176
пирамида тұрғызуға да болады, тіпті жай ғана үйіп тастауға да
болады.
Табиғи жұмсақ графит пен қатты алмаздың элементі
тұрады. Құрамы ұқсас, бірақ, қасиеті (жарықөткізгіштігі,
тығыздығы, қаттылығы т.б.) екі түрлі. Егер адам суға әсер ете
алса, онда неге өзінің серігіне әсер етпеске?! Бұл үшін ДНҚ-ға
өзгеріс жасаудың қажеті жоқ. Өйткені молекулалар ылғи
тербелісте тұрады. ДНҚ сақинасына қандай да бір энергия әсер
еткенде тербеліс жиілігін өзгертеді. Демек, телегонияның
дұрыстығы адамның энергия бөлетінін және бұл энергияның
ДНҚ молекуласының тербелісін өзгертетінін
дәлелдеу арқылы
расталады. Григорий Богослов: «Адасқан өзінің тұқымын
құртады», – дейді. Бұған нақты тарихи дәлел де бар – адасқан
халықтар Жер бетінен тез жойылып отырған. Құдай заңын бұзу
адамға орыны толмас өкініш әкеледі. Телегония сынды
факторды елемеу бүгінгі постиндустриалдық қоғамға кері әсер
етеді, ұлттар демографиялық дағдарысқа ұшырайды, олар
венерологиялық ауруларға, СПИД-ке, т.б. бейім келеді.
Этнос
жойыла береді. Мәселен, Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға
түскен 16-20 жастағы қыздардың 90% пәк екен. Оларды
тексерген неміс дәрігері бірден Гитлерге кіріп, бейбітшілік
келісімге келуге ұсыныс жасайды. Өйткені адамгершілігі
жоғары мұндай халықты жеңу мүмкін емес еді.
Ойтүйін
Егер кімде-кім «Телегония баяғыда-ақ талқандалған»
десе, қателеседі. Ғылыми мәліметтер телегонияны жоққа
шығармайды. Телегония
ғылымға қарсы келмейді, ғылыми
бюрократияға қарсы. Мұндай құбылыс бар, оны көрнекті
ғалымдар, академиктер растап отыр. Мәселе ешкімнің осы
турасында кешенді зерттеу жүргізбегендігінде – өйткені
үстіңнен семсердей қоғамдық пікір төніп тұрғанда оны
талқандау қиын. Жалпы, ғылым дегеніміз не?
Ғылым не істеуі
керек? Зерттеу, көрінеу қаралау не ақтау? Жауабы мәлім. Шын
мәнісінде, «ғылым» не істеп жатыр деген сұрақтың жауабы да
белгілі.
177
Мұсылман жүрегіндегі тазалық – арттақалушылық емес,
керісінше, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан нағыз
өркениет. Бұл – болашақ ұрпақтың генетикасы туралы ойлану
немесе дәстүр, контрацептивсіз, венерологиялық ауруларды
жұқтыру қаупінсіз ұрпақ өсіру. Бабаларымыз балаларын
пәктігін сақтауға тәрбиеледі, ал, көптеген ұлттарда некеге дейін
пәк жүру артта қалушылық болып есептеледі.
Азғындық пен
ойнас қалыпты жағдайға айналғанда, элита арсыз қағидасын
басқаларға таңып жатқанда нағыз мұсылман болу оңай емес.
Алға кіммен баратынын мұсылман өзі таңдайды. Біз Құдайдың
разылығы үшін өз таңдауымызды сезінеміз. Дін тұрғысынан да,
әлеуметтік жағынан да ең бастысы, маңыздысы – ұрпағымыз.
Сондықтан бәрі де: қандай жеміс егетініміз де, ұлтымызға
қандай мүмкіндік беретініміз де – өз қолымызда. Болашақ
ұрпаққа бізден мұраға не қалады?
(Камшат БАТЫРБЕКҚЫЗЫ)
Достарыңызбен бөлісу: