Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет40/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Аралас неке – басқа ұлт немесе ұлыс өкілімен некеде болу. 
Бұл аса қауіпті емес. Бірақ, сақтанатын жағы да бар. Соғыс 
кезінде ата-бабаларымыз қалмақ қыздарына үйленген. Дініміз 
ұлтына емес, мұсылмандығына қарап, үйленуге рұқсат береді. 
Ұлтына да, дініне де қарамастан үйлену махаббат бостандығы 
берілген соңғы ғасырда кең етек алып келеді. Сондықтан да 
“метис”, “шала қазақ”, “маргинал” т.б. өз ұлтын білмейтін 
немесе керек етпейтін ұрпақ пайда болды. Сондай-ақ, оларды 
қазақ отбасы деп атау да мүмкін емес.
Бұрын аралас некеде қыз беруді емес, қыз алуды көбірек 
мақсат тұтқан. Ата-бабамыздың бұл мұраты ұрпақты 
асылдандырудан шыққан. Ұлтаралық қарым-қатынасқа нұқсан 
келтіріп, айыбын мойындаған кезде татулыққа шақырған 
жақтың ұсынысы арқылы немесе соғыста жеңілген жақтан қыз 
басқа ұлтқа, сырт мемлекетке кеткен. “Қыз жауға да кетеді”, 
“Қыз бен қойдың бармайтын жері жоқ”, “Ел мен елді 
табыстырған қыз - әулие” т.б. мақалдар дәлел.
Жалған неке – жеке мүдде үшін, некеге тұру. Үй алу, 
азаматтық алу, қаржы мәселесіне қатысты, т.б. мақсатта жалған 
некеге тұратындар көбейіп келеді. Бұл да қазақ ұлтының
мемлекеттің немесе жеке отбасының мәселесін шешуге 
арналмаған. Әлеуметтік тұрғыда отбасы өз қызметін 
атқармайды. Мұның ақыры қылмыстық істерге соғуы мүмкін.
Ертеде бұл көбінесе, қамқорлық ретінде болған. Жесірді 
сыртқа 
шығармас 
үшін, 
кем-кетіктерге 
материалдық 
мұқтаждықтан қарасу үшін.
Біржынысты неке – жыныстық ауытқушылығы бар бір 
жынысты жандардың (гомосексуалистер, трансвестистер) 


99 
некеде тұруы. Әрине, біздің елімізде бұл неке заңды түрде 
тіркелмеген. Бірақ, кейбір елдерде бұларға заңмен рұқсат 
берілуі, қызығушылығы осы деңгейдегі жандарды еліктірмей 
жатқан жоқ. Бұл – адамзаттың азғындауының көрінісі. Елімізде 
ескерілмей, заңда қаралмай келе жатқан, бейтарап қалған 
тақырып. «Көгілдір» жігіттер мен «гей» ұлдар біздің қоғамда өз 
мәселелерін өздері шешіп жатқан сыңайлы. 
Мұндай азғындық адамзат тарихында бұрын болған. Мұндай 
азғындықты жөнге салу үшін Алла тағала Лұт (с.ғ.с.) 
пайғамбарды жіберген. Пайғамбардың сөзін елемей, қайта 
қоқан-лоққы көрсеткен көрсеткені жөнінде де аят бар: «Дүниеде 
еркек пен еркектің жақындасқаны не сұмдық, сонда сендердің 
әйелдерің қайда? Сендер нағыз азғын жұрт екенсіңдер. – Ей 
Лұт! - деді олар, - егер сен райыңнан қайтпасаң, сөз жоқ, 
қуғынға ұшырайсың».
Азғындаудың бұл түріне селт етіп қызығуға ешқандай негіз 
жоқ. Қайта кез келген отбасында мұндай жандарды ауру деп 
қарап, өз ұрпағын ондайлардан сақтануға шақыру керек.
Ал, бұрыннан таныс та анық некенің түрі – ақ неке. Бұл 
кәмелетке 
толған 
жастардың 
келісімімен, 
ата-ананың 
ризашылығымен діни неке қидыруы немесе арнайы мекемеде 
тіркеуден өтуі. Мұның ерекшелігі: сырт көзден жасырын емес, 
арнайы куәгерлермен бірге болатын жағдай. Ақ неке деп 
атауының өзі білдіргендей, мұнда тазалық пен пәктік, 
ризашылық пен келісім, танитын ортаның құлақтандырылып, 
қуанышқа ортақ болуы сияқты процедуралар толығымен 
орындалуы тиіс.
Міне, біз қазақ жастарын отбасылық өмірге, жұбайлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет