83
Ежелгі, ортағасырлық
және тіпті жаңа заман
философтары да қоғамдық қатынастарды отбасылық қарым-
қатынастардан шығарады, оның маңызды әлеуметтік институт
ретіндегі сипатына емес, отбасының мемлекетке деген
ықыласына баса назар аударады.
Неміс философтарының да
отбасы туралы қалыптастырған көзқарастары бар. Кант отбасы
құрылымының негізі құқықтық тәртіпте десе, ал Гегель
абсолюттік мақсат-мұратында дейді. Француз ағартушысы Жан-
Жак Руссо:
«Барлық қоғамның ежелгіден де ежелгісі,
бірегейден де дарасы – бұл отбасы... Осылайша, отбасы – бұл,
саяси қоғамның құрылуы, басқарушы – әке болғанда, балалар –
халық...» деп, отбасына анықтама береді.
Әлемдік деңгейде отбасын зерттеуге алғаш қалам
тартқан Америка этнографы Л.Г.
Морганның отбасы тарихы
туралы жазған «Көне қоғам» атты аса құнды ғылыми еңбегінің
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жарық көруіне байланысты
Ф.Энгельс өзінің кітабында Морган ашқан жаңалықтың тарих
үшін маңыздылығын жоғары бағалай отырып, алғашқы
қауымдық құрылыстағы отбасы түрлерінің
даму жолын өз
идеясының аясында, материалистік тұрғыда түсіндіреді.
Морганның дәуірлерге бөліп ұсынып: тағылық,
варварлық, өркениеттік замандардың ішінен алғашқы екеуі мен
үшіншісіне өту кезеңіне айрықша назар аударғаны белгілі. Әр
заманды төменгі, орта, және жоғарғы сатыларға бөлу себебінің
өзін «
адам баласының табиғаттан басым болу, оған үстемдік
ету дәрежесі үшін бұл өндірісте шебер болудың шешуші
маңызы бар; ішім-жем өнімдерін өндіру ісіне шексіз дерлік
үстем болуға барлық тіршілік иелерінің ішінен тек адамның
ғана қолы жетті. Адамзат прогресінің барлық ұлы замандары
күн көру қорларының көбею замандарымен азды-көпті тікелей
тұстас келіп отырады», - деп түсіндірді.
Морган:
«Семья – пәрменді бастама; ол еш уақытта
өзгермей қалмайды, қайта, қоғамның төменгі сатыдан жоғары
сатыға дамуына қарай, төменгі формадан жоғары формаға
көшіп отырады. Бұған керісінше, туысқандық жүйелері
самарқау нәрсе; екі арада өте ұзақ уақыт өткеннен кейін ғана
84
бұл жүйелер семьяның сол кезде жасаған прогресін есепке
алады, сөйтіп семья түбегейлі өзгерген кезде ғана түбегейлі
өзгерістерге ұшырайды» - деді. Осы пікірге толықтырмалы
түрде Ф.Энгельс
«Семья одан әрі дами бергенімен, туысқандық
жүйесі бір орында қатып қалады, бұл жүйе әдетке
айналғандықтан өмір сүре беретін болса, семья оның шегінен
шығып кетеді. ...біз де туысқандықтың тарих арқылы бізге
шейін келген жүйесінен: семьяның соған сай келетін, қазірде
құрып біткен формасы болған деп солай анық қорытынды
жасай аламыз» деп отбасы тарихының әр уақыттың деңгейінен
қарастырылып, оның түрлері мен құрылымының жан-
жақтылығына ғылыми тұрғыда зерттеу жасалатындығын айтты.
Сондай-ақ, Ф.Энгельс «Семьяның, жеке меншіктің және
мемлекеттің шығуы» атты еңбегінде өзіне дейінгі адамзат
баласының отбасын құрып некелесу тарихы туралы жазған
Бахофеннің, Летурноның, Эспинастың, Вестермарктың, Жиро-
Телонның ой-пікірлерін де
өз еңбегінде қарастырып,
көзқарастарын айқындайды. Энгельс Морганның айтуына
көбірек мойын бұрады, ал Морган отбасылық өмірдің тарихи
түрлерін төмендегіше таратады:
-
қандас туыс отбасы;
-
пуналуалы отбасы;
-
жұп отбасы;
-
моногамиялы отбасы.
Отбасының тарихтағы алғашқы сатысына жататын –
Достарыңызбен бөлісу: