Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет48/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Ене тәрбиесі. 
Қазақ әйелдері тек тағдырының ғана қожасы 
болумен шектелмей, қоғамдық өмірге, саясатқа, мемлекет ісіне, 
ғылым мен мәдениет майданына белсене араласып, еркектермен 
бірге қоғамның тең құқылы азаматтарына айналды. Отбасы 
басында әйелдердің тұратындығы олардың күйеулері өлген соң 
балаларының әлі үйленбегендігінен, тіпті кейбірі үйленсе де, 
отбасы тағдырын қолына алып, басшылық етуге әлі 
тәжірибесінің болмауынан деп қараған жөн. Мұндай отбасылар 
әсіресе соғыс уақытында, соғыстан кейінгі он жыл ішінде көп 
болды. 
Егер отбасы қорының көпшілігі әке табысынан тұрып, әке 
әлі тұғырдан түспеген жағдайда қолындағы жас баласымен 
келіні толық әке ықпалында болады. Ал егер отбасы қоры 
негізінен бала мен келін табысынан тұрып, әке-шеше қартайып, 
үй шаруашылығымен айналысатын жағдай туғанда, әсіресе 
зейнетке шыққан кезде, отбасы тізгіні балаға өтеді. Әрине, 
үлкенді сыйлау дәстүріне байланысты олардың ой пікірімен 
санаса отырып, кейде тіпті көрер көзге отбасы тізгінін соларға 
берген болып, іс жүзінде өзі басшылық етеді. Мұндайда әке-
шеше баласының келісімінсіз өз беттерімен отбасы өміріндегі 
маңызды мәселелерді шешпейді. 
Ауылдық жерлерде әлі де болса үй шаруасын істеуге 
байланысты ескі дәстүр сақталып келеді. Үй шаруасының аса 
бір қатты қайырымы болмаса, күнделікті күйбең негізінен 
әйелдер үлесіне тиетіндігі айрықша дәлелдеуді керек етпейді. 
Сондықтан ең алдымен үйдегі әйел еңбегіне тоқталайық. 
Үй шаруасындағы әйел еңбегін жеңілдететін көптеген 
жаңалықтар ауыл өміріне еніп жатыр. Айталық, қазіргі әйелдер 
бұрынғыдай тезек теріп, тобылғы, қурай алып, оны жаяу 
арқалап тасып отқа жақпайды. Көпшілік жердің отыны көмір, 
ағаш, қи, газ болып отыр. Бұларды түсіру қазір әйелдер үлесіне 
тіптен жатпайды. Ал тамақ дайындау мен үйге от жағуда да 
көптеген жеңілдіктер туып отыр. Қазіргі күні ауылдық жерлерде 
салынып жатқан үйлердің көбеюі мен қала үй жиһаздарының 


121 
көптеген түрлерінің кеңінен таралуы үй шаруасындағы әйел 
еңбегін жеңілдетуде әсерін тигізіп отыр. 
Осы күні үй шаруасына еркектер де араласады. Қоғамдық 
жұмыстан бос кезінде малға қарау, үйді жинау, малдың қысқы 
жем-шөбін дайындау, отын түсіру, диірменге ұн тартқызу, 
бақшаға қарау т.б. жұмыстарды еркектер істейді. Сөйтіп, жаңа 
тіпті қазақ отбасында қарым-қатынастың қалыптасуы, ең 
алдымен, келіннің күй-жайының жақсаруымен, оның қайын 
жұртымен қарым-қатынасының жаңа жағдайға байланысты 
мүлдем өзгергенінде болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет