Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


аналардың құқықтары мен мiндеттерi”



Pdf көрінісі
бет72/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

аналардың құқықтары мен мiндеттерi” де 7 бап бойынша 
жүйеленiп, өзi өмiрге әкелген баласының алдындағы мiндеттерi 
мен құқықтары заңда белгiленген. Онда ата-аналардың өз 
балаларына қатысты құқықтары мен мiндеттерiнiң тең 
екендiгi, балалары 18 жасқа, сондай-ақ кәмелетке толмаған 
балалар 
некеге 
тұрғанда 
барып 
тоқтатылатындығы 
айтылады. 62-бапта ата-аналардың балаларды тәрбиелеу 
және оларға бiлiм беру жөнiндегi мiндетi көрсетiлген. Бала 
тәрбиелеушi ата-аналар өздерiнiң қабiлеттерi мен қаржылық 
мүмкiндiктерiнiң шегiнде, оның дене, психикалық, адамгершiлiк 
және рухани жағынан дамуына қажеттi өмiр сүру 
жағдайларын қамтамасыз ету үшiн негiзгi жауапкершiлiкте 
болатындығы айтылған. Ата-аналардың басқа адамдарға 
қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге, олардың денсаулығына 
қамқорлық жасауға басым құқығы бар екендiгiн атап 
көрсеткен. Сондай-ақ, балаларды тәрбиелеу әдiстерiнде 
адамның 
қадiр-қасиетiн 
кемсiтетiн 
немқұрайлылық, 
қатыгездiк, дөрекiлiк, балаларды қорлау немесе қанау болмауға 
тиiстiгi жазылған. Ата-аналар ажырасып немесе балаларынан 
бөлек тұрған жағдайда да бала мүддесiнiң қорғалуы заңды 
қарастырылған.
 
Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңында 
да ата-аналардың өз балаларына, қамқорлыққа алынған 
балаларға қамқор заңды өкiлдер-қамқоршылардың алдындағы 
тәрбиелеу мен бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi 
айтылады. Ата-аналар және өзге де заңды өкiлдер: 
1) балаларға өмiр сүруi мен оқуы үшiн салауатты және 
қауiпсiз 
жағдайлар 
жасауға, 
олардың 
интеллектуалдық және дене күшiн дамытуын, 
адамгершiлiк жағынан қалыптасуын қамтамасыз 
етуге; 


165 
2) бес (алты) жасында балалардың мектепке барар 
алдындағы дайындығын қамтамасыз етуге, ал алты 
(жетi) жастан бастап жалпы бiлiм беретiн мектепке 
беруге; 
3) бiлiм беру ұйымдарымен ынтымақтастық жасауға; 
балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз етуге 
мiндеттi (38-бап.)
Сол сияқты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас 
Ассамблеясы 1959 жылдың 20 қарашасында 1386 (ХIҮ) 
қарарымен қабылданған “Бала құқықтары Декларациясында”, 
1989 жылдың 20 қарашасында қабылданып, 1990 жылдың 2 
қыркүйегiнде күшiне енген “Бала құқықтары туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет