97
мемлекеті үшін мұндай некенің теріс жақтарын баса айтып,
жастардың көзін жеткізу керек.
Бұрын кеңестік кезеңде «Азаматтық неке» ұғымы басқаша
түсінік беретін. Ресейде ХХ ғасырдың басында қазан
төңкерісінен кейін билік тізгінін алған
большевиктер ескілікке
қарсы көзсіз күрес жүргізе бастады. Атеистік идея барлық
діннің жолын жаппақшы болды. Жаңаша рәсімдер ойлап
шығарылды. Православ діндарларының таратуынша,
бұрыннан
қалыптасқан заңды бұзып, «бүйректен сирақ шығарып» ең
алғаш азаматтық некеге отырған - әйел комиссар Александр
Коллонтай болған. Рас, жұртты шошытқан сол жолғы неке өте
сәтсіз аяқталған көрінеді. Бірақ 70
жыл бойғы Коммунистік
партияның үстемдігі кезінде атеистік ілімнің пәрменімен
адамдардың көбі некесін Алланың үйі – мешітте дін
қызметкерінің қатысуымен емес,
азаматтық хал актілерін
жазатын мемлекеттік мекемеде тіркетуге мәжбүр болды. Бұл әлі
күнге дейін күшінде. Қазақстан Республикасының «Неке және
отбасы
туралы»
заңының
3-бөлімінің,
2-бабында
да
«мемлекеттік АХАЖ мекемелерінде тіркелген неке – азаматтық
неке»
болып
саналатындығы
жазылған.
Зайырлы
мемлекетіміздің ұстанған этикалық ұстанымы осындай.
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының қызметкері
Қ.Жолдыбайдың айтуынша, Мемлекеттік Неке сарайларындағы
некені тіркеу рәсімінде де шариғаттың кейбір талаптары
орындалады; куәлары болады, екі
жас бір-біріне жар болуға
ризашылықтарын білдіреді. Бірақ, қосылғалы жатқан жас
жұбайлар имандылыққа бет бұрған жандар болса, мешітке келіп
Алланың алдында куәлік келтіріп, шариғат бойынша неке
қидырғаны дұрыс.
Міне
қарап отырсақ, шариғат жолындағы неке қию рәсімі
мен біздің заңда қарастырған «азаматтық некенің» арасында аса
алшақтық жоқ екен. Ал біздің қарастырып отырған, бүгінгі күнгі
некеге көзқарас бойынша ауызекі тағылған «азаматтық неке» -
діни некені де, мемлекеттік тіркеуді де қолдамайды. «Азаматтық
неке» сөзін тырнақша ішінде жазуды ұсынғандықтан, мұсылман
98
талабын орындамайтын «зинақорлар», ресми тілде «заңсыз»
неке өзіне осындай «азаматтық неке» деген бетперде киген.
ХХ ғасырдың басында қазақ жеріне азаматтық неке
Ресейдегі
қазан төңкерісі арқылы келсе, ғасырдың соңын ала
бере батыстық «сексуалды төңкеріс» арқылы да жаңаша
«азаматтық неке» келді. «Еркін махаббатты» қолдаушылар да
бар.
Бұл да еркін дами отырып, некенің тағы бір түрін өмірге
әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: