161
Ақордасында болады. Хан шипагерден сырқат және оның
дауасы жайында сұрайды. Осы сұхбат жайында “Шипагерлік
баяннан” үзінді келтірелік.
... Хан тағы да менен:
- Сырқат ішінде науқастанғанда оңайлықша білініс
сездірмейтін, ілгіштілікпен түпке жетсе де жанға көп батпайтын
әрі айықпайтын сырқат қайсы? – деп жауап ілмелмеледі. Мен:
-
Қандық уылмалық пенделік жалғасым бітістілігі, -
дедім. Хан:
-
Ол сырқат қандай сезіліс білдірмек? – деді. Мен:
- Пенделік жанға батымы аз болмақ, тұқым қуаламақ,
әрді бұзбақ, ұрпақсыз қалдырмақ, ұрпағы болғанмен де
нақұрыстандырмақ. Айықтырым дарым заузаты дарымдылығы
жоламай көше қашпақ, - дедім. Хан:
-
Ол қай сырқаттар? – деді. Мен:
-
Қандық уылма мерездік, құлғаналық, миғұлалық,
аллалық шала жаралым болмақ. Айығым – одан сақтанбақ қана.
Сақтандыру аллажар, тақсыр, Сіздің қолыңыздан ғана келмегі
аллалық жазмыш, - дедім. Хан:
-
Одан қалай сақтанбақ шарттамақ болар? – деді. Мен:
-
Ол оңай, тақсыр, Сіз тек көз мұрын
(үш С.Қ.) шартты
орындамағыңыз ғана уәжіп Мұхтасары, - дедім. Хан:
-
Ол шартта қайсылар болмақ? – деді. Мен:
-
Достарыңызбен бөлісу: