***
"Жеті жарғы" - ХҮІІ ғасырдың аяқ кезі мен ХҮШ
ғасырдың басында Тәуке ханның (1680-1718ж.) тұсында
жасалған қазақтың әдет құқығының жинағы. "Жеті жарғыға"
сол кездегі қазақтың тұрмысына, әдет-ғұрпына, өміріне тән
қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген. Оның жазба
163
толық нұсқасы әлі табылған жоқ. Бізге ұрпақтан-ұрпаққа
ауызша ауысқан түрі ғана жеткен.
Осы "жеті жарғыда" 4-5-6-жарлықтарда отбасы мәселесі ата-
ана мен бала, құдаласу мен қыз ұзату мәселелеріне баса көңіл
бөліп, ашып жазады:
- әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны
өлтіруге хақылы, бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс;
әйелінен сезіктенген еркектің сөзін 4 сенімді адам дәлелдеп беру
керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып,
жазадан босатылады;
- біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан
адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді. Егер
әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, күйеуіне
қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз қыз беруге тиіс;
- әйелді ренжіткен адам, одан кешірім сұрауға тиіс,
сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады;
- қан алмастыру (7 ата ішінде) өлімге немесе ағайындар
белгілеген жазаға бұйырылады;
- ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым
байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап,
ауылды айнала шапқылатады. Ал қыз қол-аяғы байланып,
анасының билігіне беріледі.
Жеті жарғы: Бұрынғы қазақтардың ел билеу заңы.
***
Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-
бабында “Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң
қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәр-
биелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрi парызы, кәмелетке
толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына
қамқорлық жасауға мiндеттi” , - деп көрсетiлген.
Елiмiздiң қайта толықтырылып 2002 жылдың 1
шiлдесiнде берiлген “Неке және отбасы туралы” Заңында
“Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе
балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын
мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге
164
байла-нысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға
жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы”, - деп анықтама берiледi.
Сондай-ақ, 9-тарауда “Бала құқықтары” 8 бап төңiрегiнде
заңдармен қамтамасыз етiлген. Ал, 10-тарауда “Ата-
Достарыңызбен бөлісу: |