ҚОҒамдық ЖӘне гуманитарлық Ғылымдар общественные и гуманитарные науки social sciences and humanities



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата14.02.2017
өлшемі1,09 Mb.
#4108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, Н. ДАРИВХАН
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 
Өскемен қ., Қазақстан
СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ ЖӘНЕ ТЕРМИН ТУДЫРУ АМАЛЫ
Сәрсен  Аманжоловтың  ғылыми  мұрасы  және  оның  термин  мен  терминжасам 
тәсілдері жөніндегі ұстанымдары мақаланың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. 
Термин  лексикасына  әртүрлі  ғалымдардың  берген  аңықтамалары  жүйелі  түрде 
көрсетіліп, терминдену ұғымы да сипатталады.
Түйін  сөздер:  ғылыми  мұра,  терминнің  дефинициясы,  терминжасамның  амал-
тәсілдері.
САРСЕН АМАНЖОЛОВ И СПОСОБЫ ОБРАЗОВАНИЯ НОВЫХ ТЕРМИНОВ
Объектом исследования статьи является научное наследие Сарсена Аманжолова 
и его принципы в терминообразовании. Предлагается целый ряд дефиниций лексеме 
термин, а также рассматривается переход общеупотребительного слова в статус термина.
Ключевые слова: научное наследие, дефиниция термина, способы образования 
новых терминов.
SARSEN AMANZHOLOV AND WAYS OF FORMATION NEW TERMS
The investigation object of the article is SARSEN AMANZHOLOV scientific heritage 
and his principles of term formation. A number of the lexeme definitions of the term, it also 
examines the transition of common words into the status of the term.
Keywords: scientific heritage, a term definition, ways of formation new words.
Сәрсен Аманжолұлы Аманжоловтың туған жері – Ертіс өзені бойы, Алтай 
тауының сілемі Қалбаның бауыры, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы 
(бұрынғы  Өскемен  уезі,  Терістаңбалы  болысы,  Егінсудың  төртінші  ауылы). 
Ол  1903  жылдың  27  желтоқсанында  дүниеге  келді.  Ата-анасы  Аманжол  мен 
Нарша кедей шаруа, батырақшылар болған. Отбасындағы сегіз баланың кенжесі 
болған Сәрсен (Сәрсенбай) оқуға қатты құмарланған. Ертіс пароходында жұмыс 
істейтін үлкен ағаларының қолдау көрсетуімен ол 1916 жылы Шыңғыстайдың 
орыс-қазақ мектебін бітірді.
Семейдегі  екіжылдық  педагогикалық  курсты  тәмамдағаннан  кейін  ауыл 
мектебінде (1919-1922 жж.), Бұқтырма уезінің төртінші бөлімінде халық соты 
(1922-1924  жж.),  Өскемен  уезі  атқару  комитетінің  аппаратын  ұлттандыру 
жұмысы бойынша жауапты хатшысы (1924-1926 жж.) болып қызмет етеді, кейін 
Ташкентке оқуға аттанады. 1930 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы» 
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, Н. ДАРИВХАН. 1 (69) 2016. Б. 235-243 
 
 
                ISSN 1683-1667 

236
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
мамандығы  бойынша  Ортаазиялық  мемлекеттік  педагогикалық  факультетін 
аяқтайды.  Осында  ол  ассистент  және  аспирант  болып  қалдырылса  да,  аспи-
рантураны  аяқтай  алмады.  Себебі  Қазкрайком  мен  ҚазПИ-дің  шақыртуымен 
Алматыға ауысты, алғашында ол ассистент болып қабылданды да (1931 жыл, 1 
қыркүйек), кейін (1932 жыл, 1 наурыз) қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының 
доценті болып тағайындалды.
1931 жылдан бастап С. Аманжолов Абай атындағы Қазақ педагогикалық 
институтында оқытушы болып, осында 30 жылдай қызмет етті; 1937 жылдың 
бірінші желтоқсанынан 1958 жылдың 28 қаңтарында көз жұмғанға дейін қазақ 
тілі кафедрасын басқарды.
С.  Аманжолов  Қазақ  ғылыми  зерттеу  институтының  Ұлттық  мәдениеті 
секторының тұңғыш директоры болды (1934-1936 жж.), бұл сектордан бірнеше 
академиялық институттар тарап, 1937-1942 жылдары Одақ Ғылым Академиясы 
Қазақ филиалының тіл және әдебиет секторының меңгерушісі (соғысқа аттанған-
ға  дейін),  1948-1958  жылдары  республиканың  Ғылым  Академиясындағы  Тіл 
және әдебиет институтының бөлім және сектор меңгерушісі болды.
1942 жылдың ақпанынан 1946 жылдың маусымына дейін С. Аманжолов 
Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметін өтеді. 
С.  Аманжолов  редакциясымен  төрт  томдық  «Орысша-қазақша  сөздік» 
Мәскеуде  ұлттық  сөздік  Баспасында  шығарылуға  беріледі,  алайда  соғысқа 
байланысты бұл сөздік баспадан шықпады, оның жартысы қысқартылып, басқа 
редакциямен шығарылады (1946 ж.). С. Аманжолов редакциясымен дайындалған 
«Қазақ  тілінің  Академиялық  сөздігінің»  І  және  ІІ  томдары  ҚазССР  Ғылым 
Академиясының  баспасына  тапсырылса  да,  сөздіктің  шығарылуы  1951-1952 
жылдары белгісіз себептермен тоқтатылды.
С. Аманжоловтың ғылыми еңбектерінде қазақ тіл білімінің барлық дерлік 
мәселелері  қамтылған:  әліпби,  емле,  терминология,  грамматикалық  құрылыс, 
лексикология, лексикография, қазақ әдеби тілінің диалектологиясы, ономастика, 
түркітану мәселелері, аударма теориясы, мектеп оқулықтары мен оларға арналған 
бағдарламалар т.т.
1940  жылдың  қарашасында  Республика  Жоғарғы  Кеңес  сессиясында 
қабылданған  қазіргі  қазақ  әліпбиі  және  қазақ  орфографиясының  негізгі 
тұжырымдары  «Жаңа  алфавит  және  қазақ  әдеби  тілінің  орфографиясы»  атты 
С. Аманжоловтың еңбегі негізінде жасалған.
Ол өз өмірбаянында былай деп жазып кеткен: «1930 жылдан бері жоғары  
оқу  орындарында  дәріс  беремін.  Абай  атындағы  қазақ  педагогикалық 
институтында  1931  жылдан  қызмет  істеп  келемін.  Сонымен  қатар  Қазақ  ССР 
Ғылым  академиясында  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  шұғылданамын. 
Атқарған жұмысымның нәтижесі: 1) бастауыш, орта және жоғары оқу орындарына 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

237
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
арналған қазақ грамматикасының негізін; 2) қазақ жазуының негізін (алфавит 
және орфография); 3) қазақ терминологиясының негізгі принциптерін; 4) қазақ 
диалектологиясының негізін түздім.
Орфографиялық,  орысша-қазақша  әскери  және  орысша-қазақша  ауыл 
шаруашылық сөздіктерін құрастырып, жалпы редакциясын басқардым.
Ғылыми жұмысқа ынталы он алты тіл маманын дайындадым, бүгінге оны 
ғылым кандидаты дәрежесін алды.
Бес  жыл  Совет  Армиясы  қатарында  қызмет  еттім.  Орыстан  басқа  ұлты 
өзге  жауынгерлер  арасында  лектор-үгітші  болдым,  армия  және  майдан  үгіт 
құрылымының бастығы болдым, армия, дивизия және полктердің үгітшілеріне 
семинарлар өткіздім» [1].
«Қазақ  тіліндегі  ғылыми  терминология  мен  аударма  мәселесі  туралы» 
еңбегінде  профессор  С.  Аманжолов  терминшығармашылыққа  көзқарасы  ен 
терминнің  қолданысы  жөнінде  төмендегідей  ой-ұстанымдарын  жүйелейді. 
«Қазақтың мыңдаған ұлттық кадрлары әртүрлі ғылым мен техника саласында 
қызмет етуде. Осы жағдайлардың нәтижесінде ғылым мен техниканың көптеген 
саласынан терминдер жасалып, күнделікті практикада қолданылып жүр. Мұндай 
терминдер қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамынан белді орын алып, қазақ тілін 
бұрын болмаған дәрежеде байытты. Осылардың арқасында әдеби тіліміз шын 
мағынасында буыны бекіп, нығайды.
Термин деп танылған, қабылданған сөздің бір-ақ мағынасы болуы керек. 
Екіұшты  мағына  беретін  сөз  термин  болып  жарытпайды.  Сондай  термин  сөз 
кейде  әртүрлі  ғылым  саласында  қолданылуы  мүмкін.  Мысалы,  «реакция» 
химияда,  физиологияда,  қоғамдық  ғылымдарда  бірдей  қолданылады.  Кейбір 
ғылымда  термин  сөз,  мысалы,  «обогащение»  (тау-кен  жұмысында)  әдебиетте, 
қоғам ғылымдарында термин болмай қалуы ғажап емес. Бірақ кейбір ғылымның 
(мысалы,  физика,  математика,  химия,  медицина  т.б.)  көптеген  термині  сол 
ғылымның  негізгі  қаңқасы  сияқты.  Ондай  терминдерді  білмеген  кісі  сол 
ғылымның маңына жолай алмайды. Демек, термин сөздер – жай сөз емес, ерекше 
құнды, мағынасы айқын, әрі терең, асыл сөз [2].
Бүгінгі таңда термин мен терминология жөнінде аз айтылып та, жазылып 
та жүрген жоқ. Ендігі кезекте толып жатқан анықтамалардың кейбіреулерін ғана 
мысалы ретінде келтірейік. 
«Термин зат. Белгілі бір ғылым мен техника саласындағы нақтылы ұғымды 
білдіретін атау сөз» [3] .
«Термин ( лат. terminus – шек, шекара) – ғылым, техника, өнер салаларында 
белгілі ұғымдарды белгілейтін бір мағыналы сөз» [4].
«Термин (лат. terminus – шекара) – ғылымның арнайы саласындағы ұғымды 
білдіретін сөз не сөз тіркесі. Нақтылы терминологиялық жүйе арқылы Т. тілдің 
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, Н. ДАРИВХАН. 1 (69) 2016. Б. 235-243 
 
 
                ISSN 1683-1667 

238
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
жалпы лексикалық жүйесін құрайды. Т. ерекшеліктері: жүйелілік; анықтамасының 
болуы; моносемиялығы; экспрессияның болмауы; стилистикалық бейтараптық» 
[5].
«Термин  (лат.  terminus  –  шек,  шекара)  –  ғылым,  техника,  өндіріс,  өнер 
саласындағы белгілі бір ұғымды атау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркесі. 
Мысалы: айналым, қосымша құн, меридиан.
Т. негізінен тілдің сөз байлығын пайдалану арқылы жасалады. Ғылым тілінің 
интернационалдық  сипат  алуына  байланысты  ХХ  ғ.  грек-латын  элементтері 
негізінде  жасалған  Т-дердің  салмағы  басым.  Халықаралық  Т-дер  негізінен 
Еуропа  тілдерінен  енген  сөздер.  Бұларды  игерудің  қазақ  тілінде  мынадай 
тәсілдері қалыптасқан: 1) мағыналық аударма жасау; 2) тілден соған сай балама 
табу; 3) бұл екеуіне көнбеген жағдайда қазақ тілінің дыбыстық, грамматикалық 
заңдарына  ыңғайлай  отырып,  басқа  тілден  Т.  қабылдау.  Т.  терминология  деп 
аталатын дербес лингвистикалық саланың объектісі болып табылады» [6].
«Термин  зат.  Ғылымда,  техникада,  искусствода  белгілі  бір  ұғымды 
білдіретін атау сөз» [7].
«Терминдер. Термин – латынның terminus деген сөзі. Қазақша мағынасы – 
бірдеменің шегі, шекара, шекаралық белгі. Терминдер – тілде ғылым мен техника 
мәдениеттің  әр  саласына  қатысты  белгілі  бір  ұғымды  дәл  білдіретін  арнаулы 
сөздер.  Терминдер  –  нақты  бір  ұғым  атауы.  Терминдердің  лексиканың  басқа 
түрлерінен басты айырмашылығы: көп мағыналы емес, бірақ нақты мағыналы 
болып  келеді;  оларда  эмоционалды  бояу,  экспессивті-стилистикалық  қызмет 
болмайды.
Терминдер, негізінен, ғылым-білімнің бір саласына – бір терминологияға 
тән болып келеді. Сонымен бірге кейбір термин ғылымының бірнеше саласында 
қолданылуы  мүмкін.  Сондай-ақ  ғылыми  терминология,  ғылыми-техникалық, 
публицистикалық,  техникалық,  саяси,  халықаралық  т.б.  терминология  сияқты 
тіркестер және соларға сай арнаулы атаулар – терминдер қолданылады.
Жеке  бір  ғылымның  өзіне  тән  негізгі  терминдері  мен  терминологиясы 
болады. Мәселен, жұрнақ, сөз түбірі, үндестік заңы, зат есім, сөз тіркесі, жай 
сөйлем, құрмалас сөйлем, бастауыш, баяндауыш, бағыныңқы сөйлем, басыңқы 
сөйлем, оңашаланған, айқындауыш т.б. – қазақ тіл білімі терминдері.
Жігерсіздік (безволие), жасықтық (малодушие), селқостық (равнодушие), 
жасқаншақтық (робость), ұяңдық (застенчивость), ұялшақтық (стеснительность) 
т.б. – психология терминдері.
Қабат  (слой),  қабатша  (прослойка),  қыртыс  (кора),  қабыршық  (корка), 
қатпар (складка), пласт қалыңдығы (мощность) т.б. – геология терминдері.
Қазынды  (ископаемый),  пайдалы  қазындылар  (полезные  ископаемые), 
қазба (выработка), тік қазба, көмекші қазба, жатық қазба, күрделі қазба, еңкіш 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

239
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
қазба т.б. – тау-кен терминдері.
Құрама конструкция (комбинированная конструкция), құрамды, құранды 
конструкция т.б. – техника терминдері.
Құн,  қосымша  құн,  өндіргіш  күштер,  нұсқау,  демократия,  қайта  құру, 
жариялылық, революция, плюрализм т.б – қоғамдық ғылымдар терминдері.
Терминдердің  көпшілігі  халықаралық,  интернационалдық  болып  келеді. 
Олардың дені – латын, грек тілдерінен алынғандар. Сондай-ақ орыс тілі негізінде 
жасалған  көптеген  кеңестік  термин  қалыптасқан.  Ондайлар  орыс  тілі  арқылы 
көптеген шетел тіліне ауысқан (колхоз, совхоз, совдеп, МТС т.б.).
Терминдермен  тығыз  байланысты  арнаның  бірі  –  интернационалдық 
лексика. Бұл – көптеген тілде бір мағынада қолданылатын, бірақ фонетикалық, 
морфологиялық  тұрғыдан  өзін  қабылдаған  тіл  нормасына  сәйкестендірілген 
сөздер. Мұндай лексика дені – ғылым мен техникаға қатысты терминдер (логика, 
лингвистика,  телеграф,  микроскоп  т.б.);  қоғамдық-саяси  терминдер  (партия, 
социализм,  коммунизм,  революция  т.б.);  экономикаға  қатысты  терминдер 
(импорт, экспорт, банк, кредит, процент т.б.); әдебиет пен искусствоға қатысты 
терминдер (жанр, драма, комедия, опера, балет, стиль т.б.)» [8].
Қазақ тіліндегі терминжасамның амалдары мен жолдарының ішіндегі ең 
өнімдісінің  бірі  –  қосымшалар  арқылы  термин  жасау  амалы  деп  есептеледі. 
Терминжасамның  бұл  түрін  тілтанымда  синтетикалық  тәсіл  немесе 
морфологиялық тәсіл деп атайды. Жалпы жалғамалы тілдерде морфологиялық 
тәсіл  туынды  сөздерді  жасаудың  ең  негізгі,  өнімді  амалдарының  қатарына 
жатады [9].
Біздің  негізгі  зерттеу  нысанымыз  қосымшалар  арқылы  туындаған 
терминдер болғандықтан соларды тізіп көрсетейік:
-ақ – шытырлақ, сылдырақ, тұрақ, бұрқақ, тұрақ;
-ба – тұнба, қазба, жазба, сызба;
-бе – мінбе, езбе, кезбе, сүзбе, тізбе, үзбе, көмбе;
-гер  –  баспагер,  зергер,  балгер,  қаламгер,  әуегер  (аэронавт),  мерейгер 
(юбиляр), тыңгер, қаржыгер, тәлімгер;
-гек – желгек, ілгек, сүңгек, жүргек;
-гіш  –  жүргіш,  ерігіш,  сезгіш,  білгіш,  өткізгіш,  желімдегіш,  шектегіш, 
тегістегіш, сүзгіш;
-ғы  –  бұрғы  (сверло),  оралғы,  қондырғы,  шалғы,  құрылғы,  жамылғы, 
таралғы, жонғы (строгальный);
-ғын – тұрғын, қуғын, азғын, қырғын, құзғын, тозғын;
-ғыш  –  алғыш,  арланғыш,  аңсағыш,  байлағыш,  айнығыш,  алдағыш, 
айықтырғыш, байқағыш, баптағыш;
-дай – мұздай, ұлардай, шақшадай, уыздай, удай, ұядай, шақадай, ұстарадай, 
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, Н. ДАРИВХАН. 1 (69) 2016. Б. 235-243 
 
 
                ISSN 1683-1667 

240
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
томардай, дардай;
-дама  –  аялдама,  талдама,  дайындама,  мазмұндама,  жолдама,  баяндама, 
тұжырымдама, сарындама, қолдама, таңдама;
-дас – замандас, ағайындас, қандас, отандас, қаламдас, пиғылдас, қоғамдас, 
мұңдас, ұрандас, жолдас, қарындас, ұжымдас, ауылдас;
-дек  –  үлпілдек,  жүрдек,  желпілдек,  шәңкілдек,  лүпілдек,  шәуілдек, 
шәукілдек, лепілдек;
-деме – дәлелдеме, мәлімдеме, кепілдеме, теңдеме, мінездеме, сәлемдеме, 
пішіндеме, лездеме, уәждеме, тәлімдеме, тізімдеме, пішендеме;
-дық  –  адалдық,  сезімталдық,  тұздық,  маңғаздық,  тоғыздық,  қалдық, 
қастандық, мұқтаждық, ағайындық, арамдық, жамандық, мамандық;
-ды  –  жанды,  ақылды,  жасанды,  құранды,  ұтымды,  жасырынды,  малды, 
тұзды, сыйымды, тартымды, тарамды, дарынды
-дік – әділдік, сөздік, белдік, жиендік, өкілдік, кепілдік, иіндік, түтіндік, 
түндік, жүзімдік, әкімдік, жеңілдік,тәуелсіздік;
-и – рухани, кәсіби, ғылыми, әскери, діни, тарихи, қияли, табиғи, мәдени, 
қоғами, әдеби, әскери;
-кер  –  іскер,  бапкер,  табыскер,  айыпкер,  қызметкер,  айлакер,  жауапкер, 
міндеткер, суреткер, намыскер, қайраткер;
-кіш – тескіш, сүрткіш, сепкіш, тездеткіш, үккіш, тепкіш, ішкіш, іріткіш, 
желдеткіш, сусепкіш;
-ғақ,  -қақ  –  асқақ,  тырысқақ,  қорқақ,  майысқақ,  ұрысқақ,  құрысқақ, 
жабысқақ, ұйысқақ, құрғақ, тоңғақ;
-ғақ,  -қақ  –  асқақ,  тырысқақ,  қорқақ,  майысқақ,  ұрысқақ,  құрысқақ, 
жабысқақ, ұйысқақ, құрғақ, тоңғақ;
-қор – антқор, жемқор, қамқор, дүниеқор, еңбекқор, нәсіпқор, мансапқор, 
жалақор, арызқор, өсімқор, ызақор;
-қыш  –  тазартқыш,  тозаңдатқыш,  жылытқыш,  басқыш,  ысқыш,  ұшқыш, 
таратқыш, мұздатқыш, еттартқыш;
-лас – жапсарлас, ұялас, орайлас, аталас, дидарлас, қарсылас, тағдырлас, 
тұлғалас, ыңғайлас, аталас, сыңарлас, сырлас;
-лы  –  сулы,  тағалы,  тамырлы,  тоғайлы,  сырғалы,  сырлы,  сызулы,  нулы, 
сорлы, арлы, алқалы;
-лық – оқулық, балалық, айлық, жарлық, татулық, ұтымдылық, құмарлық, 
арқалық, бақсылық;
-лі – сүбелі, керілмелі, үрмелі, сүрлеулі, өнерлі, дәрежелі, дәмелі, түбегейлі, 
үлгілі, кестелі;
-лік  –  бірлік,  төрелік,  ерулік,  иелік,  күнделік,  қателік,  ескілік,  ерлік, 
ертеңгілік, айлакерлік;
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

241
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
-ма  –  анықтама,  балама,  айналма,  шығарма,  мазмұндама,  тасқұлама 
(камнепад), ұйтқыма (жел), бума, аялдама;
-мал  –  тасымал,  жорамал,  саумал,  орамал,  танымал,  шошымал, 
электртасымал, жасамал, саумал;
-малы  –  суырмалы,  талғамалы,  жылжымалы,  айналмалы,  құйылмалы, 
жалғамалы;
-ман  –  оралман,  шабарман,  аларман,  тыңдарман,  оқырман,  алдарман, 
атарман, бұйырман, майталман, атайман;
-ме – көрме, терме, сілтеме, өрме, көшірме, керме, түсіндірме, бүрме, кірме, 
сүрлеме;
-нама – әдіснама, дәуірнама, тұғырнама, мағлұмнама, дерекнама, өнернама, 
өсиетнама, жарнама;
-па – аспа, баспа, сықпа, жаппа, ширатпа, ұшпа, шұбыртпа, шақпа, ысыртпа 
(ауру), жылытпа, қорытпа (сплав);
-паз – әсемпаз, аспаз, білімпаз, сезімпаз, сұрампаз, талғампаз, сүңгімпаз, 
танымпаз, өнерпаз;
-тақ – тастақ, қыстақ, шынтақ, жауырынтақ;
-тал – ұғымтал, сезімтал, ұрымтал, созымтал, төзімтал, ұтымтал, шығымтал;
-тама – топтама, бұрыштама, сипаттама, хаттама;
-ты  –  парасатты,  сымбатты,  қымбатты,  қылықты,  шуақты,  талапты, 
табысты, сипатты, ұртты;
-тық  –  аумақтық,  рухтық,  ұялшақтық,  аштық,  оқтық,  шаттық,  ұлттық, 
ыңғайластық, бастық, ұшқыштық, таптық, тоқтық, оттық, ұяттық;
-хана – асхана, атхана, аурухана, әжетхана, баспахана, балахана, бозахана, 
бұзаухана, бояухана, ғибадатхана, ғаріпхана, дәмхана;
-ша  –  қиықша,  қызылша,  құдаша,  араша,  қысқаша,  лақша,  маңдайша, 
оймақша, адамша;
-шақ – мақтаншақ, ұялшақ, тоқтышақ, байланшақ;
-шы – аңшы, баяндамашы, барлаушы, азаншы, ақтаушы, ақылшы, жолаушы, 
бағбаншы;
-шыл – ақиқатшыл, Отаншыл, туысшыл, аңшыл, уайымшыл, мысқылшыл, 
азатшыл, ойшыл, шыншыл;
-ші  –  сәулетші,  әрлеуші,  есепші,  суретші,  тежеуші,  сүйекші,  семсерші, 
себепші, төреші, бүркітші;
-шіл – өсиетшіл, әділетшіл, жершіл, көпшіл, әншіл;
-шылық, -шілік – адамгершілік, азаматшылық, азатшылық, кеңшілік;
-ық – жаңғырық, озық, бастырық, жазық, сыйық;
-ым – қысқарым, айтылым, шақырылым, созым, ұйқасым, ауысым, айырым, 
басылым, татым;
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, Н. ДАРИВХАН. 1 (69) 2016. Б. 235-243 
 
 
                ISSN 1683-1667 

242
Тоқсанына бір рет шығарылады
  
 
 
 
         
Шығыстың аймақтық хабаршысы
-ыс – айтыс, алыс, ағыс, асығыс, байланыс, ұтыс, тапсырыс, таныс, батыс, 
табыс, демалыс;
-ік – бітік, түтік, көрік, ілік, күйік, үсік, түйсік, сезік, жүзік, емізік, тесік, 
есірік, үзік, түсік, түсінік, тілік, білік, жүйрік, үздік, білік;
-ім  –  білім,  ілім,  бітім,  бөлім,  тізім,  мейірім,  сенім,  теңгерім,  үйлесім, 
үйірім, үлгерім;
-ын, -ін – жасырын, түйін, тегін, тығын, тігін, тегін, көшкін;
-ыш, -іш – сағыныш, қуаныш, жұбаныш, алданыш, қырнауыш, байлауыш, 
бұлғауыш, бұрауыш тех. (отвёртка), бояуыш;
-іс – өзгеріс, ізденіс, өріс, біліс, келіс, жеміс, егіс, көрініс, желіс, секіріс, 
сөгіс.
Біздің  картотекамызда  жүзден  астам  жұрнақтар  қоры  жүйеленіп,  оларға 
мыңға жуық мысалдар түзілді. Жүйеленген қосымшалардың бірі жиі қолданы-
лып жүрген өнімді жұрнақтар болса, енді біреуі өнімсіз (құнарсыз) жұрнақ болып 
есептеледі. Алайда жұрнақтың өнімді немесе өнімсіздігі оның тұрақты қасиеті 
деуге болмайды. Бір кездері өнімсіз болып келген қосымшаларды терминжасамда 
жиі  пайдаланып,оның  сөзжасам  белсенділігін  арттыруға  болады.  Сондықтан 
өнімсіз деп танылып жүрген кез келген жұрнақтың белгілі бір кезеңдерде өнімді 
жұрнаққа айналуы ғажап емес.
Сонымен қазақ халқының біртума ұлы, тұғырлы тұлға, белгілі түркітанушы, 
қоғам  қайраткері,  профессор  Сәрсен  Аманжоловтың  ғылыми  мұрасы  қанша 
қаралса да, зерттейтін тұстары әлі де жеткілікті деуге болады. Ол – ізденімпаз 
жас ғалымдар мен келер күннің еншісінде деп білеміз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Ахметжанова Ф.Р. Сәрсен Аманжолов және терминшығармашылықтың кейбір 
мәселелері:  монография  /  Ф.Р.  Ахметжанова.  –  Өскемен:  С.  Аманжолов  атындағы 
ШҚМУ «Берел» баспасы, 2014. – Б. 12.
2.  Аманжолов  С.  Қазақ  тіліндегі  ғылыми  терминология  мен  аударма  мәселесі 
туралы / С. Аманжолов // Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 
Б. 205.
3.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т-Ү (таңертең-үрей). – Алматы: Ғылым, 1986. 
– 9 том. – 500 б.
4.   Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 8 том. – 
С-У. – 2006. – 704 б.
5.  Салқынбай А. Лингвистикалық түсіндірме сөздік / А. Салқынбай, Е. Абақан. – 
Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – Б. 222.
6.  Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі / Ғ. Қалиев. – Алматы: 
Сөздік-Словарь, 2005. – Б. 321.
7.   Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Екінші том. Қ-Я. – Алматы: Ғылым. – 1961. – 
Б. 352.
8.  Хасенов Ә. Тіл білімі. – Алматы: Санат, 1996. – Б. 102.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

243
Региональный вестник Востока
  
 
 
 
 
        
Выпускается ежеквартально
9.  Құрманбайұлы  Ш.  Терминқор  қалыптастыру  көздері  мен  терминжасам 
тәсілдері / Ш. Құрманбайұлы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – Б. 103.
REFERENCES
1.  Ahmetzhanova  F.R.,  Sarsen  Amanzholov  zhane  terminshygarmashylyktyn  kejbіr 
maselelerі, monografija. Oskemen. S. Amanzholov atyndaqy ShQMU Berel baspasy, 2014, 12 
(in Kaz).
2.  Amanzholov S., Qazaq tіlіndegі qylymi terminologija men audarma maselesі turaly 
Qazaq tіlі teorijasynyn negіzderі. Almaty, Qylym, 2002, 205 (in Kaz).
3.  Qazaq tіlіnіn tusіndіrme sozdіgі. T Ү tanerten urej. Almaty. Qylym, 1986, 9 tom, 500 
(in Kaz).
4.   Qazaqstan. Ulttyq jenciklopedija. Almaty. Qazaq jenciklopedijasy, 8 tom. SU. 2006, 
704 (in Kaz).
5.  Salqynbaj A., Abaqan E., Lingvistikalyq tusіndіrme sozdіk. Almaty. Sozdіk. Slovar’, 
1998, 222 (in Kaz).
6.  Qaliev Q., Tіl bіlіmі terminderіnіn tusіndіrme sozdіgі. Almaty. Sozdіk. Slovar’, 2005, 
321 (in Kaz).
7.   Qazaq tіlіnіn tusіndіrme sozdіgі. Ekіnshі tom. Q Ja. Almaty. Qylym. 1961, 352 (in 
Kaz).
8.  Hasenov A., Tіl bіlіmі. Almaty. Sanat, 1996, 102 (in Kaz).
9.  Qurmanbaiuly Sh., Terminqor qalyptastyru kozderі men terminzhasam tasіlderі. Al-
maty. Sozdіk Slovar’,2005, 103 (in Kaz).
Ф.Р. АХМЕТЖАНОВА, Н. ДАРИВХАН. 1 (69) 2016. Б. 235-243 
 
 
                ISSN 1683-1667 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет