Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет63/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

 
№9 практикалық сабақ: Отбасындағы қыз бала тәрбиесі, қыз 
сыны 
Студент қыздарға «Ең әуелі өзіңді өзің сына» атты сын 
парақ ұсынылады. 
Менің... 
Өз өлшеміммен 
Көңілім 
толады 
Осал-
дығым 
Аты-жөнім 
(ашып жазу 
міндетті емес) 
 
 
 
Жанұямның 
әлеуметтік 
жағдайы 
 
 
 
Ата-тегім: 
Өз жұртым, 
нағашым... 
 
 
 
Мінез-құлқым 
 
 
 
 
Білімге 
құштарлығым 
 
 
 
Сымбат-көркім 
туралы 
 
 
 
Мен меңгерген 
өнерлер 
 
 
 
Қыздың ар-
намысы 
мәселесіне 
көзқарасым 
 
 
 
Пәктік деген 
мен үшін... 
 
 
 
Асыл арманым 
 
 
 


151 
№10 практикалық сабақ: Отбасындағы ұл бала тәрбиесі, жігіт 
сыны 
«Біз білетін жігіттер» атты пікірталас. Пікірталас сабақ 
тақырыбын ашу үшін төмендегіше сұрақтар беріледі: 

Біз білетін жігіттердің жақсы істері мен жаман 
әрекеттері қандай? 

Маған тең келер жігіт осындай болса... 

Ер бала тәрбиесіне ана ықпал ете ме әлде тікелей 
қатысты ма? 

Қыз өзі ұнатқан жігітін тәрбиелей ала ма? 

Ер адам саған қорған болуы үшін не істеген жөн? 

Ер жүрек, отаншыл ұлды қалай тәрбиелеуге болады? 

«Алтын басты әйелден, ...еркек артық» дегенді қалай 
қорытамыз? 
Пікірталас соңында «Маған теңдес жұп» кестесі 
толтырылуға беріледі. 
Өзімнің жақсы қасиеттерім 
Маған жұп болар жігіттің 
асыл қасиеттері 
Менің оған жасайтын сый-
құрметім 
Оның маған жасайтын сый-
құрметі 
Менің оның отбасына жасайтын 
қызметім 
Оның 
менің 
отбасыма 
жасайтын қызметі 


152 
Бойымдағы 
жөндейтін 
кемшіліктерім 
Оның 
кешіруге 
тұратын, 
жөндеуге 
болатын 
кемшіліктері 
Ешқашан жасамас едім... 
Кешіре алмас едім... 
№11 практикалық сабақ: Діни ф
әтуадағы келін келбеті 
(сын тұрғысынан талдау) 
Барлық ізгілік пен имандылықтың қайнар көзі – Ислам 
діні де отбасы беріктігін, әдепті әйел, көркем мінезді келін 
тәрбиесін маңызды мәселе санайды. Соның жарқын бір айғағы 
діни фәтуадағы Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) ұлы Ысмайылдың 
әйелі туралы аңыз әңгіме. 
Ысмайыл отбасынан алыста жүргенінде үйленген 
көрінеді. Бұл хабарды естісімен әкесі Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) 
жолға шығып, ұлын, келінін көріп қайтпақ болады. Ол ұлының 
үйін іздеп тауып, есігінің алдында келінімен кездеседі. Келіні 
келіп тұрған бейтаныс қарияның өз атасы екенін білмейді. 
Ыстық күні шөлдеп, алыс сапардан шаршап келген қарияның 
кейпін байқаса да, оған «Үйге кіріңіз, шәй ішіп, 
шаршағаныңызды басып, дем алыңыз», - деп айтпайды. Бұл 
көңіліне кірбің ұялатса да, пайғамбар ренжімей, тұрмыс 
жағдайларын сұрайды. Келіншек: «Жоқ. Жаман» деген сөзден 
басқа түк те айтпай, безірие береді. Пайғамбар келінімен 
қоштасып, кейін қайтарында: «Шырағым, күйеуің келген соң бір 
бейтаныс қарияның үйіне соққанын, есік алдында тұрып «үйінің 
босағасын өзгертсін. Сонда ғана тұрмыс жағдайы түзелетін 
болады», - деп сәлем айтқанын жеткіз», - дейді. Бұл сөздің 
парқын пайымдамаған келіншек күйеуі үйіне келісімен, бір 
жолаушының оған айтқан сәлемін жеткізіп, түр-түсін қаз-


153 
қалпында сипаттап береді. Ысмайыл үйіне әкесінің келіп, ішке 
кіре алмай, ренжіп кеткенін, «үйінің босағасын өзгертсін», - 
деген сөздің – «Үйіңе ырыс-құт кіргізетін дұрыс әйел ал», - 
деген әке ақылы екенін түсінеді. 
Біраз уақыт өткеннен кейін Ибраһим пайғамбар 
(ғ.с.)тағы да ұлын іздеп келеді. Бұл жолы оны бейтаныс бір 
келіншек қарсы алып, үйіне кіргізіп, дастарқан жайып, сый-
құрмет көрсетеді. Бейне бір өзінің туған әкесіндей күтіп, бәйек 
болады. Мұның: «Тұрмыс – жағдайларың қалай?! Күйеуің 
қандай адам?», - деген сауалына: «Құдайға шүкір, Алланың 
бұйырған несібесін ішіп-жеп, жұрт қатарлы өмір сүріп 
жатырмыз. Күйеуім – еңбекқор, иманды жан. Таңертеңнен 
кешке дейін жұмыста», - деп жауап қайтарады. 
Әлгі жауапқа жаны қатты жадыраған пайғамбар 
аттанарында: «Келінжан, күйеуіңе менен сәлем айт: «үйінің 
босағасын берік ұстасын»,- дейді. Әкесі Ибраһим пайғамбардың 
әдептілігі 
мен 
ізеттілігіне, 
қонақжайлылығы 
мен 
мейірімділігіне, Аллаһқа ризашылығына қатты сүйсінген 
келінімен ұлы бақытты өмір сүріп, туған-туысқа, көрші-көлемге 
өте сыйлы болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет