Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет29/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97
ақ-қарасы аймаласа жайнаған әдемі көзін ибамен жүгіртіп, 
алаулап қан тебінген жұмыр мойнымен кербездене қиғаш 
бұрып: «Айыздары қыза түссін. Тыңдап алайық, хан ием», — 
деп емеурін танытады. 
Хан: «Жә, оған бола қысылма! Үндегелі отырған өзім де 
жоқ», — дегендей кеу-кеуіне құлықтана құлақ тосып, бүлк-бүлк 
күліп қояды. («Үркер», 112-бет, Алматы, «Жазушы» баспасы, 
1984 жыл). 
Әбілхайыр хан өмір сүрген он сегізінші ғасырдың алғашқы 
жартысында қазақ-орыс қатынастары туралы қазақ әдебиетінің 
алтын қорына енетін өшпес мұралар қалдырған халық 
жазушысының тарихи тақырыпқа арналған шығармаларында 
Бопай Ханымның ел билігі ісінде Әбілхайыр ханға ақылшы, 
кеңесші болған бейнесін айнақатесіз айшықтап көркем 
бейнелеген тұстары көптеп кездеседі. 
Ханымның көз тартар көркі 1736 жылы Хан Ордасында болып 
қайтқан ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің де ерекше назарын 
аударған. Қазір біздің қолымызда «Тұманды Альбион» елі 
суретшісінің Бопай ханымды ұлы Әділмен бейнелеген нұсқасы 
ғана бар. 
Ал енді одан кейінгі де, жаңа заманда біздің білетініміз- 
қазақ жеріне жаңа өмір лебі ескенде, әлеуметтік биіктің 
қырқасына еркектермен бірге көтерілген алған күрескер 
апаларымыз. Олар алдымен ауыл тіршілігіне араласты, оқыды, 
қоғамдық қызметке тартылды. Жаңа дүние жасампаздарының 
алдыңғы қатарында болды
Ғ. Мүсіреповтің шығармасынан таныс Ұлпан бейнесі де 
қазақтың ел басқару ісіне белсене араласқан қазақ әйелінің 
шынайы келбетін көрсетеді.
Ұлпан - сол кездегі соны өмірдің жаңалығын түсіне 
қабылдап, болашағын дұрыс аңғара білген қайраткер. Ол 
алдымен әлеуметтік теңсіздікке қарсы. Ол өз тегі кедей 
болғандықтан, жоқшылық зарын тартып өскендіктен, Есеней 
ауылына келгеннен кейін, талай жыл бойы төбе бидің 
төлеңгітіндей ақысыз-пұлсыз жоқшылықта жан кешті болып 
тіршілік еткен жарлы ауылдардың талай жылғы ақысын 


71 
қайтартып береді, иесіз жатқан шұрайлы жерлерді де соларға 
бөліп береді. Тағы бір биікке шыққан жері - Ұлпанның ел 
билеген болыс-билер мен патшаның сары ала шекпен, маңғаз 
төрелері алдында, келелі жиын үстінде кеңінен толғап, қазақ 
халқының әлеуметтік өміріндегі ғасырлар бойы шешілмей келе 
жатқан түйінді мәселелер, ескі тәртіптер жөнінде ширыға 
сөйлейтін жері. Ұлпанның Ақнар есімі тек сибан елінде емес, 
оязға да мәлім болады. Оған дәлел патша әкімі орыстың ауылға 
кеңес өткізуге келген кездегі уақиғадан көруге болады: 
— Жоқ, Ұлпан — шын аты. Акнар — ақ аруана 
дегеннен аз ғана өзгертіп алынған, ақ ана деген мағына береді. 
Есеней — ерінің аты ғой. Ендігі басшыларың осы болады деп, 
Есеней өз атын әйеліне беріпті. 
— Бұл жерде «Есеней» әйелдің аты емес, атағы. Сим-
вол... Бұрын бұл елдің көсемі мен едім, енді сен болдың дегенді 
аңғартады. 
— Көсем болып алған соң, бұл әйел не істей алды? 
— О, істемегені жоқ! Әуелі Александр II патшамыздың 
реформасын жасады. Есенейдің барлық жерін еліне бөліп берді. 
Бөліп бергеңде, біздегідей біреуге ана жақтан, біреуге мына 
жақтан аттамалатып берген жоқ, ауыл-ауылға қыстауды да, 
егінді-шабындық жерді де тұтас берді. Бүл араның қазағына егін 
салдырды, шөп шаптырды, қыстау салғызды. Бұл елді қазір 
жартылай отырықшы дей аламыз. 
Қазақ даласында бірінші болып монша салдырған да осы 
әйел. Медресенің ірге тасы қаланып жатқанын өзіңіз көрдіңіз. 
Тап осы өзіміз отырған қонақ үй Омбының қай көшесіне 
жараспас еді, - деп Ояз Ұлпанның ел үшін атқарған істеріне баға 
береді. Ұлпанға сыртын алтындатқан жазуы бар, генерал-
губернатордың қолы қойылған мақтау қағазын тапсырады. 
Осындай көркем шығармадағы келтірілген көріністер 
оның ел билігіне араласып, қазақ өмірінің жақсаруына үлес 
қосқан тұлға екендігін көрсетеді. 
Ұлпан 
қайраткерлігі 
ауыл 
өміріндегі 
күнкөріс 
мәселелерімен де шектеліп қалмай, ірі-ірі әлеуметтік 
мәселелерге дейін көтеріледі. Ұлпан ұсынысымен қазақ әйелінің 


72 
қоғамдық жағдайын жақсарту бағытында, жесір туралы, әйелдің 
мүліктік правосы туралы заңдар қабылданады. 
Ендігі кезекте Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы 
ықпалын сөз етер болсақ, мемлекеттік және мемелекеттік емес 
органдар мен ұжымдарды тап-тұйнақтай етіп басқарып жүрген 
қыз-келіншектер аз емес. Денсаулық, білім, экономика, 
мәдениет саласының жілік-жілігін шағып, тізгінін түзу ұстап 
жүрген әйелдердің қай-қайсысын алсақ та, жаман атын 
естімеппіз. Олар үйде берекелі ана, сүйікті жар болса, саясат пен 
билікте абыройлы басшы, шебер маман. 
Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне 
депутат болып біршама нәзік жанды сайланды. Сайлауда 
алғырлығымен оза шапқан әйел депутаттардың әрқайсысы
бүгінде еліміз үшін аса маңызды шешімдерді қабылдауда 
белсенділік танытуда. Кәсіпті нәсіп етіп, тоқтау мен тоқырауға 
ұшыраған 
заводттар 
мен 
фабрикалар, 
цехтар 
мен 
компаниялардың жұмысын болашағы бұлыңғыр болса да 
тәуекелшілдікпен түрлі шешімдер қабылдауының арқасында 
жандандырып, дүрілдетіп әкеткен әйелдер де баршылық. 
Бүгінде Қазақстандағы әйелдердің қоғамдағы рөлі аса 
маңыызды. Әйелдер саяси биліктегілердің 10,3 пайызын құраса, 
мемлекеттік қызметтегілердің 58 пайызы нәзік жандылардың 
үлесінде. Олардың қатарында 2 министр, 5 вице-министр, 4 
аудан әкімі бар. Бұл Қазақстан дамуының индикаторы болып 
саналса керек. 
Алғаш Қазақстанда әйел денсаулығы мен өмірге ұрпақ 
әкелу тұрғысында медицинада жаңалық ашқан Ұлттық 
комиссия мүшесі, “Экомед” клиникасының жетекшісі Салтанат 
Байқошқарованы танымайтын жан кем де кем. Фаридам 
Мерхамитқызы болса қазақ сән үлгілерінің небір ғажап 
формасын жасап, сән әлемінде жұлдызы жанды. Қазақ 
поэзиясының қыранын әлі күнге дейін биікте қалықтатып келе 
жатқан Фариза Оңғарсынова мен айтыс өнерінде халықтың мұң-
мұқтажын тайсалмай бетке айтып, шындықтың томағасын 
сыпырып жүрген Айнұр Тұрсынбаеваның есімі жалпы қазаққа 


73 
таныс. Сайраш Әбішева қазақ журналистикасының ауыр жүгін 
арқалап жүрген нәзік жандылардың қатарындағы жазушы. 
Спорт додасында да дүниені дүр сілкіндірген 
қазақстандық әйелдердің саны жыл сайын артуда. Күні кеше 
әлемдік олимпиадада еліміздің Әнұранын шырқатқан, серпе 
көтеруде әлем рекорд көрсеткен Майя Манезаның жеңісі 
қазақстандықтарды үлкен қуанышқа кенелтті. Ол бұған дейін 
Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өткен әлем біріншілігінде 
алғаш рет әлем чемпионы атанған еді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ қоғамы әйелдер 
мәселесін жаңа заман талабына орай жаңаша қырынан көтере 
бастады. Нәтижесінде саяси, қоғамдық және экономикалық 
жағдайлардың ерекшелігі ескеріле отырып, 1998 жылы 
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кеңесші орган 
–  Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат 
жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғаны белгілі. Осы 
комиссия аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
Жарлығымен қабылданып және іске асып жатқан игі шаралар 
ұшан-теңіз. Демек, қазақ әйелінің тағдыры мемлекет назарынан 
қалыс қалмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет