысынан  ауыстырудың  жеке  дәстүрлі  түрлерінің 
болатындығын айта отырып, жеке (индивидуалдық) терминінің жалпы ауыстыру 
табиғатын танытудағы маңызыдылығын бағамдаған жөн. «Поэзиялық ауыстыру 
– көркемдік жүйенің көрнекті тәсілі. Сонымен бірге эстетикалық элемент. Бұл – 
индивидуалдық творчествосының жемісі. Ол суреткердің дүниеге көзқарасымен, 
көркемдік ойлауымен, қиял өрісімен, эстетикалық қабылдауымен, философиялық 
толғаныстарымен, ассоциациялық шеберлігімен тамырлас құбылыс» [1] екендігін 
мойындауға тиіспіз. Аустырулар теңеу мен айқындау сияқты сөз бейнелілігінің 
қазақ поэзиясындағы дәстүрлі, ұлттық тәсілі деуге толық негіз бар.
Ауыстырулардың  дәстүрлі  қалпы,  сонымен  бірге  қолданыс  аясының 
кеңеюі,  жаңашылдық сипаттарының  молаюы,  сөйтіп  әдебиеттің қазіргі талап-
талғамдарына сай түлеп, түрленуі – қазіргі қазақ поэзиясына тән сипат.
Күрделі  ауыстырулардың  тамаша  мысалдары  1970-80  жылдары  қазақ 
поэзиясына  жаңа  леп  әкелген,  соны  ізденісімен,  дара  стилімен  танылған 
ақындардың  бірі  Ж.  Жақыпбаев  поэзиясынан  көптеп  табылады.  Ақынның 
бірқатар  ауыстырулары  табиғат  құбылыстарын  адам  болмысымен  бейнелеу 
бағытында болып келеді. 
   
 
 Ала қоржынның аузы қалай ашылса,
   
 
 Ашылып қалар аспанның да енді қабағы.
   
 
 Қабағым менің – аршалы таудың қабағы,
   
 
 Наланың бұлты бір соқпай қалай қалады.
   
 
 Шала мас шалғын 
   
 
  
Сұлады өлең шөп тағы...
   
 
 Апорт алма ұялғаннан қызарады...
А.Қ. СЕЙПУТАНОВА, Қ. ТӨЛЕТАЙ. 1 (69) 2016. Б. 194-201   
 
 
                ISSN 1683-1667 

196
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
   
 
 Жапырағы сыр шертеді бір терең...
  
 
   
 
 ...Жүйткиді Ақсу, Көксу тауда туған
   
 
 Біреуі – ақ, біреуі – көк қос арғымақ.
   
 
 Мен туған жер...
   
 
 Жер шарының ең ғажайып нүктесі [3].
Мысалға  алынған  ауыстырулардың  көпшілігі  кейіптеу  тәсілі  арқылы 
туындап тұрғаны анық. 
Ақынның өлең жинақтарының бірі «Шұғынық гүл төркіні» деп аталады. 
Бұл атаудың өзі ауыстыруға негізделген. Анықтай айтқанда «туған жер» деген 
ұғымды  ақын  «Шұғынық  гүл  төркіні»  деген  ауыстырумен  береді.  Жинақтай 
айтқанда,  осы  тұжырымға  тірелсек,  бұл  ауыстырулардың  өзі  бірнеше  күрделі 
ауыстыруға ұласады. 
   
 
Шұғынық гүл төркіні –
   
 
 
 
 
Шыршалы тау, шың іші –
   
 
Көкшіл мұнар құйылған
   
 
 
 
 
Көркемдіктің ыдысы.
Бұдан әрі туған жер – шұғынық гүл төркіні деген ауыстырумен ғана аталып 
отырады. 
   
 
Жалайыр Мұқа ...
   
 
Шұғынық гүлдің төркіні, сені сағынып,
   
 
Өзіңе жетпей, өтіпті дейді арманда.
   
 
...Шұғынық гүлдің төркіні, бірақ сенікі,
   
 
Қарауым барлық: арманым, ойым, қиялым.
Ақын  туған  жерін  осындай  ауыстырумен  атаса,  өзін  табиғаттағы 
өсімдіктермен ауыстыра бейнелейді:
   
 
...Шөлден де шөлін қандырған
   
 
Жыңғылға тартқан ұл едім.
   
 
...Кезінде шыққан «қымызға»
   
 
Күшәла болып қосылдым.
   
 
...Қаймақтай аппақ әжемнің
   
 
Қалампыр болдым шайына.
   
 
...Жылтырып аққан арықта
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

197
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
   
 
Жалбызың құсап отырғам.
«Жалбызың құсап» – метафоралық теңеуге жатады.
   
 
Шұғынық гүлдің төркіні, 
   
 
Шөбіңмін сенің сәулелі... [3]
Ақын  өзінің  туған  жерге  деген  перзенттік  сүйіспеншілігін  таныту  үшін 
ауыстыруларды мақсатты, жүйелі түрде қолданған. Бұл ауыстырулар адам мен 
табиғат  бірлігіне  негізделген  танымнан  бастау  алып,  бейнелі  ойлау  жүйесінің 
табиғаты бойынша белгілі бір көркемдік-идеялық жүкті көтереді.
Ж.  Жақыпбаевта  адам  (кейіпкер)  бейнесін  табиғаттағы  зат  немесе 
құбылыспен ауыстыра бейнелеу  тәсілі басым. Мысалы,  ақын  өлеңінің  өзегіне 
айналған Ләйлә бейнесінің өзі бірнеше ауыстырумен сипатталады. 
Жұматайда  қыз  –  гүл  деген  дәстүрлі  ауыстыру.  Ләйлә  –  Шұғынық  гүл 
түрінде дәстүрлі негізде жаңашылдықпен туындаған ауыстыруға келіп ұласады. 
Сонымен қатар гүл – тіршіліктің, өмірдің белгісі. Жұматайдың енді бір жаңалығы: 
жоғарыда айтқанымыздай, шұғынық гүл төркіні деп туған жерін бейнелеуі. Көне 
мифтерге жүгінсек, гүл адамның екінші түрге ауыстырылуынан пайда болған. 
Мысалы,  грек  мифтеріндегі  Нарцистің  гүлге  айналуы.  Енді  бірде  қасиетті 
адамдардың қаны тамған жерге өсіп шыққан гүл өмір, тіршілік ишарасы ретінде 
қазақ поэзиясында көп қолданыста көрінеді. Мысалы: 
   
 
Өртенген үй орнына 
   
 
Өскен жалғыз қызғалдақ, –
деген Қасым Аманжолов өлеңінде қызғалдақ – мәңгі үзілмес тіршілік символы 
ретінде бейнеленген. 
«Бұл түстік гүлі ерте дәуірлерде көктемнің, махаббатың солып, көктемде 
қайта жаңғыратын, жаңарып түлейтін тіршіліктің символы болды («өлу – қайта 
тірілу»  метафорасы)»  деген  тұжырымды  негізге  алсақ  [4],  Ж.  Жақыпбаевтың 
туған жерді «Шұғынық гүл төркіні» деген ауыстырумен беруінің мәнін тереңнен 
іздейміз.  Туған  жер  –  ақын  үшін  тіршіліктің  бастауы  –  мәңгілік  жалғасқан 
өмірдің  жарқын  бейнесі,  кешегі  мен  бүгінді,  бүгін  мен  ертеңді  жалғастырып 
тұрар қасиетті мекен. 
Ауыстыру  тәсілін  дара  поэтикалық  стильді  танытатын  бір  белгі  десек, 
Ж.  Жақыпбаев  пен  Ж.  Әбдірашев  поэзиясына  тән  ауыстырулардың  өзіндік 
ерекшелігі бар екенін осы тұрғыдан зерделеген жөн. 
Ж. Әбдірашевтің «Қара жол» өлеңі тұтастай ауыстыру сипатында жазылған. 
Ең әуелі қара жол – лирикалық кейіпкердің кәдімгі ауылдан шығар қара жолды 
аңсаған, балалық шаққа деген сағынышы. Сол қара жол – балалық шақ ұғымымен 
астасып, сезім мен сағынышты бейнелеуде ақын төмендегідей ауыстыру тәсілін 
пайдаланады:
А.Қ. СЕЙПУТАНОВА, Қ. ТӨЛЕТАЙ. 1 (69) 2016. Б. 194-201   
 
 
                ISSN 1683-1667 

198
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
 
 Кенеттен көңілінде құйын тұрып,
 
 Жанының дірілдейді жапырағы [5].
Өлең соңындағы түйін астары да тереңде:
   
Ешқашан қара жолды шаң баспайды,
   
Інілер ізіне ерген аман болса [5].
Ауыстырудың  сезім  халін  танытудағы  ерекше  мүмкіндігін  ақынның 
«көңілде құйын тұру», «жанының жапырағы дірілдеу» деген суреттеулерінен 
анық көруге болады. Жан дүниедегі арпалысты табиғат құбылыстары арқылы 
бейнелеу  –  ақын  қаламына  тән  басты  ерекшеліктердің  бірі.  «Сортопырақ» 
поэмасындағы лирикалық қаһарман сезімінің алай-дүлей халде болуы
   
Сыртым шуақ болғанмен, ішім – боран [6] 
түріндегі ауыстырумен берілген. Арал тағдырына алаңдап, оның қасіретін шеккен 
лирикалық кейіпкер халін дәл танытуда бұл ауыстырудың мәні зор. Адамға тән 
іс-әрекет пен көңіл күйді табиғаттағы зат пен құбылысқа телитін ауыстыру түрі 
де ақын өлеңдерінің көркемдік мүмкіндігін кеңінен таныта алған. Оған мысал 
ретінде «Жартас жыры» өлеңін алуға болады. 
 
Мен – жартаспын!
 
Мен – жартаспын!
 
Жартаспын!
 
Атасымын, анасымын бар тастың.
 
Тұла бойын түк басқанда, мүк басқан
 
Ал өзегі – өрлікке толы өр тасқын!
 
Күнді – түнге,
 
Түнді – күнге, таңға ұрып,
 
Қозғалмаймын мәңгілік!
 
Міз бақпаймын, сыздап қалған жүзімде
 
Айтар әнім, қайталарым – жаңғырық!
 
Қаншама жыл,
 
Қанша ғасыр озбасын,
 
Мысым өктем, күші жеткен қозғасын...
 
Тоздыруда, аздыруда тек қана,
 
Пора-пора, сора-сора көз жасым! [6]
Жартас атынан айтылатын өлең жолдарында мінез, қозғалыс, ой мен сезім 
бар. Ауыстыру ұлғая келе кейіптеу тәсіліне ұласып, табиғаттағы жансыз жартас 
адамға  тән  тұлғасымен  көрінеді.  Ақын,  сонымен  қатар  дерексіз  ұғымдарды 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

199
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
ауыстыру арқылы деректендіріп, бейне жасауға шебер. «Уақытқа уәж» өлеңінде 
уақыт  ұғымын  нақты  белгілермен  сипаттайды.  Уақыт  лирикалық  кейіпкерді 
«қылбұрау  салып  қинайтын»,  «кейде  есіртіп,  кейде  еңсесін  езіп,  қара  таспен 
бастыратын»,  енді  бірде  «сайтандай  секіртіп,  еншісі  бір  егіздей  еркелейтін», 
«сайқалдың  мінезіндей  мінезі  бар»,  «бейқам  жанның  аз  ғұмырын  ұрлайтын» 
деректі әрекет иесіне айналады [6]. Арнау түріндегі бұл өлеңдегі көркемдік тәсіл 
тұтастай ауыстыру түрінде келіп, кейіптеуге сіңіскен. 
Ж.  Әбдірашев  ауыстыруларды  әр  ақынның,  жазушының,  қайраткердің 
өзіндік болмысын танытатын сөзден, құбылыстан іздеп, сәтті поэтикалық сурет 
жасайды.
Замандас  қаламдастарды  жоқтаған  жырларынан  да  тың  сипатты 
ауыстырулар мол орын алатынын Х. Ерғалиевке, Т. Айбергеновке, З. Шүкіровке, 
т.б. арнаған өлеңдерінен көп мысалдар табуға болады. 
 
Қауымды ойлап жүргенде құты қашқан,
 
Ту сыртымда қалыпты тауым жайрап.
 
Сүлей Сырға сұрау сап жүргенімде 
 
Алғандаймын жоғалтып Ақ жайықты.
 
Аралымды жүргенде аза тұтып,
 
Атыраудан айрылып қалғандаймын [6].
Бұл  –  Х.  Ерғалиевке  арналған  жыр.  Ақынды  тау,  Ақ  жайық,  Атырау 
сияқты  табиғаттағы  заттармен  ауыстыра  бейнелегенде  оның  қазасының  өзіне 
қаншалықты ауыр тигенін аңғартады. Өмірден ерте кеткен Төлеген Айбергеновке 
арналған жырындағы ауыстырулар тың сипатымен, кейіптеуге ұласқан күрделі 
поэтикалық жүйесімен ерешеленеді:
 
Аққусың тағдыр – мергеннің
 
Оғына ерте жолыққан [6], –
деген жолдардағы ауысырулар «ақын-аққу», «тағдыр-мерген» жұбын құрайды. 
Дәл осы сипат Төлеген болмысын таныта түседі. 
 
Тырналар үркіп, тыраулап,
 
Селк ете қалды ерке елік.
 
Көзінде дала бір аунап,
 
Көкжиек сөнді өртеніп.
 
Жайды жел суық хабарды,
 
Тілімен арлы дұшпанның...
А.Қ. СЕЙПУТАНОВА, Қ. ТӨЛЕТАЙ. 1 (69) 2016. Б. 194-201   
 
 
                ISSN 1683-1667 

200
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
 
Қызғаныш ізі жоғалды
 
Жүзінен қарлы қыстардың!
 
Жұлдызы ағып жанардан
 
Көрісті таңға түн жылап.
 
Күңіреніп сол сәт көк орман
 
Жас көктем қалды тұнжырап [6].
Өлеңге  құс  сипатын  таңу  –  поэзияда  қалыптасқан  көркемдік  ұғым 
болғанымен,  Жарасқан  сол  ұғымды  тереңдетіп,  күрделендіріп,  жаңа  өрнек 
табады:
 
Сыңарың болған сырлы өлең
 
Сұңқылдап ұшып барады [6].
Құс  сипатты  өлең  «сырлы»  айқындауымен  тіркесіп  келіп,  «сұңқылдап 
ұшуымен» әсерлі суретке айналған.
Жалпы  алғанда,  Ж.  Әбдірашев  ауыстыруларды  көркемдік  мазмұнда 
бейнелеуде  өзіндік  тәсілмен,  айрықша  стильмен,  жаңаша  мән-мазмұнмен 
күрделендіре қолданады.
Өлеңдерінен ауыл тіршілігі, табиғат суреті көп орын алатын К. Мырзабеков 
стиліне де тән ерекшеліктердің бірі – сол табиғи тірлікті суреттеудегі ауыстырулар 
жүйесі  десе  де  болады.  «Он  жыл  ғой»  өлеңіндегі  ауыстырулар  ақынның 
поэтикалық әлемін таныта түсуге мысал. 
 
«– Япыр-ай, содан бері он жыл уақыт» – 
 
дедім де, демім шықпай қалдым қатып.
 
Ғұмырдың кештім екен қанша жолын,
 
Арбасын тіршіліктің салдырлатып [7].
Келтірілген  өлең  жолдарындағы  «ғұмыр  жолы»,  «тіршілік  арбасы»  – 
кеңшіліктен  ғана  ұшырасар  ауыстырулар.  Сондай-ақ  осы  өлеңдегі  «тағдыр 
заңы», «дүние-көкпар» қолданыстары да ақынның поэтикалық қарымын танытар 
суретті сөздер: 
 
Тағдырдың заңы қандай тастай қатты...
 
Келемін дүние-көкпар додасында [7].
Өмір бейнесін беруде де тың ауыстыру қолданысқа енген:
 
Ығыңа жүріп, ықтиярыңа көнгенмен,
 
Ойнама бекер Өмір дейтұғын мергенмен [8].
Метафоралық  сипаттағы  «Аңыз»  [8]  өлеңінде  рух  азаттығы,  еркіндік 
ұғымдары «еркін құс» түрінде келтіріліп, сол еркіндіктің қапасқа түскені торға 
қамалуымен суреттелген. Жер мен аспан – сол еркін құстың екі анасы делінген 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

201
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
тұспал жалпы өмір, жаратылыс, тірлік атаулының символы тәріздес. 
Мұқағали  Мақатаевқа  арналған  «Екі  кездесу»  [8]  өлеңінде  Мұқағали 
аузынан айтылатын «Ел  қорық, Еркін – менің қорықшым ғой» ауыстыруы ақын 
тағдыры мен танымын суреттеуде маңызды рөл атқарып тұр.  
Ақындық  стильді  танытатын  құбылту  (троп)  түрлерінің  бірі  ауыстыру 
-жалпы  көркем  туындының  поэтикалық,  эстетикалық  мәнін  тереңдетер 
маңызды құрал болып табылатынына жоғарыда біз сөз еткен замандас ақындар 
поэзиясы толық дәлел бола алады. Құбылту түрлерінің бейнелілік саласындағы 
қызметі көп қырлы екені белгілі. Бұл туралы теориялық еңбектерде бірсыпыра 
тұжырымдар  айтылған.  «Тілімізде  құбылту  үш  мәселені  қамтиды.  Бірінші  – 
танымдық; екінші – даралау; үшінші – субъективті бағалау. Осы ерекшеліктер 
суреткер  үшін  дара,  эстетикалық,  көркемделген  бейне  жасауда  құбылтудың 
маңыздылығын арттыра түседі» [9], – деген Л.И. Тимофеев тұжырымына сүйене 
отырып,  құбылту  түрлерінің  стиль  танытудағы  көркемдік  қызметін,  ақындық 
даралықты айқындаудағы маңыздылығын терең тануға мүмкіндік беретініне көз 
жеткізуге тырыстық.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Негимов С. Өлең өрімі / С. Негимов. – А., 1980. – Б. 24.
2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы / З. Ахметов. – А., 1973. – Б. 20. 
3. Жақыпбаев Ж. Шұғынық гүл төркіні Ж. Жақыпбаев /. – А., 1984. – 166 б. 
4. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық / З. Ахметов. – Астана, 2002. – Б. 126.
5. Әбдірашев Ж. Перзент парызы / Ж. Әбдірашев. – А., 1980. – Б. 62, 63.
6.  Әбдіраштың  Жарасқаны.  Құлпытас  /  Жарасқаны  Әбдіраштың.  –  А.,  2001.  – 
Б. 30, 33, 34, 65, 95, 123, 124. 
7. Мырзабеков К. Көктем көкжиегі / К. Мырзабеков. – А., 1978. – Б. 73.
8. Мырзабеков К. Қасиетті қас-қағым / К. Мырзабеков. – А., 1985. – Б. 30, 31, 37.
9. Тимофеев Л. Основы теории литературы / Л. Тимофеев. – М., 1963. – С. 204.
REFERENCES
1. Negimov S., Olen orimi. A., 1980 (in Kaz).
2. Akhmetov Z., Olen sozdin teoriyasy. A., 1973 (in Kaz).
3. Zhakypbaev Zh., Shugynyk gul torkini. A., 1984 (in Kaz).
4. Akhmetov Z., Poeziya shyny danalyk. Astana, 2002 (in Kaz).
5. Abdirashev Zh., Perzent paryzy. A., 1980 (in Kaz).
6. Abdirashtyn Zharaskany Kulpytas . A., 2001 (in Kaz).
7. Myrzabekov K., Koktem kokzhiegi . A., 1978 (in Kaz).
8. Myrzabekov K., Kasietti kas kagym. A., 1985 (in Kaz).
9. Timotheev L., Osnovy theories of literature. M., 1963 (in Russ).
 
А.Қ. СЕЙПУТАНОВА, Қ. ТӨЛЕТАЙ. 1 (69) 2016. Б. 194-201   
 
 
                ISSN 1683-1667 

202
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
ӘОЖ 343.2/.7(574)
А.А. СОЦИАЛОВ, Р.А. ОРСАЕВА 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Өскемен қ., Қазақстан
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ 
БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖАУАПТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақалада  Қазақстан  Республикасындағы  кәмелетке  жасы  толмағандардың 
қылмыстық құқық бұзушылықтарына қылмыстық жауаптылық мәселелері мен олардың 
құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесін 
белгілейтін  және  кәмелетке  толмағандармен  жұмыс  жүргізетін  органдар  жүйесінің 
қызметтерін  ұйымдастырудың  негізін  бекітетін  нормативтік  құқықтық  актілер 
жиынтығын саралай отырып, оның проблемалары қарастырылған.
Түйін  сөздер:  кәмелетке  толмаған,  Қылмыстық  Кодекс,  жасөспірім,  қоғам, 
қылмыс.
ВОПРОСЫ УГОЛОВНОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ ЗА 
ПРАВОНАРУШЕНИЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ
В  статье  рассматриваются  вопросы  уголовных  правонарушений  и  уголовной 
ответственности  несовершеннолетних  в  Республике  Казахстан,  обеспечение 
защиты  их  прав,  системы,  организующей  работу  с  несовершеннолетними,  органов, 
устанавливающих правовой статус несовершеннолетних и нормативные правовые акты. 
Анализируется совокупность услуг, утверждаются основы и его проблемы.
Ключевые слова: несовершеннолетний, Уголовный Кодекс, подросток, общество, 
преступление.
SOME ISSUES REGARDING LEGAL RESPONSIBILITY 
FOR JUVENILE CRIMES
The article consider issues of legal offence and legal responsibilities of minors in the 
Republic of Kazakhstan. It also involves question on protection of their rights, the system that 
defines a legal status of minors and normative legal acts. The services in the aggregate and 
considered, and foundations and problems are defined.
Keywords: minor, legal code, juvenile, society, crime.
Егеменді  елімізде  кәмелетке  жасы  толмағандарға  қарсы  жасалатын 
кәмелетке жасы толмағандарға қарсы қылмыстардың да, керісінше, кәмелетке 
жасы  толмағандар  қолымен  жасалатын  қылмыстардың  да  көбеймесе, 
азаймағандығын көрудеміз.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  кәмелетке 
жасы  толмағандар  қолымен  жүзеге  асатын  қылмыстармен  күрес  мәселесіне 
көп  көңіл  бөліп,  оның  алдын  алу  жөнінде  үнемі  құқық  қорғау  органдарының 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

203
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
қызметкерлеріне нұсқау беріп, оның орындалуын жіті назарда ұстайтыны белгілі.
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  Кодексінің  Ерекше  бөлімінің 
2-тарауында  отбасына  және  кәмелетке  толмағандарға  қарсы  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтар  үшін  қылмыстық  жауаптылық  қарастыратын  нормалар 
жинақталған. Осы тектес қылмыстық құқықтық нормалар үшін жеке тараудың 
ажыратылуы  бұл  бағыттағы  қылмыстық  құқықтық  күрестің  маңыздылығын 
көрсетеді.  Мұндай  жағдай  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 
ережелеріне,  халықаралық  құқық  нормалары  мен  қағидаларына  сәйкес  келеді 
деп атауға болады.
2014  жылы  жасалған  жалпы  қылмыстардың  ішіндегі  кәмелетке 
толмағандардың  үлесі:  ересектермен  бірлесіп  жасаған  қылмыстардың  саны 
–  2194,  кәмелетке  толмағандардың  топтасып  жасаған  қылмыстары  2075-ті 
құрайды. Бұл көрсеткіштер кәмелетке толмағандар қылмыстылығының алдын 
алу, ескертудің әлі де болса жеткіліксіз екендігінің айғағы.
Статистикаға сүйенсек, заң бұзып, қылмыс жасаушы кәмелетке толмаған 
жасөспірімдердің  көбі  толық  отбасында  тәрбиеленбегендер,  олардың  ішінде 
29%-ы  –  әкесіз  тәрбиеленгендер,  ал  ата-анасының  екеуі  де  қызметте  болып, 
тәрбиеге  уақыт  болмауы  8%-ды  құрайды.  Осындай  жағдайлардың  әсерінен 
қадағалаусыз  қалған  жасөспірімдер  әртүрлі  психологиялық  табыссыз 
факторлардың туындауына, одан әрі құқық бұзушылық әрекеттерге, содан барып 
қылмыс  жасауға  орын  береді.  Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығының 
90%-ы осы қадағалаудың болмауының салдарынан екенін атай кеткен жөн.
Кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің қылмыс жасаудағы бірден-
бір  кең  таралған  себептерінің  бірі  алкогольдік  және  есірткі  заттарды  қолдану, 
сонымен  қатар  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды  көп  қолдану  болып  келеді. 
Алкогольдік  және  есірткі  заттарды  қолданудың  бірден-бір  себебі  ретінде 
қызығушылық 52,3%-ды көрсетеді, өзінің рақат сезімі үшін – 19,2%, достары-
нан қалмау – 10%, ал қалған бөлігі депрессия жағдайында бір нәрсені ұмыту, бір 
нәрсемен айналысу болып табылады.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі балалардың 
құқығын қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәмелетке  толмағандардың  құқықтарын  қорғауды  қамтамасыз  ету 
олардың  құқығын  қорғаумен  тікелей  байланысты.  Құқық  қорғау  дегеніміз  – 
қоғамдық қатынастарға қатысушы ретінде кәмелетке толмағандардың құқықтық 
мәртебесін  (құқықтары,  міндеттері,  құқықтары  мен  міндеттерінің  сақталу 
кепілдігі) белгілейтін және кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізу бойынша 
органдар жүйесінің қызметтерін ұйымдастырудың негізін бекітетін нормативтік 
құқықтық  актілердің  жиынтығы.  Құқықтық  қорғау  кәмелетке  толмағандарға 
қатысты  қоғамның  барлық  саласын  қамтиды:  тәрбие,  білім  беру,  денсаулық 
А.А. СОЦИАЛОВ, Р.А. ОРСАЕВА. 1 (69) 2016. Б. 202-209 
 
 
 
                ISSN 1683-1667 

204
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
сақтау, еңбек ету, әлеуметтік қамтамасыз ету, демалыс [5].
Қазіргі уақыттағы кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот 
ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, 
оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік 
құбылыспен  байланысты  болып  отырған  аталған  жас  категориясына  жататын 
тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дұрыс орындау 
үшін  құқық  қорғаушы  органдар  тарапынан  көбірек  күш  салу  қажеттілігін  де 
жатқызу қажет.
Қоғамда  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өзгерістердің  ірі  көлемді 
және  жылдам  процестері  жүріп  жатқан  қазіргі  уақытта,  әсіресе  дүниетанымы 
әлі  толық  қалыптаспаған,  құндылықтар  жүйесі  тұрақсыз  жастар  үшін  қиын 
болып  отыр.  Жасөспірімнің  адамгершілік  пен  құқық  туралы  түсінігі  оның 
жас  ерекшелігіне  байланысты  вербалдық  деңгейде  –  ол  жете  түсінуге,  оның 
мінез-құлқының  автоматты  реттегішіне  айналуға  жеткен  жоқ.  Қазіргі  уақытта 
жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын 
алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі 
тиіс.  Өйткені  қылмыс  дегеніміз  –  әлеуметтік  дерт,  ал  жасөспірімдердің 
қылмыстылығы – өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде 
мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
Жасөспірімдер  қылмысымен  күрес  біздің  қоғамдағы  қылмыспен  күрес 
міндеттерінің  маңызды  құрамдас  бөлігі  болып  табылады.  Қылмыстың  алдын 
алу,  оған  жібермеу,  ескерту  жөніндегі  шаралардың  одан  әрі  күшейтілумен 
қатар,  бұл  міндеттің  орындалуы  әрбір  жасалған  қылмыс  үшін  әділ  жазадан 
құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.
Кәмелетке  толмағандар  ісін  жүргізу  тәртібі,  кәмелетке  толмағандардың 
жас  және  әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  осы 
категориядағы  істерді  жүргізудің  өзгешілігі  мәселелерін  Кеңестік  кезеңнің 
өзінде  Г.М.  Миньковский,  К.К.  Сперанский,  В.  Рыбальская,  Л.  Голубева, 
А.  Лиеде,  т.б.  ғалым-заңгерлер  зерттеді.  Бұл  мәселелермен  Қазақстанда 
К. Бегалиев, С.А. Шапинова және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың 
жұмыстарында  жасөспірімдер  қылмыстылығымен  күрес  проблемаларын 
зерттеуге,  оның  алдын  алуға,  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық 
жауапкершілігі  мен  оларды  жазалау  мәселелеріне  көп  көңіл  бөлінді.  Қазіргі 
уақытта  мемлекеттегі  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  салдарынан 
туындаған  жасөспірімдер  қылмыстылығының  жоғары  деңгейге  жетуі  панасыз 
балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір 
сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда [2].
Жаңа  қылмыстық  кодексте  кәмелетке  толмағандардың  қылмыстық 
жауаптылығы  жеке  дараланған,  арнаулы  бөлімде  көрсетілген.  Бұл  дегеніміз 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

205
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
мемлекеттің  әділеттілік  және  ізгілік  принциптерін  басшылыққа  ала  отырып, 
кәмелетке  толмағандардың  жас  жағынан  және  ақыл-ойы  жөнінен  толық 
жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі 
болып  табылады.  Осыған  орай  қылмыстық  заң  кәмелетке  толмағандарға 
ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын 
ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу 
қылмыстық  жазаның  мақсаттарына  жетудің  бірден-бір  оңтайлы  жолы  болып 
табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза 
болып  табылмайтын  тәрбиелік  сипаттағы  мәжбүрлеу  шараларын  кеңінен 
қодануды белгілеген.
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  Кодексінің  80-бабының  1-ші 
тармағына сәйкес, кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы 
он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Яғни қылмыстық 
жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас – он төртке толу. Ресейдің, Австрияның, 
Германияның,  Жапонияның  қылмыстық  заңдарында  да  осылай  көрсетілген. 
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы Францияның қылмыстық 
кодесінде – 13, Нидерландия, Партугалия – 12, Жаңа Зеландияда – 10, Ирландия 
құқығында 7 жас деп көрсетілген. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі 
бойынша он төртке толмаған адамдар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. 
Он  төртке  толмаған  жасөспірімдер  өзінің  істеген  іс-әрекетінің  қоғамға 
қауіптілігінің мәңін жете түсінбейді және өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.
Егер  кәмелетке  толмаған  адам  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық 
Кодексінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты 
емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа 
ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің, әрекетсіздігінің іс 
жүзінде сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса, не оған 
ие бола алмаса қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиісті емес.
Егер кәмелетке толмаған адамның (14-16 жас) есінің дұрыстығын жоққа 
шығармайтын  психикасының  бұзылуы  оларды  қылмыстық  жауаптылықтан 
босатпайды,  бірақ  бұл  мән-жайды  сот  жаза  тағайындау  кезінде  жеңілдететін 
мән-жай  ретінде  ескереді  және  ол  қылмыстық  заңда  көзделген  медициналық 
сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады.
Қылмыс  жасаған  кезде  он  сегізге  толған  адам  кәмелетке  толмаған  деген 
«атаққа» ие бола алмайды. Бірақ та ҚК-нің 87-бабының талабына сәйкес он сегіз 
бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған әрекетінің 
сипатын  және  жеке  басын  ескере  отырып,  сот  ерекше  жағдайларда  оларға 
кәмелетке  толмағандарға  арналған  арнаулы  тәрбие  немесе  емдеу,  тәрбиелеу 
мекемесіне  орналастыруды  қоспағанда  осы  бөлімнің  ережелерін  қолдана 
алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-әрекеттің мәні 18 бен 20 жас 
А.А. СОЦИАЛОВ, Р.А. ОРСАЕВА. 1 (69) 2016. Б. 202-209 
 
 
 
                ISSN 1683-1667 

206
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
аралығындағы  адамның  жас  мөлшеріне  байланысты  және  психикалық  жете 
дамымауынан болу қажет [1].
Қылмыс  жасаған  жасөспірімдер  ісі  жөніндегі  комиссия  мен  полиция 
орындарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяны дер кезінде анықтап, тәртіпке 
шақырмаушылық  көптеп  кездесіп  жатыр.  Қылмысқа  барған  жасөспірімдерді 
қайта  тәрбиелеу  процесін  ұйымдастыруда  психологтер  жасөспірімдердің 
психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  білулері  қажет.  Себебі,  қандай  да  бір 
психолог  ықпалдар  жасамасын,  олар  жасөспірімнің  ішкі  жан  дүниесімен 
сабақтасып жатуы тиіс. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасаулары, 
көбінесе  олардың  ересектерге  еліктеуiмен  анықталады  да,  жалпы  қылмыстың 
өсіп отырғанын осымен байланыстырамыз.
Қылмыстық  әрекеттің  басты  себебі  –  жасөспірімнің  пайдалы  iспен 
айналыспауы  десек,  жоғарғыда  айтып  кеткендей,  оның  бос  сандалыстан  көп 
өкінішті жағдайларға ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті.
Ішкі  қажеттілік  бойынша  психологиялық  және  педагогикалық  тұрғыдан 
қараусыз  қалған  жасөспірімдерді  мынадай  4  топқа  бөлуге  болады:  1)  тентек 
немесе ерке жасөспірімдер; 2) отбасы тарапынан шеттетіліп, көзтүрткі көрген 
жасөспірімдер; 3) қараусыз қалған жасөспірімдер; 4) жат әрекеттердің тұрақты 
ықпалындағы  және  ересектердің  құқыққа  қарсы  талаптарының  әсеріндегі 
жасөспірімдер.
Қылмысқа  бару  себептеріне,  яғни  көбіне  әу  баста  дұрыс  бағыт-бағдар 
болмауы, көргені мен естігендеріне еліктеуі мен қылмыс әлеміне бейім болуы 
жатады.  Сонымен  қоса  отбасының  бала  тәрбиесіндегі  жауапкершіліктің 
төмендеуінен, көп жағдайда ата-ана, тіпті заңды айтпағанда, қарапайым өзінің 
баласы алдындағы ата-аналық, моральдық жауапкершіліктерінің бар екендігін 
ұмытып, артынан опық жеп жататындары қаншама. Тағы бір себеп, ол ата-ана 
мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың жоқтығы, тіптен осы ұғым кейбір 
ата-аналар үшін өзара келіспеушілікке, жауапсыздыққа әкеліп соғатыны аз емес. 
Осы орайда, бала тәрбиесіне немқұрайды, жауапсыздық танытқан ата-аналарға 
мектеп тарапынан қолданыстағы заң күшін қолдану көп жағдайда жеткіліксіз, өз 
деңгейінде болмауы салдарынан жекелеген жасөспірімдер бақылаудан шығып, 
жүгенсіздікті  сезініп,  қылмысқа  қалай  баратындығын  білмей  жататыны  да  аз 
емес. Сондықтан да, ең бастысы отбасындағы, білім ошақтардағы тәрбиені дұрыс 
жолға  қойған  орынды.  Мектеп  қабырғасынан  кетіп  қалған,  оқуда  не  жұмыста 
жоқ жасөспірімдер мен жастар және бұрын сотты болғандарды қылмысқа бой 
ұрғызбау үшін олардың бос уақыттарын қоғамға да, өзіне де пайдалы өткізуін 
ойластырса,  жұмыспен  қамтамасыз  етілуін  ескеріп  қана  қоймай,  құзырлы 
мекемелер шешіп отырса, дұрыс болар еді.
Кәмелетке толмағандардың жеке тұлғасының қалыптасуында маңызды рөл 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

207
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
атқаратын,  белгілі  бір  жағдайларда  қылмыс  жасауға  апаратын  криминогендік 
жағдайларды  атап  өткен  жөн.  Отбасындағы  келеңсіз  әсерлер:  отбасылық 
тәрбиедегі  кемшіліктер  көптеген  жағдайда  жеке  тұлғаның  кері  қалыптасып, 
кейін нақты жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсуіне әсер етеді. Кәмелетке 
толмағандар  қылмыстылығының  30-40%-ы  ата-аналардың  және  отбасындағы 
үлкендердің  келеңсіз  әсерінен  болатындығы  анықталған;  ата-аналардың 
дағдарыс  жағдайында  (уақытша  және  созылмалы)  балаларының  қажеттілігін 
қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы: бұндай отбасында үмітсіздік, әлеуметтік 
көре алмаушылық, ауыр материалдық жағдайға ызалану туындайды. Әлеуметтік 
көмектің болмауына байланысты бұл жағдайлар қылмыстың ниетін, пайдақорлық 
қылмыстарын, ұрлық, бұзақылық және тағы басқаны туындатады. Жасөспірімнің 
мінез-құлқына  кері  әсер  ету  қылмыстық  әрекеттердің  жол  берілетіндігі  және 
жазаланбайтындығы  туралы  дұрыс  емес  көзқарас  қалыптасуынан  болады. 
Ересек қылмыскерлердің жағынан айдап салу: бұл алдын ала ішімдікке, құмар 
ойындарына, қылмысқа дейінгі қоғамға жат мінез-құлықтың өзге де түрлеріне 
тартумен  байланысты.  Оқуды  тастап  кеткен  кәмелетке  толмағандардың  ұзақ 
уақыт бойы белгілі бір шұғылданатын істерінің болмауы: кездейсоқ қылмыстарға 
баруына не қылмыстық топқа еніп кетуге ықпал ететін қоғамға жат көзқарастар 
мен әдеттердің пайда болуына жағдай туғызады. Біздің қоғамда құндылықтарға 
жатпайтын іс-әрекеттердің жастардың ортасында үйреншікті нәрсеге айналады 
(күшке табынушылық, қаталдық, есірткі заттарына салыну және сол сияқты).
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарды 
қылмыстың  тікелей  орындаушысы  немесе  өзге  де  көмектесушісі  болуға 
жігерлендіруге,  ынтасын,  шешімін  қоздыруға  бағытталған  іс-әрекеттерді 
айтамыз.  Қылмыстық  іске  тартудың  әдісі  заңда  тікелей  көрсетілмеген,  бірақ 
ол әртүрлі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл әрекет көбінесе психикалық 
әдістерді қолдану арқылы (қорқыту, уәде беру, алдау) немесе басқа да тәсілдерді 
қолдану арқылы жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарды үрейлендіру 
немесе оларды басқа бір қолайсыз жағдайларға қалдыратын әрекеттер жасаймын 
деген әрекеттер арқылы, олардың психикалық санасына әсер етулер қорқыту деп 
табылады. Қорқыту ауызша, жазбаша, телефон арқылы, дене қимылын көрсету 
арқылы  жүзеге  асырылуы  мүмкін  және  мұндай  қорқытулар  жәбірленушінің 
тікелей өзіне немесе оның таныс адамдарына білдірілуі хақ [4].
Кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерге немесе қоғамға қарсы 
iс-әрекеттер  жасауға  тарту  туралы  iстердi  тергеген  және  қараған  кезде  бұл 
қылмыстардың тек қасақана жасалатынын ескеру қажет.
Мұндайда қылмыстық жауаптылық, егер айыпты адам осындай қылмысқа 
тартылған  адамның  кәмелетке  толмағанын  анық  бiлген  жағдайда  ғана 
туындайтынын басшылыққа алу қажет.
А.А. СОЦИАЛОВ, Р.А. ОРСАЕВА. 1 (69) 2016. Б. 202-209 
 
 
 
                ISSN 1683-1667 

208
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тарту деп қылмысқа тартушы 
адамның  кәмелетке  толмағанның  қылмысқа  қатысуға  ынтасын  (ниетiн, 
ұмтылысын) және дайындығын қалыптастыру жөнiндегi мақсатты әрекеттерiн 
тану  қажет.  Мұндайда  ересек  адамның  әрекеттерi  белсендi  болуы  тиiс  және 
психикалық немесе денесiне зиян келтiрумен (ұру, көндiру, қауiп туғызу және 
қорқыту,  ақша  беру,  алдау,  кек  алу,  қызғану  және  өзге  де  ұждансыз  сезiмiн 
қоздыру, жауапсыздыққа сендiрiп, қылмысты жасаудың орны мен тәсiлiн немесе 
оның  iздерiн  жасыру  туралы  кеңес  беру,  жасаған  әрекеттер  үшiн  ақы  төлеуге 
немесе  ұрланған  заттарды  сатуға  көмектесуге  уәде  беру  және  тағы  басқа) 
ұштасуы мүмкiн.
Тергеу органдары және соттар кәмелетке толмағанды қылмыстық немесе 
өзге  қоғамға  қарсы  әрекеттерге  тарту  мақсатында  ересектердiң  қандай  нақты 
әрекеттер жасағанын көрсетуге мiндеттi.
Ересек  адамның  кәмелетке  толмағанға  психикалық  немесе  денесiне 
зиян келтiрмей, қылмыс жасау туралы өздiгiнен жай ұсыныс айтуы кәмелетке 
толмағанды қылмыстық әрекетке тарту болып табылмайды.
Еліміздің  болашағы  ұрпақ  тәрбиесінде.  Бүгінгі  таңда  жастарға  әлемдік 
ғылым  мен  прогресс  деңгейіне  сәйкес  білім  мен  тәрбие  беру,  оның  рухани 
байлығы  мен  мәдениеттілігін,  ойлай  білу  мүмкіндігін  жетілдіру,  сонымен 
қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті 
қоғамның міндеті болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (қолданыстағы редакциясы).
2.  Сиськов  В.  Преступность  несовершеннолетних:  причины  и  следствия  / 
В. Сиськов. – Фемида. – №2. – 1995. – С. 59.
3. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық / А.Н. Ағыбаев. – Алматы, 2001. – 27 б.
4. Орсаева Р.А. Кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылығын ескертуде 
отбасының  алатын  орны  (қылмыстық-құқықтық  және  криминологиялық  сипаттама)  / 
Р.А. Орсаева. – Қазақстан Республикасы Заңнама Институтының Жаршысы. Ғылыми-
құқықтық журнал. – Астана, 2015. – №2 (38). – Б. 66.
5. http://www.juvencourt.kz/ 
REFERENCES
1.  Kazakhstan  Respublikasynyn  Qylmystyq  Kodeksi,  qoldanystaqy  redakciyasy  (in 
Russ).
2. Siskov V., Prestupnost’ nesovershennoletnih, prichiny i sledstviya. Phemida, 2, 1995
59 (in Russ).
3. Aqybaeva A.N., Qylmystyq quqyq. Almaty, 2001, 27 (in Kaz).
4.  Orsaeva  R.A.,  Kameletke  zhasy  tolmagandardyn  quqyq  buzushylyqyn  eskertude 
otbasynyn  alatyn  orny,  qylmystyq  quqyqtyq  zhane  kriminoloqiyalyq  sipattama,  Kazakhstan 
Respublikasy Zannama Institutynyn Zharshysy. Qylymi quqyqtyq zhurnal. Astana, 2015, 2, 38, 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

209
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
66 (in Kaz).
5. http://www.juvencourt.kz/
UDC 811.512.122

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет