Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет42/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Ене келінге қамқоршы. Енесі аяғы ауырлаған әйелдің 
мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөледі, оған көбінесе ақтан 
жасалған тамақтарын береді. Жазды күні келіннің тәбетін ашу 
үшін жуа әкеліп жегізеді. Далада өсетін жабайы жуа мен ит 
жуаның көбінесе ит жуасы таңдалады. «Іштегі бала шымыр 
болсын» деген ниетпен келінге сағыз шайнатады. Жерімізде жиі 
кездесетін құм сағыз, жер сағыз, қарағай сағыздарың ішінен құм 
сағыз ғана таңдалып алынады. Мүмкіндіктері болса, тауда 
өсетін рауағаш, қымыздық теріп әкеліп береді. Рауағашты жесе 
сәбидің көзі көреген, құлағы естігіш болады, ал қымыздық 
баланың тәбетін ашады. 
Болашақ сәби еңбектей бастаған кезде жар жағалап, бор 
жалап, кесек жейтіні белгілі. Бұл сәби организмінде белгілі бір 
мөлшерде минералдардың жетіспеуінен болатындығы бүгінгі 
таңда ғылыми тұрғыдан да дәлелденген. Мұны аңғарған 
халкымыз ежелден сәби құрсақта жатқанда-ақ алдын-ала қам 
жасаған. Сондықтан судың бұрын иірім болған орнын тауып, 
осы жерден саздың иісі шығатын қайырым топырағын үйге 
әкеліп қояды да «баланың сүйегінің қалыптасуына керек, кейін 
бөпең бор іздемейді» деп мөлшерлеп жегізіп отырады. Құрсақты 
әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп, қызыл ірімшік жегізеді. Халық 
түсінігі бойынша ақ ірімшік жеген әйелдің баласының сүйегі 
бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік 
болады.
Келіннің тазалығына да айрықша көңіл бөлінеді: жиі 
шомылдырады, жұпар иісті көкемарал (марал оты) шөбін 
пайдаланады, оның иісі іштегі баланың тыныс мүшелерінің 
жақсы жетілуіне ықпал етеді. Шомылдырар алдына арша әкеліп 
түтетеді. Жүкті әйелдің беті жарылып, дақ түспес үшін бие 
сүтінің көбігін бетіне жағады. Ана тісінің, таза болуын да әсте 
естен шығармайды. Түрлі тамақ қалдықтарынан бөлінетін 
жағымсыз дәм мен иістер іштегі балаға әсер етіп, оның жүрегін 
айнытпас үшін күніне екі рет- таңертең және жатар алдында 
қара жусанның қайнатылған суымен, болмаса қаратікен тұзбен 


104 
аузын шайғызады. Парасатты ене келінінің әрқашан көтеріңкі 
көңіл-күйде жүруін қадағалайды, әзіл әңгімелермен күлдіріп 
отырады. Арагідік «келін көңіл» деп аталатын жастардың 
қызықты басқосуын ұйымдастырып, келініне жиі-жиі ән-күй 
тыңдатқызады. Халықта «екіқабат келін жыласа, оның баласы 
жасық болып туады» деген түсінік бар. Соны ескеріп, 
шошынбас үшін қайғылы хабар болса, қашан аман-есен 
босанғанша, естіртпеуге тырысады. Мезгілімен ұйықтатып, таза 
ауада мейлінше жиі болып, сергек жүруін қадағалайды. 
Әйелдің жүкті кезінде ескерілетін халықтық түсінікке 
негізделген мынандай ырымдар бар: итке «кет» деуге болмайды, 
бұл толғақты ауырлатуы мүмкін; арқан есуге болмайды, әйел 
босанар үстінде бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін; тең буып, 
қаптың аузын жабуға рұқсат етілмейді, керісінше жабулы 
заттарды ашуға, буулы нәрселерді шешуге болады; түйе етін 
жеуге болмайджы, бұлай етсе жүкті келіншек баласын 9 ай емес, 
12 ай көтеруі мүмкін. Бұл ырымдардың түп-төркіні көне наным-
түсінікке сенген дәуірге барып тіреледі. 
Тәжірибелі енелер алдын ала түсікті болдырмас үшін 
келіннің етегін бүріп қояды, шошымас үшін далаға түнде 
ешқашан жалғыз шығармайды. Келіннің мезгілі жақындаған 
кезде мейірбан анасы оған қара жерді басқызып, «кеудесі түкті 
Жер-Ана, күш бер, қуат бер!» деп жалаң аяқ жүргізеді. Осы 
ырым келіннің күш-қуатын шыңдайды. Босануына үш ай 
қалғанда «ұзын толғақ» басталады. Бұл кезде көргені көп 
аналар «бөпең айдай сұлу болсын» деп айлы түнде келінін көлге 
шомылдырады. Ай сұлу болғанымен қызуы жоқ , сондықтан 
шомылған көлдің жағасынан шөп жұлып әкеліп, үйіндегі жанған 
ошаққа тастайды. Тіліміздегі «Айдай сұлу, оттай жылы 
болсын!» деген тілеу осы ырымға байланысты қалыптасса керек. 
Босануына екі ай қалған кезде «орта толғақ» басталады. 
«Босану уақыты мезгілімен бұрын болып қалмасын» деп 
келіннің қолына кескіш, тескіш құралдарды (пышақ, біз, ара, 
т.б.) ұстатпайды. Жүкті әйелдің босануына бір ай қалғанда 
оның «ай толғағы» басталады. Бұл кезде «іштегі баланың еті 
қызылданып кетеді» деп келініне жас ет ұстатпайды, «кіндігіне 


105 
оралып қалмасын» деп ине-жіппен іс тіккізбейді, «түсік 
тастайды» деп жүресінен отырғызбайды. Сонымен бірге ел 
ішінде жас келінді ата-анасы жетелеп апарып, жеті бұлақтың 
көзін аштыру, бұлаққа май құйып, теңге тастау, бастаудың 
басындағы әулие ағашқа ақ шүберек байлату секілді сенімдер де 
бар. Қариялар осындай іс-әрекеттер арқылы «сенің атаң-бабаң 
осы жерден су ішкен, толғатқан кезіңде сені демеп, жебеп 
отырады» деп, келіннің күпті көңілін орнына түсіреді. 
Әрбір ескі қазақ ауылында екіқабат әйелдерді босандыруды 
машық қылған қолы жеңіл кемпірлер болған. Оларды ел ішінде 
«аққол ана» (яки қазіргі акушер) деп атайды. Аққол аналар кез 
келген келіншектің қай күні босанатынын тап басып біліп 
отырған.
Бір айда отыз күн бар. Оның алғашқы үш күнін «аспанда ай 
көрінбейтін үш күн, өлі күн» деп атайды да, бұл күндері екі 
жастың ақ төсекте кездесулеріне тыйым салынады. Бұл – халық 
есепшілерінің болжауына сүйенген дәстүр. Ал,аққол аналардың 
өзіндік есебі бойынша аяғы ауырлаған әйел жердің әрбір айы 27 
күннен тұрады. Әрбір айдың, яғни осы әр 27 күннің басы оның 
еттеккірі келген күннен басталады. Бұл алғашқы айдың өзі үш 
тоғызға бөлінеді: бірінші тоғыз - «етеккір тоғызы», екінші 
тоғызы - «арылу тоғызы», үшінші тоғызы – «кездесу 
тоғызы». Халықтық тәртіп бойынша, «бірінші және екінші 
кезеңде кездессендер екеуің де ауруға ұшырайсындар» деп, 
олардың кездесуіне тыйым салынады. Халықтық түсінік 
бойынша, үшінші тоғыздың әр тақ күні неке төсекте тән 
қосылса, олардан ұл туады, ал жұп күндері – қыз туады. 
Алғысты ана тал бойына біткен баласын тоғыз ай, тоғыз кун 
көтереді.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, әрқайсысы 27 күннен
болатын тоғыз айда 243 күн бар. Аққол аналар бұған үшінші 
«кездесу тоғызын» қосып есептейді. Осыдан келіп тіліміздегі 
«тоғыз ай тоғыз күн» тіркесі орныққан. Тәжірибелі ана 
жаңылмас үшін сол сәтті күннен бастап дорбаға 243 құмалақ 
салып алады да, осы құмалақтың күніне біреуін лақтырып 


106 
отырады, осылайша жүкті әйелдің күні жақындаған сайын 
құмалақ саны да азая береді. 
Босануға үш ай қалғанда «ұзын толғағы басталады» деп, 
келінің аман-есен босануына даыйндық жүргізеді. Толғақ 
үстінде құйымшақ сүйегі ашылмай қалмауы үшін күнде 
кешқұрым келінінің құйымшағынан бастап жауырынына дейін 
бес саусақты батырып, құйрық-маймен сылап-сипайды. 
Тәжірибелі аналар «орта толғақта іштегі бала жарық 
дуниеге шығуға дайындала бастайды» деп есептейді. Анасының 
құрсағының сыртқы порымына қарап, оның ұл не қыз бала 
екенін де болжай алады: егер ұл болса, іші кішкене, шошақ, 
үшкір болып келеді; ал қыз бала домалақ, дөңес бітеді; сондай-
ақ ұл жоғары, ал қыз бала төмен орналасады. Әдетте 
қимылдағанда қыз бала сол жақтан, ұл бала оң жақтан 
қозғалады. Ай толғақ мерзімі болғанда іштегі бала жиі 
қимылдап, анасының екі бүйіріне көп салмақ түсіреді.
Толғақ қысқанда әйелдің бір мүшесін ерекше ауырта келеді. 
Мәселен, оның тісі ауруы мүмкін. Тіліміздегі «Әрбір бала 
анасының бір тісін алады» деген мақал осыдан туған. Бұл –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет