Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет46/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

 
 


111 
ЕР КҮТІМІ. ОТБАСЫНДАҒЫ ӘКЕНІҢ РӨЛІ 
 
 
Көшпелі 
және 
рулық-тайпалық 
негізде 
құрылған 
халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың 
негізін қалайды. Рулас ағайын, туыс, жақын туыс, аталас, бір ата 
баласы, бір әке баласы арасында туыстық байланыстан 
туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың 
ғұрыптық заң-салттарымен бекітілген. 
Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен 
есептелген. Сонымен қатар, әйел жағымен де туыстық 
байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен 
деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы 
жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге 
болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан. 
Жалпы алғанда, қазақтың туыстық қатынас атаулары 
90ға жетеді. 
Көнекөз шежіреші қариялар бір атадан келесі атаның 
баласын, туыстық тармақтарды еш қиналмастан-ақ тарқата 
береді. Осылайша, тарихи оқиғалар, аңыз-әңгімелер атадан 
балаға жалғастырылады. 
Туыстық жүйенің ең негізі, бел ортасы - отбасы саналады. 
Барлық алыс-жақын туыстық – осы отбасынан есептеледі. 
Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, 
бала
Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, 
ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік 
болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды 
қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста 
түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды 
құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау 
көргенділік деп есептеледі. 
Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала 
болмаған. Ата-апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-
шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. 
Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы 
мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан 


112 
балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген. Тұңғыш немерелер 
ата-апасын өз әке-шешесіндей санап, туған әке-шешесін тек 
қана өскеннен кейін де танып жатады. Кейде тұңғыш немересі 
кенже ұлының орнына, атасының қара шаңырағына ие болып та 
қалатын жәйт кездеседі. 
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап 
сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен 
апалардың орны ерекше. 
Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ 
деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. 
Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта 
кенже ұл ие болып, қарттарды бағып-қағатын, көне салт бүгінгі 
қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй 
болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да 
кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де 
қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. 
Қазақ қоғамындағы әйелдердің орны жайлы әңгімелегенде, 
Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдерімен 
салыстырғанда қазақ қыздары мен әйелдерінің анағұрлым еркін 
болғанын айтқан жөн. Олар жүздерін жамылғылармен 
бүркемей, ашық өмір сүрген. Дегенмен, қазақ әйелдері үшін 
басты міндет – отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін 
барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады. 
Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмір тәжірибелерін 
бөлісіп, 
болашақ 
үлкен 
өмірге 
дайындайды. 
Туыс 
ағыйындардың әйелдері – абысындардың қарым-қатынасы өзара 
көмек пен түсіністікке, берекеге құрылады. Сондықтан да, 
«Абысын тату болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп», - деген. 
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер 
білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап 
өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат 
болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала 
екен, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайды. 
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, 
отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет 
пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта 


113 
танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата 
өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында 
жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, 
мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті 
атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық. 
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ 
қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. 
Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің 
басты міндеттерінен сабақ алды. Ол ерінің адал жары, ана болу, 
отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық 
жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, 
туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді 
отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. 
Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. 
Сондықтан, қазақ «Шешесіне қарап қызын ал» – деген. 
Ұзатылып келген қалыңдық үйлену тойының ертеңінде 
бүкіл ру, әулет, ауылға келін болып саналады. Өзі аттаған 
босағасының, рудың адамы санатына қосылып кетеді. 
Қазақ жақсы келінді қызынан кем көрмеген. Қазақ 
дәстүрінде үлкеннің атын атамай, тіріде өзін, өлгенде аруағын 
құрметтеу - жақсы келіннің әдептілігі мен тәрбиелілігінің 
айғағы. 
Тұрмыстағы көргені мен түйгені, ақылдылығы, парасатты 
келінді есейе келе, ауыл-үй құлақ салып ақылдасатын ана 
дәрежесіне көтереді.Қызына құда түсіп, айттырған күннен 
бастап жігіт қыз ауылы үшін күйеу атанып кете барады. Күйеу 
қайын жұртында төрге шықпайды, оған сыбағалы асы деп 
асықты жілік пен төс тартылады. 
Әрине, жасы егделеген сайын, күйеудің әлеуметтік 
мәртебесі де жоғарылайтыны белгілі. «Күйеу қартайса құда 
болады», сөзі осы уақыт аралығында күйеу жақтан әлденеше 
қыз алысып, қыз беріскендігін, күйеудің де беделді адам бола 
бастағандығын айғақтаса керек. Қазақтың «Күйеуді қызым үшін 
сыйлаймын» деген сөзінде де үлкен мән бар. 
Әуезов М. Абай жолы: Бұл романда жазушы Құнанбайды 
асқан сүйіспеншілікпен жетер жеріне жеткізе суреттейді. 


114 
Құнанбай Абайға әке ғана емес, заманның үлкен қайраткері, әрі 
үлкен тұлғасы. Ал, Абай ойы, Абай даналығы, Абай тереңдігі – 
тазадан тазалыққа, биіктен биіктерге шақырар жанның жарық 
жұлдызына айналған. Мұндай эпопеяны халқын шын сүйген 
адам ғана жаза алады. Бұл эпопеясы болмаса қазақ өмірі, оның 
кім екендігі дәл сондай құдіреттілікпен дүниеге танылмас еді. 
«Абай жолы» халқымыздың ақыл-ойын биікке көтерген, әрбір 
отбасының сүйіп оқитын, тәлім-тәрбие алатын туындысы 
болды. 
Бабам қазақ бала тәрбиесіне қашан да бей-жай қарамаған. 
Баланы ертеңгі ел қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы 
ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кеңдікке тәрбиелейтін болған. 
Бір ғана «баланы жастан» деген сөздің астарынан қазақтың бала 
тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Баласы 
есейіп 14-15 жасқа келгенде атқа мінгізіп алыстағы аузы дуалы 
ақсақал қарттарға сәлем беріп кел деп жіберетін болған, ондағы 
мақсат: көпті көрген көне көз қазыналы қарттардан тарихта 
болған жайларды, бабалар ерлігін тыңдап, кең байтақ жерімізді 
батыр бабаларымыз ерлікпен қорғағанын, дарқан даламыздың 
бүгінгі және кейінгі ұрпаққа аманат екенін саналы түрде 
санасына сіңіріп отырған. Міне, бұл ер тәрбиесі. 
Аға – бір әке-шешеден туған (немесе бір рудағы ағайын-
туыстың) жасы үлкен жігіт. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп 
есептеледі. Жасы кішілер аға алдында әдеп сақтап отырғаны 
жөн. Олар жұмыс істеп жатса, жастар: «Мен істейін», – деп қол 
ұшын беруі керек. Аға – жасы кішілер үшін айбар, қорған, 
сүйеніш әрі мақтаныш. 
Іні – бірге туған ағайынды адамдардың ер жынысты жасы 
кішісі. Оның жасы кіші болғандықтан жолы да кіші болады. Ол 
аға, апа алдында кішілік міндетін түсінуге, мойындауға тиіс. 
Ағайындылар бас қосқанда жеңіл-желпі жұмысты іні атқаруға 
тиіс. Іні – аға мен апаның ізбасары, сүйеніші, қоланаты, сенімі, 
үміті. Ескере жүретін бір жай – інінің баласы ағаға бала болады, 
ал сол балалар інінің апасына іні болып қала береді. 


115 
Әке – ұрпақ иесі, панасы, айбары, үй басшысы және 
асыраушысы және тәрбиешісі. Жеті атадан санағанда екінші 
ұрпақ. Ол тек бір отбасы ғана емес, ауыл, ру қамқоршысы, 
үлкен-кішіге бірдей азамат, ел ағасы ретінде көрінеді. 
Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын 
қалаушы, оны басқарушы, отағасы – әке. Отбасының рухани, 
материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге 
байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын 
– әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша 
дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп 
жібергенде, әкенің салмақты сөзі ауадай қажет болып жатады. 
Әке – әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап 
сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде 
әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін «үлкен үй», 
«қара шаңырақ» деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. 
Әке тәрбиесі арқылы, ұл мен қыз балалардың өздеріне тән 
мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы 
да анық. Әсіресе, ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға 
қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. 
Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек. «Әке 
көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп бекер айтпаса 
керек. 
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-
білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап 
өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат 
болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала 
екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. 
Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет 
пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта 
танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата 
өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында 
жиі кездесетін дәстүр. 
«Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны 
жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре 
алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, 
оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, 


116 
баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты 
міндеттерінің бірі. 
Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. 
Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір 
қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Баланың өмірінде 
болып жатқан әр түрлі жағдайлардың бәрі баланың ақыл-ой, 
санасына байланысты. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп 
жағдайда әкеге байланысты. Ары қарай өмір теңізінде кез болар 
қиындыққа төтеп беру де, суға кету де осы бағыттың нәтижесін 
бермек.  
Әйелдің 
еріне 
қарым-қатынасы 
балалардың 
әкеге 
көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Бұл 
үй ішіндегі әдептің бастау көзі. Бұл жағынан аналардың 
балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын 
істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы керек. 
Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас 
қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод 
бар. »…Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне 
күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен 
бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да 
байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе 
барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, 
қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, 
ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа 
қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы М. Әуезов мұны 
халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар 
ету үшін ғана емес, онын тәрбиелік зор маңызын жоғары 
бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық. 
Әкені құрметтеу – айрықша парыз. Халқымыздың мақал-
мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір-қасиеті 
туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп – 
әке болмас, жеті жеңге бірігіп – ана болмас», – деген сөзде де 
терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге 
жасайды. 


117 
Әке мұрасы және мұрагерлік құқық туралы да айтпай кетуге 
болмайды. Себебі, ер-азаматқа парыз саналатын қағидалар қазақ 
өмірінің салтымен астасып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет