149
№7 практикалық сабақ: Қазақ
тарихына қатысты заңдар
аясында отбасы тәрбиесінің қарастырылуы (хронологиялық
кесте)
.
«Отбасы мен некеге, жұбайлық өмірге қатысты заңнамалар
және оларда қарастырылған мәселелер» кестесі бойынша
талдау жұмыстары
№8 практикалық сабақ: Қонақ күту
Қонақ күтудің ұлттық салт-дәстүрге сай орындалуы. Ауыл
жағдайында, қала жағдайында қонақ күту.
Қонаққа жасалатын
кәделер. Табақ тарту түрлері. Осы тақырыптар жөнінде
мәліметтер беріледі.
«Ауыл жағдайында қонақ күту» рөлдік ойындарға екі
топқа бөлініп ойнап, бір топқа екінші топ талдау жасайды.
Студенттердің этноәлеуметтік
қызметті меңгеруіне, атқаратын
рөлдеріне
сай тілек айтып, бата беруіне мән беріледі. Қонақ күту
барысында жасалатын кәделер мен ырым-жоралғылар
жасалады.
Қонақ күтуге арналған рөлдік ойынның 2-нұсқасы:
«Қала
жағдайында қонақ күту» «технология» пәні оқытушыларымен
бірге жүргізіледі. Дастарқан мәзірін жасау, ас дайындау, ыдыс-
аяқ пайдалану тәртібі т.б. жөнінде
студенттердің білгенін
толықтырып, дұрыс бағыт беріледі.
Ойыннан кейін,
«Менің қонақ күтуім» атты сауалнама
студенттерге таратылып, жауабы жиналады.
-
Қонақ күтуді неден бастаған дұрыс?
-
Қонақ шақыруды қалай үйлестірем?
-
Шақырылмаған қонақ келсе?
-
Менің қолымнан келетін ыстық тамақ түрлері:
-
Мен жасай алатын салаттар:
-
Сусындарды тағамдарға сай реттеу:
-
Алты қонаққа қанша ыдыс дайындаймын?
-
Қонақтарға қызмет жасау барысында қолданатын сөздерім:
-
Өте сыйлы алты адамға қанша жілік ет асылады?
-
Жіліктерді ұсыну реті:
-
Сый ұсыну, сыйлық қабылдау жөнінде білетінім...