Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет52/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97
 
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1.  Қыз баланың ұлт тәрбиесіндегі орны қандай
маңыздылығын ашыңыз? 
2. Қыз баланың сырт-сымбаты, киім кию үлгісі арқылы 
тәрбиелілігін анықтауға бола ма? 
3. Қыздың сыны критерийлерін жаңа заманға лайықтап 
қалай ұсынар едіңіз?
4. «Қыз бала – тәрбиенің ұйытқысы» тақырыбында 
рефлексия жасау. 
 
 
 
 
 
 
 


135 
ОТБАСЫНДА ҚЫЗ БАЛАНЫҢ АТҚАРАТЫН 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК РӨЛДЕРІ 
 
Қазақ халқының сан ғасырлар қалыптасып, тарих 
талқысынан өткен, салт пен әдет-ғұрып аясында өрбіп, тәрбие 
шеңберінде дамитын, заман талабымен жаңғырғанымен, қалпын 
сақтайтын тамаша дәстүрлері бар. Солардың негізгісі – “үш 
жұрт”. “Үш жұрт” – ұғымы туысқандықты сақтайтын 
этноәлеуметтік тұтастық. “Жігіттің үш жұрты” болып 
патриархалды түсінікке сай айтылғанымен, мейлі ер, мейлі әйел 
болсын, отау тігіп отбасын құрғаннан бастап, туысқандық 
қарым-қатынасты үш жұрты арқылы өрбітеді. Үш жұрттың 
біріншісі – өз жұрты. Оған әкесінен тараған бірге туған 
бауырларымен қатар әкесінен арғы аталарынан қосылатын 
ағайындарына дейінгі туысқандары жатады. Оларды жеті атаға 
дейін санай бастағанда бір қауым ел болатын ағайын-жұрт. Өз 
отбасыңдағы әке мен шеше, ата мен әже, аға мен іні, апа мен 
қарындас немесе сіңілі, сондай-ақ, өз бауырларыңның жарасты 
жұптары: жеңге мен келін, жезде мен күйеу бала, абысындар бір 
шаңырақ астында туысқандық қарым-қатынас арқылы өз 
міндеттерін – әлеуметтік рөлдерін атқарады. 
Екіншісі – нағашы жұрты: туған анасының төркін-
жұрты. Яғни, жиеннің танымы бойынша шешесінің туған әке-
шешесі, ата-әжесі, аға-інісі мен апа сіңлілері және олардың 
жұптары мен балалары. Осы орайда нағашы ағаның баласы да 
нағашы іні болып, туыстық қалпын сақтағанмен, нағашы 
апаның баласы “бөле” деп аталады. Өйткені, оның сүйегі – басқа 
жұрттыкі.
Үшінші – қайын жұрт: жігіт үшін алған әйелінің төркіні 
немесе әйелдің келін боп түскен жері. Келген келін үшін: қайын 
ата мен қайын ене, қайын аға мен абысын, қайын апа мен жезде, 
қайын іні мен келін, қайын сіңлі мен күйеу бала т.б. Ал, жігітке 
қайын ата мен қайын ене, қайын аға мен жеңге, қайын апа мен 
үлкен бажа, балдыз бен келін, балдыз бен кіші бажа сияқты 
қайын жұрт деп аталатын туыстар тобы. 


136 
Этноәлеуметтік рөлдер “үш жұрт” аясында өз қызметін 
жан-жақты өрістетеді. Халқымызда “Ағайын жұрт – күншіл, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет