148
№6 практикалық сабақ: Бүгінгі абзал аналар
Тарихтан тартылған тағылым жолы ұмытылмақ емес,
өміршеңдігімен де әрдайым болашаққа бастайды. Оның
белсенді кейіпкерлері қашан да әйелдер болмақ. Ананың
ардақты бейнесі әр баланың көкірегінде сақталғанмен, әулетке,
ауылға, қауымға, халыққа қамқор ана болған әйелдер бейнесі
қай ортада да баршылық.
Соның ішінде жалпыға танымал, батырдың ғана емес,
халық келіні атанған Зейнеп Ахметова, өмірі мен ұлағатты ісі
үлгі, қыз-келіншектерге тәлімді ойларымен кеңес бере білген
Ділда Тасмағанбеткеліні, Әзілхан Нұршайықовтың «Мәңгілік
махаббат жыры» шығармасына арқау болған Халима
Қалиакпарқызы, Түрколог ғалым, белгілі қаламгер Немат
Келімбетовтің зайыбы Қуаныш Тазабекқызының 12 жыл
төсекке таңылған жарын күтіп, аяғына тұрғызып, «Қайғыдан
бақыт жасаған», «Үміт үзгім келмейді» шығармаларының
кейіпкері ретінде танылған бейнесі т.б. бүгінгі «ана» деп ауыз
толтырарлық тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, ғибрат
алар істері студенттермен бірлесе отырып өткізілетін
практикалық сабаққа негіз болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: