122
тәрбиелеп жөнге салып алады. Сонда келіндердің келген
қонақты
жылы шыраймен қарсы алуы, үлкендерді сыйлауы,
ыдыс-аяқты орынсыз сылдырлатпауы, ата-енесі мен күйеуінің
туған-туыстарына құрмет көрсетуі тәрізді қазақ келіндеріне тән
асыл қасиеттері орнығып, келін - шаңырақтың ырыс-құты бола
алады. Жалпы, келіннің ата-енесін, күйеуінің туыстарын,
үлкендерді сыйлауы – ата-бабаларымыздан аманат болып келе
жатқан ізгі дәстүр. Келіннің бұл дәстүрді түсінбеуі, орындамауы
– таным, түйсігінің таяздығынан, ақылсыздығынан,
рухани
жұтаңдығынан, тіпті, ұлттық тәрбиесінің жоқтығынан да орын
алады. Олай болса, мұны әрбір бойжеткенге, жас келінге айтып,
түсіндіру – әке, шешесінің, ата, енесінің асыл парызы. Әсіресе,
бұл орайда келіннің екінші анасы-енесіне жүктелер міндет жүгі
ауыр. Сондай-ақ, келіннің жақсы болуы өзінің туып-өскен
отбасымен бірге ұзатылып барған шаңырағының да қандай ізгі
құндылықтарға ие екендігіне де, күйеуінің
шыққан тегіне де
тығыз байланысты. Яғни, келіннің кесір, кесапат немесе көркем
мінезді келін атануы екі жаққа да – сын.
Қазіргі келіндердің отбасындағы бар мәселелерге тікелей
араласып, ақыл қосып отыртын шын мәнісіндегі тең құқысы бар
екендігін қажет етпейді. Жаңа отбасын құрушы қазіргі
жастардың ішінде он жылдық, қала берді жеті жылдық мектеп
бітірмегені кемде-кем. Орта және жоғары дәрежелі мамандық
алғандары қанша. Мұндай
жағдай жас жұбайлардың
білімділігін, мәдениеттілігін, парасаттылығын, адамгершілік
қасиеттерін молайтып, жаңа өмірдің кілтін өз қолына ұстай
білуіне мүмкіндік береді. Олар үйде де, түзде де
қол ұстасып,
отбасы және қоғам мүддесіне сай еңбек етіп, өнегелі жастар
қатарынан табылуды мақсат етеді.
Қазақ қауымында ежелден бері қалыптасып келген жақсы
дәстүр – үлкенді сыйлау. Бұл дәстүр қазір де қажеттілігін
жойған жоқ. Патриархалды әдетке байланысты бұрынғы
келіндер өзі келін болып түскенге дейінгі туған күйеуінің
барлық туыстарына ат қойып,
олардың атын атамаса, қазіргі
келіндер үлкен туыстарының ғана атын атамайды. Ал өзінен,
күйеуінен кіші туыстарына ат қоюды бұрын әдептілік
123
делінгенмен, қазір мүлдем салттан шықты. Қазіргі келіндер:
қайын атасын – ата, енесін – апа, қайын ағаларын – аға, көке,
жәке, үлкен абысындарын тәте деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: