75
міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту
мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы» - деп, ал
неке
туралы «неке - ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және
мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру
мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіп пен тараптардың ерікті
және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің
арасындағы тең құқықты одақ»
- деп, толығырақ айтылады.
Этнопсихологиялық тұрғыдан отбасына «бірін-бірі туысқандық
қарым-қатынас
байланыстырған,
бірге
тұратын,
ортақ
шаруашылығы пен бюджеті бар, адамдар тобы» - деген, некеге
«мемлекеттің, шіркеудің, тұтас қоғамның реттеуімен және
талабымен ер мен әйелдің қарым-қатынасының арасындағы
қарым-қатынастың түрі» деген анықтамалар бар.
Елімізде білім беру және тәрбие процесін жүзеге
асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар,
отбасының дамуына кепіл беретін және отбасы өмірінің, отбасы
мүшелерінің өзара байланысын жан-жақты демократиялы
қамтамасыз
ететін
құқықтық
нормалардың
жүйесі
жетілгендігінің көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: