Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Ислам зинақорлыққа үзілді-кесілді қарсы



Pdf көрінісі
бет76/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Ислам зинақорлыққа үзілді-кесілді қарсы 
«Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және 
жаман жол!» (Құран, 17:32). Мұсылман баласы Құранда 
келтірілген аяттарды басшылыққа алуға міндетті. Мұндай 
аяттардың бірі Исаның анасы Мәрияға арналған: «Сондай 
абыройын қорғағанға (Мәриям) рухымыздан үрледік. Сондай-ақ 
өзін де, ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық» (21:91). Мұндағы 
абыройын қорғау – тазалық, дұрыс ойлау, байыптау, пікір ету 
дегенді білдіреді. Жыныстық қатынас тұрғысынан мағынасы 
ауыспалы, дегенмен, азғын адамның байыбына жетіп, терең 
ойланбайтынын көрсетеді. Өзін де, ұрпағын да құртатын күнәға 
батпауы үшін бұл барлық адамның қағидасы болуы тиіс. Құдай 
Құранда адамдарға былай дейді: 
«(Мұхаммед Ғ.С.) Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге 
қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) 
қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не 
істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде 
ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) 
қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың 
өзіндігінен 
көрінгендері 
басқа. 
Және 
бүркеншіктерін 
омырауларына түсірсін. Бірақ: ерлеріне, әкелеріне, қайын 
аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, 
олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман 
әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын 
қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін 
балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін 
басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, 
түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар.» (24:30–
31). 
Пәктік пен сапалы ұрпақтың байланысын телегония 
сырын ашқан генетиктер ғана түсіндіре алады. Медицина 
әйелінің аяғы ауырлағанда баланың әкесі көп ұйықтайтынын 
анықтады, ерлердің ағзасында бұдан басқа өзгеріс байқалмайды. 


172 
Дәл осы сияқты алғашқы түннен кейін әйелдің биоөрісінде 
энергетикалық, ақпараттық өзгерістер болады. 
Жар таңдағанда оның пәк болуын талап ету тегін емес. 
Бұл тұрмыста болған әйелмен некеге тұруға болмайды дегенді 
білдірмейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Айша анамыздан басқа 
жұбайларының бәрі бұрын тұрмыста болған. Әңгіме Құдайдың 
қалауымен құрылатын заңды одақта, ал некесіз қатынас – өте 
жиіркенішті. Қыздың пәктігінің анатомиялық ерекшелігінен 
бұрын өнегелік мәнін еске ұстау керек. Пәк қыздар өзгелерден 
артық. 
 
Бұл Құранда да айтылған: «(Әй, Пайғамбардың 
жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа 
сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, 
құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз 
жұбайлар беруі мүмкін.» (66:5). Ал, жұмақ қасиетті Құранда 
былайша сипатталады: «Расында хүр қыздарын жаңадан 
жаратамыз. Оларды ер көрмеген қыздар етіп жаратамыз. 
Күйеуін сүйгіш құрдас болады. Бұл айтылғандар, оңшылдар 
үшін болады». (56:35–38) «Бейіштерде өз ерлеріне телмірген 
сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да, жындар да 
соқтықпаған жұбайлар бар» (55:56). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет