Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет47/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) 
мүліктің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерлерге ауысуы. 
Мұрагер, мирасқор – әкеден қалған мал-мүліктің иесі. Егер әке-
шешесі қайтыс болса, оның жиған-тергені, барлық қазынасы, 
мал мүлкі оның баласына қалады. Мұра бірнеше адамға, 
мысалы, ұлына, қызына, қызметшісіне бөлінуі мүмкін. Мұрагер 
бірнешеу болса, мұра қайтыс болған кісінің өсиеті бойынша 
немесе заң жолымен шешіледі. 
Өсиет - белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан 
тәсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған-туысқандарына 
айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. 
Дәстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай 
орындауға тиіс. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа 
адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен 
ауысады.. Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра 
қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан 
кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола 
алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу 
уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет 
бойынша мұрагерлер болуы мүмкін. 
 
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
 
1. Қазақ отбасындағы ер адамның орны мен маңызы 
қаншалықты екенін түсіндіріңіз. 
2. Отбасындағы әке және оған әйелдер тарапынан 
жасалатын күтім мен жағдай туралы тарқатып айтыңыз. 
3. Отбасындағы ер бала мен әкенің рөлі туралы көркем 
әдебиеттен, өмірден мысалдар келтіріңіз.
4. Әке мұрасы және мұрагерлік құқық туралы қосымша не 
айтар едіңіз? 
 


118 
ОТБАСЫНДАҒЫ АТА МЕН ӘКЕ, АНА МЕН ЕНЕ САЛТЫ 
 
«Отбасы» деп аталатын кішігірім мемлекеттің әрбір 
«тұрғынының» жай-күйін күйттеген Ислам әлемі ене мен келін 
арасындағы қарым-қатынасты да назардан тыс қалдырмаған ғой. 
Шынтуайтына келгенде, отбасындағы барлық ахуал отағасы мен 
отанасының бір-біріне деген сыйластығына тікелей байланысты 
екені даусыз. Себебі сол қос кейіпкердің үй-ішіндегі өз рөлдері 
мен 
міндеттерін, 
бір-бірінің 
алдындағы 
құқықтарын 
қаншалықты жете түсініп, соларды Алла разысы үшін қай 
дәрежеде орындай алуларынан тұтас отбасындағы ахуал 
қалыптасады. Шаңырақтың басқа да мүшелерімен олардың 
қарым-қатынасы, сыйластығы туындап жатады. Ойымыз дәлелді 
болуы үшін аса мәшһүр шынайы хадисті мысалға келтіре 
кетсек. Әл-Бұхари мен Мүслімнен жеткен сахих хадисте былай 
делінеді. Бір жолы бір кісі келіп: «О, Алланың елшісі! Адамдар 
арасында менің сыйыма айрықша лайық кім?» деп сұраған екен. 
Сонда Пайғамбарымыз салла Аллаһу әлейхи уәссалам: «Сенің 
анаң», – деп жауап береді. Әлгі адам: «Содан кейін кім?» дейді 
сұрағын жалғастырып: «Сенің анаң», – дейді Мұхаммед (с.а.с.). 
Әлгі адам: «Ал содан кейін кім?» деп тағы қайталай сұрағанда: 
«Сенің анаң», – деп жауап берген екен Расулалла (с.а.с.) үшінші 
мәрте. «Содан кейін ше?» деп қайталай сұрағанда: «Сенің әкең» 
деген екен Алла елшісі (с.а.с.).
Демек, Жаратушы Иеміздің белгілеуі бойынша, кез келген 
пенде үшін анасының хақы айрықша жоғары! Әсіресе, сол 
шаңырақтың отағасы болып отырған оның ұлы үшін. Мұндай 
жағдайда, яғни Алланың ризалығын іздеп өмір сүрмекке 
ұмтылған шынайы иманды әйел некелі жарын қадірлеп, құрмет 
тұтады. Сондықтан күйеуінің мойнындағы ең басты осынау 
міндетін, яғни оның өз анасын мейлінше разы етуі тиіс міндетін 
мейлінше мүлтіксіз атқаруына өз үлесін де қоспаққа келін барын 
салады. Яғни жақсы жар, иманды келін енесін өз анасындай 
құрметтеуге, бар жағдайын жасауға тырыспақ. Себебі 
жаннаттан үміткер әрбір келін оның бір кілті енесімен қарым-
қатынасында жатқанын терең сезінеді. Аса Қамқор, ерекше 


119 
Мейірімді Жаратушымыз «Лұқман» сүресінің 14-аятында: 
«Маған және ата-анаңа алғыс айт. Қайтып келер жерің – менің 
алдым», – дейді. Бәрін Білуші Алла Тағала аталған аятта: 
«Сыйлауға, алғысқа лайық» деп Өзінен кейінгі орынға ата-
ананы қойып отыр. Адамзатты жаратып, отбасын құрып, оның 
мүшелеріне өзара сыйласу тетіктерін көрсеткен Алла, расында 
да, сиынуға лайық жалғыз Құдірет қой! Осының өзі адамзат 
табиғатына, оның қос дүниесіне Жаратушының жасап отырған 
шексіз қамқорлығы, даналығы екені сөзсіз. 
Енді мәселенің екінші жағына тоқталсақ: Егер ене міндет 
атаулының бәрін өзінен ысырып, келінінің ғана мойнына іліп 
қойған болса, онда 14 ғасырдан аса уақыттан бері жер бетінде 
иманды келісім мен татулықтың салтанат құруын қамтамасыз 
етіп келе жатқан Шариғат заңдарының ене тарапынан 
орындалуы кемшін тартар еді ғой! Демек, отбасы ынтымағына 
салиқалы ененің де қосар үлесі, арқалар жүгі қомақты. Бір 
Жаратушының әмірлерінен қаймығып, өзіне жүктелген 
аманаттарды ойлаған ене өз келініне перзентіндей қарап, оған 
өзі жинақтаған өмір тәжірибелерін ұдайы үйретуге тырысатыны 
имандылық ұйыған орталардағы сандаған мысалдар арқылы 
белгілі боп отыр. Себебі ақ босағасын адал ниетпен аттаған 
келініне келсап сияқты қарамай, оған туған перзентіндей 
мейірімін салу – ене үшін Алла тарапынан жүктелген үлкен 
міндет, Қиямет күнінде сұралатын аманат.
Ал жас келінге үй шаруасын жүргізуде орынды талап 
қойып, оның жалқаулық қамытын абайсызда киіп алмауын 
қадағалай білуі – ене үшін келесі міндет. Ененің бар білгенін, 
өмірден түйгенін келініне жалықпастан үйретуі де – ұрпақтар 
арасындағы сабақтастыққа апаратын ізгі әрекет. Дәл қазір сіздің 
көз алдыңызда отырған ене дегеніңіз – кешегі келін. Ал бүгінгі 
келін – ертеңгі ене емес пе!? Тепе-теңдік заңдылығы керемет 
үйлесімін тапқан осынау әсем Жаратылыстың ене мен келін де – 
бір бөлшегі. Олардың арасындағы «сыйластық» деп аталатын 
қарым-қатынас әлемі құны түкке тұрмайтын «пендешілік» деген 
азғырындының құрбаны боп кетсе өкінішті-ақ. Мұның өзі сол 
Жаратылыс дүниесіне жасалған қиянат болар еді. Біздің ұлы 


120 
аналарымыз осыны терең түсінгендіктен де бірін-бірі 
қонағындай сыйлаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет