Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет69/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

негіздер 
 
Майқы би:
- Еркек кіндікті атқа қонсын! Жау шалғыншысын 
торуылдап жоймағы шарт. Жасауыл жасақтар жасақтанып, 
қарсыласуға түземделіп, сақадай сай тұрсын! Кәрілер ауылға 
малға бас-көз болсын! Ұрғашылар қарттардың тілін бұрмасын. 
Ауыл жесірлері ел атын, ру атын, отағасы атын, ауыл атын, жер 
атын, тіпті жұбайының атын да атамасын! Артынша ұқсас 
мәнмен ұғындыратын аталымдармен атасын! Әр ауыл, әр үй 
бейсауыт кісі келсе, бір-біріне хабарлассын! Жау шалғыншысы 
екендігінен күдік туыла салысымен, жортуылдағыларға 
жеткізсін! Жағаласпай жан қалмақ қайда бар?! Әгәрәкім 
ұрғашылар алты аталымды тергемдемесе, қара маңғазға 
(сиырға) артынша мінгізіп, ел аралатып, жақпақал жағып, 
масқараланбағы шарт болсын! Осы жарлыққа қарсы 
шыққандардың табанда басы алынсын! Алынбаса, жаугершілік 
аяқталғанша, байламдаулы болмақтасын! – деп жарлық түсіргі 
болған. 
...Бұл жарлықты парыз саналымдалғы һисталым жасап, 
әдетке айналдырып, салт қалыптастырып, “Ат тергеу” деп атап 
кетіскені айдан айқындық. Жаңа түскен келіннің текті атаның 
баласы екендігін не емес екендігін осы салтпен теңгермелеп, 
дәлелімдеп көз жеткізбегі бір шарт болған. Адамзатындық әр 
пендеге пайдалы тиімділік сын болмағы осындан ба екен? 
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. “Шипагерлік баян” 
 
*** 
 
 
ХҮ ғасырда Әз Жәнібек ханның дәуірінде өмір сүрген, 
Жиреншенің замандасы – ұлы жүз, Зарман, Зарманның ішінде 
Албан, 
Лұқпан 
Хәкімнен 
тәлім 
алған 
Өтейбойдақ 
Тілеуқабылұлы өз заманында қара үзіп алған шыққан шипагер 
еді. Бірде Жиренше шешен себеп болып, Әз Жәнібектің 


161 
Ақордасында болады. Хан шипагерден сырқат және оның 
дауасы жайында сұрайды. Осы сұхбат жайында “Шипагерлік 
баяннан” үзінді келтірелік. 
... Хан тағы да менен: 
- Сырқат ішінде науқастанғанда оңайлықша білініс 
сездірмейтін, ілгіштілікпен түпке жетсе де жанға көп батпайтын 
әрі айықпайтын сырқат қайсы? – деп жауап ілмелмеледі. Мен: 

Қандық уылмалық пенделік жалғасым бітістілігі, - 
дедім. Хан: 

Ол сырқат қандай сезіліс білдірмек? – деді. Мен: 
- Пенделік жанға батымы аз болмақ, тұқым қуаламақ, 
әрді бұзбақ, ұрпақсыз қалдырмақ, ұрпағы болғанмен де 
нақұрыстандырмақ. Айықтырым дарым заузаты дарымдылығы 
жоламай көше қашпақ, - дедім. Хан: 

Ол қай сырқаттар? – деді. Мен: 

Қандық уылма мерездік, құлғаналық, миғұлалық, 
аллалық шала жаралым болмақ. Айығым – одан сақтанбақ қана. 
Сақтандыру аллажар, тақсыр, Сіздің қолыңыздан ғана келмегі 
аллалық жазмыш, - дедім. Хан: 

Одан қалай сақтанбақ шарттамақ болар? – деді. Мен: 

Ол оңай, тақсыр, Сіз тек көз мұрын (үш С.Қ.) шартты 
орындамағыңыз ғана уәжіп Мұхтасары, - дедім. Хан: 

Ол шартта қайсылар болмақ? – деді. Мен: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет