Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Отбасы мен некеге, жұбайлық өмірге қатысты заңнамалар



Pdf көрінісі
бет31/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

 
Отбасы мен некеге, жұбайлық өмірге қатысты заңнамалар 
және оларда қарастырылған мәселелер 
 
№ 
Кезеңі 
Жарғы-лар 
мен заңдар 
Отбасы мен некеге, 
жұбайлық өмірге 
қатыстылығы 
Дерек көздері 

ХШ 
ғасыр 
Майқы 
бидің 
жарғысы 
Адам құны туралы 
Жесірлер мен неке 
туралы 
Алты аталымды 
тергемдеу 
Монғолдың 
құпия шежіресі 
“Алтын 
топшы”, “Их 
Яса (Ұлы жаза 
– ұлы жарғы)”, 
“Шипагерлік 
баян” 

ХҮ 
ғасыр 
Әз 
Жәнібектің 
жарғысы 
Некесіздіктен тыйылу, 
Жеті атаға дейін қыз 
алыспау, 
Өтейбойдақ 
Тілеуқабылұлы 
“Шипагерлік 


76 
Беттен сүюге тыйым. 
баян” 

ХҮ 
ғасыр 
Қасымхан-
ның қасқа 
жолы (1445-
1523) 
Мүлік заңы, 
Жұртшылық заңы 
Н.Мыңжан 
(М.Қани)
“Қазақ 
халқының 
тарихы” 

ХҮІ 
ғасыр 
Есімханның 
ескі жолы 
(1598-1645) 
“хан болсын, ханға 
лайық заң болсын”, 
“абыз болсын, абыз 
сыйлау парыз болсын”, 
“би болсын, би түсетін 
үй болсын”
Қазақтың ата 
заңдары 
(құжаттар, 
деректер және 
зерттеулер. 2-
томы

ХҮІІ, 
ХҮШ 
ғасыр 
Тәуке 
ханның 
(1680-1718) 
Жеті 
жарғысы 

әйелі ерінің көзіне 
шөп салса, өлтірілуге 
хақылы; 

біреудің әйелін алып 
қашса, құн төлеу; 

әйелді ренжіткен 
адамға айып салынады; 

жеті ата ішінде қан 
алмастыруға жаза; 

ата-анасына тіл 
тигізгендерді жазалау. 
Жеті жарғы: 
Бұрынғы 
қазақтардың ел 
билеу заңы 

1820 
жыл 
М 
Сперанский 
жасаған 
“Сібір 
қазақтары 
туралы 
устав” 
Ел билігіне орыстар 
араласты; 
Жердің рулық бөлінісі 
ескерілмеді; 
Билік үстемдігі арқылы 
өмір салтына ықпал етті. 
Американың 
Колгейт 
университеті-
нің проф. М.Б. 
Олкотт 
“Қазақтар” 
еңбегінде; 
Д.Мәсімхан-
ның, М.Құл-
Мұхаммедтің 
(174-б) 
зерттеулерінде 

1870 
жылы
26 
наурыз 
Ресей оқу-
ағарту 
министрлігі
нің “Ресейді 
Осындай мектептерге 
мұғалімдер дайындайтын 
оқу орны ашылды. 
1914-15 жж. Қазақстанда 
(Н.А. 
Константинов 
и др. История 
педагогики. М., 


77 
мекендейтін 
бұратаналар
ға білім 
беру 
шаралары 
туралы” 
заңы 
2006 мектепте 105000-
нан астам оқушы білім 
алды. 
1974, стр.270.) 
М.Мырзахмето
втың “Қазақ 
қалай 
орыстандырыл
ды” еңбегінде 

1885 
жыл 
мамыр 
Қарамолада 
жазылған 
ереже 
25, 26, 29, 30, 31, 41, 42, 
43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 
50, 61, 65, 72-баптар 
“Абай” 
журналы 
1992 жыл № 3 

1918 
жыл 
“Ер мен 
әйелдің тең 
дәрежеде 
еңбек етуі 
мен тең 
еңбекақы 
алуын 
ендіру” 
туралы 
Лениндік 
декрет 
әйелдерді кемсітушілікке 
жол бермеу; 
әйелдердің ерлермен тең 
құқылы болуы; 
тең дәрежеде еңбек етіп, 
бірдей еңбекақы алуы. 
Ленин В.И. 
Полн. Собр. 
Соч., т.39. с. 
23. 
10 
1959 
жыл 
қараша
Балалар 
құқықтары 
деклара-
циясы 
11 
КСРО 
Конституци
ясы 
34, 35, 53, 55, 56, 66-
баптар 
Конституция 
(Основной 
Закон) Союза 
Советских 
Социалистичес
ких Республик. 
– М.: 
Политиздат, 
1977, с.16, 23, 
25. 
12 
1986 
жыл 
25 ақпан 
СОКП 
Отбасы 
туралы 
бағдарла-
Отбасына қамқорлықты 
күшейту 
Балалардың денсаулығы 
мен тәрбиесін нығайту, 
Программа 
Коммунистиче
ской партии 
Советского 


78 
масы 
Демографиялық үрдісті 
жақсарту, 
Адам сипаты негіздерін 
жан-жақты 
қалыптастыру, 
Отбасының үй-жайы мен 
тұрмысын жақсарту, 
Әйел-аналардың 
жағдайын жақсарту, 
Отбасылық өмірге 
жастарды даярлау қажет.
Союза: Новая 
редакция. 
Принята ХХҮІІ 
съездом КПСС. 
– М.: 
Политиздат, 
1986, с. 41, 64-
66. 
13 
1990 
жыл 
2 қараша 
Бала 
құқықтары 
туралы 
конвенция 
Бала өмiрi мен 
денсаулығы, бiлiм алуы 
мен тәрбиесi жан-жақты 
қаралған: «Балаға дене 
жағынан және ақыл-
ойының жетілмеген-
дігінен, арнайы қорғау 
мен қамқорлық, соның 
ішінде, туылғанға дейін 
және туылғаннан кейін 
тиісті құқықтық қорғау 
керек»
28-бап: «мектептегі 
тәртіп баланың адами 
қадір-қасиетіне құрмет 
көрсететін әдістер 
арқылы жүргізілуі тиіс». 
Конвенция о 
правах 
ребенка. 
Unicef. 
Детский фонд 
ООН. 
14 
1995 
жыл 30 
тамыз 
Қазақстан 
Республика
сының 
Конститу-
циясы 
27-бап:  
Неке мен отбасы, ана 
мен әке және бала 
мемлекеттiң қорғауында; 
Балаларына қамқорлық 
жасау және оларды 
тәрбиелеу – ата-ананың 
табиғи құқығы әрi 
парызы; 
Кәмелетке толған 
еңбекке қабiлеттi балалар 
еңбекке жарамсыз ата-
Қазақстан 
Республика-
сының 
Конституциясы 


79 
анасына қамқорлық 
жасауға мiндеттi. 
15 
Адам 
құқығы 
жалпыға 
ортақ 
декларацияс
ы 
1-бап: Теңдік құқығы; 
16-бап: Некеге тұрып, 
отбасылы болу құқығы. 
16 
1998ж 
12 
желтоқс
ан 
2001 ж 
24 
желтоқс
ан 
Қ.Р. Неке 
және 
отбасы 
туралы 
заңы 
9-тарауда 8 бап “Бала 
құқықтары”;
10-тарауда 7 бап “Ата-
аналардың құқықтары 
мен мiндеттерi”;
62-бап. Ата-аналардың 
балаларды тәрбиелеу 
және оларға білім беру 
жөніндегі құқықтары 
мен міндеттері 
Қ.Р. Неке және 
отбасы туралы 
заңы 
17 
2002 
жыл
8 тамыз 
Қазақстан 
Республика
сы баланың 
құқықтары 
туралы 
№345 заңы 
4-бап: 
Тегіне, нәсіліне, қай 
ұлтқа жататындығына; 
әлеуметтік және мүліктік 
жағдайына; 
жынысына, тіліне, 
біліміне, дінге 
көзқарасына; 
тұрғылықты 
жеріне, 
денсаулық 
жағдайына 
бала құқылы. 
некеден және некесіз 
туған балалар құқығы 
тең. 
18 
1999 
жыл 7 
маусым 
№ 389 
Қ.Р. “Білім 
туралы” 
заңы 
38- бап: 
Ата-аналардың өз 
балаларына, 
қамқорлыққа алынған 
балаларға қамқор заңды 
өкiлдер-
қамқоршылардың 
Қазақстан 
Республикасын
ың “Білім 
туралы” заңы 
(баптары 
бойынша 
түсіндірмелері


80 
алдындағы тәрбиелеу 
мен бiлiм беру жөнiндегi 
құқықтары мен 
мiндеттерi
мен) және оны 
жүзеге асыру 
жөніндегі 
негізгі 
құжаттар. 
Астана, 2000 ж. 
19 
1999 
жыл 10 
желтоқс
ан 
Қ.Р. Еңбек 
туралы 
заңы 
23, 48, 49, 66, 67, 85, 86-
бап: 
әйелдің жүктілігі және 
оның 
еңбек 
етудегі 
жеңілдіктері 
мен 
жәрдемақы 
түрлері 
қарастырылған. 
Қазақ отбасының ұстанар бағыты – дені сау, тәрбиелі, 
көргенді, білімді ұрпақ өсіру. Бұл барлық халыққа да тән. Бірақ, 
қазақ халқы үшін осы сапалардың арғы түкпірінде тектілік 
ұғымының жатқанын айту керек. Тектіліктің зерттелуі, оның 
мысалдары мен өлшемдерінің анықталуы дербес ғылыми 
тақырыпты қажет етуі мүмкін. Біздің зерттеу мақсатымыз да 
осының аясында болмақ. Сондықтан, ұлттық ерекшеліктерімізді 
айғақтайтын тарихи дәлелдерге жүгіну - елдігіміздің негізі – 
деп, ауыз толтырып айтуға болады.
 
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. Қазақтың отбасы тәрбиесіне қатысты тарихи негіздер 
және олардың тағылымдық мәні неде? 
2. Патшалық Ресей мен кеңестік кезеңдегі тарихи негіз 
болар заңдардың қазақтың ұлттық дүниетанымы мен 
санасына, тәрбиесіне ықпалы қандай? 
3. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында әйел адамға қамқорлық 
мәселесі: артықшылығы мен толықтыратын тұстарына 
салыстырмалы талдау жасаңыз. 
4. «Әйелдің халі – әлем салауаттылығы» тақырыбында 
рефлексия. 


81 
ЖҰБАЙЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЯРЛЫҚ. НЕКЕ САЛТЫ
МЕН НЕКЕ ТӘРБИЕСІ 
Қазақ отбасында өмірдің негізі – жұбайлық өмір 
болғандықтан, «жұбай» ұғымының мәнін білгеніміз жөн. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде «Жұбай – ерлі-зайыпты екі 
адамның бірі. Жұбайлан – бірігу, қосақтасу, жұптасу. 
Жұбайлас – І. Бір үйдегі ерлі-зайыпты адам. ІІ. Қосылу, 
қосақтасу» деген мағынаны береді екен. Жаңа үйленген екі 
жасқа үлкендер тарапынан «Қосағыңмен қоса ағар» деген бата 
беріліп жатады. Ал, «дайындық – І. Белгілі бір шаруаға қам 
жасаушылық, әзірлік» деп түсіндірмелік мәнге ие.
Этнограф-жазушы С.Кенжеахметұлы “Туыстық атаулар 
сыры” атты кітабында “Жұбай. Жар. (ер, әйел) – ер адамның 
әйелі, әйелдің күйеуі – оның жары немесе жұбайы деп аталады. 
Көбінесе әйелім, күйеуім деудің орнына сыпайылап жарым, 
жұбайым деп те айта береді. Сол сияқты зайып деген да 
жұбайлық ұғымды білдіреді. Бұл сөз көбінесе әйелге қатысты 
айтылады”, - дейді. 
Профессор С.Қалиев «Отбасы – бір үйде тұратын 
адамдар жиынтығы. Жүйенің элементіне отбасы мүшелерінің 
күнделікті тұрмысында қолданатын заттары енеді. Яғни 
олардың үй-мүлкі, баспанасы, ыдыс-аяғы, киім-кешегі, көрпе-
жастығы, құрал-сайманы т.б. тұрмыстық тұтыну заттары 
түгел кіреді. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, бір-біріне 
көзқарасы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы да жүйенің элементі 
болып есептеледі. Ал отбасылық жүйе этностық жүйенің 
қайталанатын атрибуты болып саналады» - деп, этностың 
пайда болуы тұрғысынан қарастырады. 
Мұхтар Арын отбасына “ұлт рухының айнасы” деп 
айдар бере келіп: “Отбасы – жұртты жақындастырушы, 
жыныс пен жынысты жұптастырушы, ұрпақ пен ұрпақты 
табыстырушы, адамаралық туысқандық ұғымдар тудырушы, 
олардың бір-біріне деген махаббат, сүйіспеншілігін тұтатушы, 
ғаламат күшті жері – ұрпақ өрбітуші, рухани бірліктің 
ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. 


82 
Сондықтан да отбасы барша адамзатқа ең жақын, ең 
қасиетті ұғым”, - деп отбасының қызметін аша, анықтама 
береді. 
Әрине, бүгінгі білгеніңді зерделеу тарихтағы тамырын 
қазғанда ғана жүйелі болмақ. Біздің мақсатымыз да осы. 
Тәуелсіздікке қол жеткізгелі кеңестік империя сыналап кіргізген 
көптеген сөздерді жаңаша сөздермен ауыстырып алдық. 
Мысалы, әнұран, елтаңба, төңкеріс сияқты т.б. сөздер қандай 
дәл атаулар. Ал, «жанұя» жоғарыдағы ғалым айтқандай тек 
«душаның» тұрақтайтын жерін меңзеп тұр деп бір жақты 
қарауға болмайды. Қазақ «мал-жаның аман ба?» - дейді, бұл 
«жан» - жан иесі адамды айтып тұрған жоқ па? Бір-біріне жақын 
жандар отандасқан ортаны неге «жанұя» деп атамасқа? Оның 
үстіне «жанұя» сөзі құлаққа да жағымды естіледі. Өткеніміз деп 
орынсыз жабыса бермей, отаршылдықтың санадағы таңбасынан 
серпіліс керек те шығар.
Сол сияқты “үйелмен” сөзі отбасы мен жанұяның 
синонимдік қызметін атқарады. “Үй-ел-мен” – тіркескен 
түбірлер арқылы берілген мағыналы атау. Қалайда, “отбасы” 
сөзі елімізде заң болып бекіп кеткендіктен, тақырыбымыздың да 
қамтитын аумағынан да ауытқи алмадық. 
Араб тілінде отбасын «усра» деп атайды. Усра сөзінің 
тілдік мағынасы: «ер кісінің отбасы, қызығушылығы ортақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет