Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет50/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
 
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. Қазақ отбасындағы ата мен әке қадірі, ата мен әке 
айбаты туралы не айтар едіңіз? 
2. Қазақ отбасындағы ана мен ененің өмір салты қандай? 
3. Үлкендердің бала тәрбиелеудегі рөлін ашыңыз. 
4. Келін мен ене арасындағы қарым-қатынас мәдениеті 
туралы қандай мысалдар келтіруге болады? 
 
ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ, 
ҚЫЗ СЫНЫ 
 
Қыз бала тәрбиесiне қатысты көптеген ғылыми еңбектер 
жазылып, қыздар тәрбиесіне арналға тәрбие бағдарламалары да 
бар. Алайда, олардың өзіндік көздеген мақсаттары мен 
міндеттері бар. Біздің мақсатымыз қыз балаларды ұлттың 
сақтаушысы ретінде қарап, оларды отбасылық өмірге даярлауда 
этномәдени құндылықтар тұрғысынан мүмкіндік табу. 
Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.): “Кiмнiң үш қызы 
болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терiмен тапқанымен 
киiндiрiп бақса, олар (яғни, қыздарды тәрбиелеп өсiргенi) ол 
үшiн тозақ отынан қалқан болады”, - деген. Бұл шынымен де 
қыз бала тәрбиесiнiң ата-ана үшiн оңайға түспейтiндiгi. Қыз 
баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, 
келешек өмiрiне даярлығы әрқайсысы өз алдына дербес 
тақырып. Бұл тақырыптарда қаншама ғылыми еңбектер, 
мақалалар жазылып жүр.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Ж. 
Қожахметова ұлттық тәрбие арқылы сана-сезiмi толысқан қазақ 
қызының бейнесiн төмендегi өлшемдермен бағалайды. 


124 
Тектiлiгi: тектi жердiң қызы әдептi, көргендi, инабатты, 
iске шебер, қиыншылыққа төзiмдi, өскен ортасы мен ата-
анасының артынан жаманат сөз ергiзбейдi. “Көрiп алған 
көрiктiден, көрмей алған тектi артық”. 
Ақыл-парасаты: бойжеткеннiң дүние-мүлiкке көзқарасы, 
зейiн-зердесi, 
туған-туысқандарымен 
қарым-қатынасы, 
бауырмалдығы, қайырымдылығы, ұқыптылығы, мiнез-құлқы. 
“Алған жарың жақсы болса, жұмақтағы хормен тең, жаман 
болса, маңдайға бiткен сормен тең”. 
Сыр-сымбаты: Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, 
оймақ ауыз, күлiм көз, жайдары мiнездi, алма мойын, ақша 
беттi, ақ тамақ, аршын төстi, тал шыбықтай бұраң белдi, сүмбiл 
шашты, керiлген ақ маңдайлы, сүйрiктей ақ саусақты, сүрме 
қасты, ұзын кiрпiк, ақ бiлек, маржан тiс, қыр мұрынды т.с.с. 
Iскерлiгi: басты мiндетi – ерiн күте бiлу, аналық борышы 
– бала тауып өсiру, тәрбиелеу, қонақ күту, шай құю, құрт 
қайнату, iркiт пiсiру, кесте тiгу, шiлтер тоқу, киiз басу, киiм тiгу, 
кiлем тоқу. “Өнерсiз қыздан без, өнегесiз ұлдан без”. 
Бұл күнде сырт көзге қазақ қызы қандай? Бұл жөнiнде 
түрлi пiкiрлер естiп жатамыз. Еуропаша жалаңаштанып, қысқа 
кофтасы кiндiгiн жаппай, тар шалбар мықында iлiнiп, иығынан 
iшкi дүниесi көрiнiп қазақ қызы өркениет көшiне iлесiп кетiп 
барады. Келесi бiр толқын етек-жеңiн қымтанып, басындағы 
орамал бiр тал шашын көрсетпей, ақ маңдай мен алма мойынды 
орай жауып, мұсылмандығы “мен мұндалап” тұр. Бұлар да 
жаһанданудан сақтанған сыңайлы. Бұл туралы  “Қазақ қызы өз 
бейнесiнен айырылып барады… Қазақ қызы әлеуметтiк кодын 
жоғалтып алды” деген әредiк ойлар айтылады. Бұл сұраққа 
Философия 
ғылымдарының 
кандидаты, 
дiнтанушы, 
мәдениеттанушы Мұртаза БҰЛҰТАЙ: Ислам дiнi орта жолды 
ұсынады, әрқандай қатыгездiкке, әсiре сiлтеушiлiкке қарсы. 
Дiнiмiздiң Құран Кәрiмде келтiрiлген қағидаларының барлығы 
да жүзеге асыруға өте қолайлы және ешкiмдi қинамайтын, 
ешкiмге 
ауыртпалық 
бермейтiн 
қағидалар. 
Жоғарыда 
зайырлылықтың дiни сенiм бостандығы мен ғибадаттарды еркiн 
жүзеге асырудың кепiлi екенiн айтып өттiк. Осы себептерге 


125 
байланысты кейбiр мұсылман әйелдер мен қыздарымыздың 
бастарын жабуларына кедергi жасауға яки оларды тек осы 
себептi сынауға қарсымын. Дiнiмiзде зорлық-зомбылық жоқ, 
заңдарымыз да солай. Егер де кейбiр қыздарымыз, апаларымыз 
өз сенiмдерiне сәйкес бастарын жапқылары келсе, жапсын. Ал, 
кiмде кiм басын жапқысы келмесе, оны да ешкiм зорламасын” – 
деген пiкiр айтады. 
Дәл осы сұраққа дiнтанушы Қайрат Жолдыбайұлы: “Бiз 
өзгелердiң мәдениетiне елiктеп, ислам дiнiнiң қағидаларына 
қарсы шыға алмаймыз. Қазiргi қазақ қоғамы өзiнiң халықтық 
әдет-ғұрып, салт-санасынан айырылып қалды деп жатқаны рас. 
Бұл орамал тартқан он шақты қызға қарата айтылған сөз 
болмаса керек-тi. Бүгiнде әбүйiрiн шашып, кiндiгiн ашып, 
сандарын жарқыратып жүрген қазақ қыздары туралы “қазақта 
мұндай жоқ едi”, - деп байбалам салмаймыз. Бiрлi-жарым адам 
өздерiнiң дiни түсiнiктерiмен орамал тартса, “қазақ қызы 
келбетiн жоғалтып алды” деп даурығамыз. Шындығына келсек, 
қазақтың қорқатын нәрсесi – орамал тарту емес, шын қорқыныш 
– көше жағалап жүрген жеңiл мiнез, не болса соған елiктегiш 
ұшқалақ, ұлт тәрбиесiнiң өнегесiн көрсете алмайтын “шала 
қазақ” қыздардың көбеюi. Ұлтымыздың ұрпағын өмiрге әкелiп, 
тәрбие берер болашақ аналар осылар емес пе?” – деп жауап 
бердi. 
Ұлттық 
тәрбие 
берудi 
негiзге 
алар 
болсақ, 
этнопедагогика ғылымына жүгiнемiз. Халықтық, ұлттық 
тәрбиенiң денi халықтың салт-дәстүрiне ғана емес, дiни сенiмiне 
негiзделуi шарт. Ислам дiнiнiң кейбiр талаптарын “догма” деп 
түсiнiп келген қалпымызға өзi зерттеген ғылымын дiнмен 
байланыстырып, жауап тапқан ғалымдардың тұжырымды 
пiкiрiн бiлгенiмiз қыз бала тәрбиесiнде ұстанар қағида болмақ. 
С.Асфендияров 
атындағы 
Мемлекеттiк 
медицина 
университетiнiң емдiк гигиена кафедрасының меңгерушiсi, 
медицина 
ғылымының 
докторы, 
профессор 
Қарлығаш 
Тоғызбаева нәзiк жыныстыларға мұсылмандық әдепке сай 
жүрудiң қажеттiлiгiне ғылыми дәлелдер келтiредi: 


126 
…Ашық-шашық 
киiнген 
әйелдер 
көркiмен 
ер-
азаматтарды елiктiрiп, құмарлықтарын оятып қана қоймайды, ол 
өзiне де қатер төндiредi. Бiрiншiден, ғылыми дәлелденгендей 
“көз тию” деп аталатын пәлекеттен аман қалу мүмкiн емес. 
…Әрине, “көзi өткiш” адамдар сирек кездеседi. Бiрақ, бүгiнгi 
ғылым анықтағандай, әсiресе ер адамдардың тесiле қараған көзi 
өте зиянды екен. Сөйтiп, …бұл дүниеде түрлi дертке ұшырайды, 
жолы, бағы байланады… Екiншiден, ер адамдар көбiне көктен, 
әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан да болар, әйелдiң шашы 
магнит тәрiздi ауадағы кiр-лас қуатты жинағыш келедi. Бұл да 
оның әсiресе, бас ауруына ұшырауына әсер етедi. Автордың өз 
тәжiрибесiнде кездескенiндей, орамал тартқаннан кейiн
“басының сақинасы” т.б. дертiнен жазылып кететiндер аз емес 
көрiнедi. Үшiншiден, ашық-шашық жүрген әйел көктен өзiне 
қажет емес қуат алады. Сөйтiп, онда еркектерге тән 
тестостерон гармоны пайда болады, нәтижесiнде ағзаның 
гармональды бұзылуы етек алып, жыныс органдарындағы 
қатерлi iсiк, т.б. ауруларға жол бередi. 
Ал, баланың бiтуi мен тууына аса қажет әйелге тән 
экстрогенос гармондарының керектi мөлшерде қалыптасуына 
ықпал ететiн – жерден келетiн қуат ұзын, кең көйлек арқылы 
әйел денесiне молынан, еркiн өтедi. Тар шалбар бұл процеске 
кедергi жасайды.
…Осы қуаттар үйлеспеуiнен қоғамда жан түршiгерлiк 
ауытқушылықтар 
пайда 
болуы 
мүмкiн 
(лесбиянкалар, 
гомосексуалистер, трансвестистер т.б.). Күштi феминистiк 
қозғалыстар салтанат құрған батыста бедеу әйелдер мен 
еркектердiң көбеюi, сөйтiп моральдық азғындаудың шыңына 
жетпеген ТМД елдерiнен бала асырап алу өзектi мәселеге 
айналуы тегiн емес.  
Осындай жүрек айнытар жағымсыз құбылыстың негiзгi 
себебi – тән және рух тазалығының, әдептiлiктiң жойылуы. Өз 
қолымызбен өзiмiзге қиянат жасап жүргенiмiздi түсiнгiмiз келсе, 
тәрбиенiң тарихи мұраларынан үлгi ұстанғанымыз әрбiр қазақ 
отбасының бақытына барар жолды тапқанмен бiрдей болмақ. 
Әрбiр ата-ана отбасында өз қыздарына осыны нақты 


127 
дәлелдермен түсiндiре бiлсе, сұрқия көрiнiстерден де ада болар 
едiк.
Оң жақта отырып ата-анадан тәрбие алған қыздың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет