Оқылым. Тапсырма. Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.[10]


-мәтін Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті



бет4/4
Дата18.10.2023
өлшемі96,56 Kb.
#118448
1   2   3   4
Байланысты:
5 с. 3т ТЖБ

2-мәтін
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Бұл өмірде адамдардың жандүниесін танып-білудің, әрқайсысының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.


Тапсырма
Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.



Мәтін

Жинақы мәтін

Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар әр түрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер және түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай әрекетке келетiнiн жаңылмай, дәл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бәрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мәндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы әр адамның ойлау, сезiм, ниет, әрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен әлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы әр түрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тәуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мәндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң әсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дәреже, деңгейiн арттыра түседi.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет