162
құдаласпағы шарт. Отыз, қырық ата араласа ұрпақ ақылды
болмақ.
Сырт елден қыз алысса, ұрпағы өнерпаз, зейінді,
аңғарлы болмақ. Бітісті мінсізділікті, толғамды қисапталымдық
саналым шарты жарақ.
Көз мұрын ретте, қарашаларыңыздың
салтында беттен
сүйетін,
өте-мөте
бозбалалар
қыз-келіншектер
бетінен
зорлықпен сүйетін бәт ниетті қылықты тыймақ шарт. Олайы,
мұрынға жел түсіргілік пұшық болым сырқатын жұқтырып,
науқас атандырмақ. Өлгенмен тең кемтарлық тудырмақ,
сонымен қоса, ондай науқас пенделер ұсынған асты ішпеу шарт
болмақ. Олайы бұл сырқат ішушіге жұқпақ.
Ақорда ханы Жәнібек әздің жарлығы
Күллі алаш ұранлы қазақ қараша бұхараларымның
өздерінің және ұрпағының мінсіз бітістік болмағы шарты үшін:
Ауыз (Бірінші). Жат төселмелік жат ниет,
бәт қылық
бүгіннен бастып тыйым болмағы шарт жарағы. Әгәрәкім көзге
шалынса, қара маңғаз артынша мінгізіліп өртелмелік қалма
әлпетіне жақпаулық, жаға жұрт көрмелік істемек шарт.
Көз (Екінші). Жеті атадан
ілгері қыз алысқандар
бүгіннен бастап болмауы шарт жарағы. Әгәр олай болса,
болғанына көз жетсе, жұбайларды тең бас қылыштамақ шарт.
Көз мұрын (Үшінші). Беттен сүйетін жат қылық бүгіннен
бастап тыйым. Және аллалық шала жаралымнан басқа науқастар
әрқандай пенде баласына болса да тостағанның шетін тістетпеуі
шарт. Әгәр айқын ұғыныстылық болса, елу қамшы дүрелемек
жарағы, оған сұрау жоқтығы айқындылық. Әшкере қарсыласқан
адамның өзі кім болса да жер үймек...
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. “Шипагерлік баян”
Достарыңызбен бөлісу: