Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет66/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Демек, сәлем салу: 

келіннің сәлем салуы – қазақтың дәстүрі; 

келіннің сәлем салуы – кішілік ізет; 

келіннің сәлем салуы – ұлт мәдениеті

ұлттың мәдениеті сақталуы тиіс.
№13 практикалық сабақ: Бағыну заңы 
Баланың әке-шешеге, келіннің ата-ене мен күйеуіне, әйелдің 
отағасына бағынуы. Балаға бағыну кезеңдері. 
«Аквариум» 
интерактивті ойын-сабақ. Талқылауға 
ұсынылатын тақырып: Қазіргі отбасындағы бала тәрбиесінде 
олқылықтар бар. Баланың әке-шешеге бағынуы дұрыс талап 
етілмейді. Сәби кезіндегі еркелікті бала өскен соң да үдетіп, 
ата-ананы қайта өзіне бағындыра түседі. Соның кесірінен 
отбасында ата-ана - беделсіз, бала – жүгенсіз.
Талдау мақсатында студенттер 3 адамнан бірігіп, үш топқа 
бөлінеді. Сол тоғыз адам ортаға орналасып, қалғандары қоршай 
отырады. Әр топтың өз ойларын жеткізуіне 3 минут уақыт 
беріледі.
Бірінші топ: баланың ата-анаға бағынуы дұрыс және оны 
қатаң жолға қою керек деп ойлайды. 
Екінші топ: ата-ананың баланы бағындыруы дұрыс емес, ата-
ана өз заманы тұрғысынан ойлайды. Бүгінгі күннің баласына 
ерік беру керек деген ұстаным ұстайды. 
Үшінші топ: баланың ата-анаға бағынуы жөнінде біржақты 
принцип ұстану өзін-өзі ақтамайды деген ойды өрбітеді. 
Үш топты сырттан бақылаушылар қай пікірдің 
шындыққа жанасымды және бүгінгі тәрбиеде өзекті екендігін 
қорытындылауы керек. 
Екінші тақырып: Жаңа түскен келіннің қайын-
жұртына және күйеуіне бағынуы жөнінде. «Жаңа түскен 


157 
келіннің қайын-жұртына және күйеуіне бағынуы міндетті 
емес, сыйластық десе жөн басқа...» деген ойды 1-топ қорғайды, 
2-топ «Жас келіннің күйеуіне және қайын-жұртына бағынуы 
міндетті» десе, 3-топ мүшелері «Келіннің құқығына нұқсан 
келмес үшін, ерімен екеуі бөлек тұрғаны дұрыс. Сонда бар 
мәселе дұрыс шешіледі» деген тұжырымды жақтап шығуы тиіс. 
Топ мүшелері уақытқа сай өз ойларын түгел ортаға салып 
болған кезде, аквариумның сыртындағылар ойларды талдап-
сараптайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет