Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет77/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Сақтандыру 
Құдай Құранда былай дейді: «Сондай әйелдеріңнен зина 
қылғандар, оларға өздеріңнен төрт айғақ келтіріңдер, егер олар 
айғақ болса. Онда оларды өлгенге дейін не Алла бір жол 
қойғанға шейін үйлерде қамаңдар. Сендерден арсыздық істеген 
екеуіне де жапа беріңдер. Егер екеуі де тәубе етіп, түзелсе, 
олардан бет бұрыңдар (тиіспеңдер). Негізінен Алла, тәубені 
қабыл етуші, ерекше мейірімді. Шын мәнінде Аллаға 
(сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп сонсоң дереу тәубе 
етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды. Алла әр нәрсені 
білуші хикмет иесі.
Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: 
«Енді шынайы тәубе қылдым» деген және қарсы болған бойда 
өлгендердің тәубесі қабыл емес. Міне солар үшін күйзелтуші 
азап әзірледік.» (4:15-18). «Арыңды жасыңнан сақта» – 


173 
қыздардың өмірлік ұстанымы болуы тиіс. Пәктігін сақтау, оны 
айтуға, бұл жөнінен тәжірибесі бар құрбыларының жанында – 
қыз болып жүруге ұялу – біздің қоғамда солай болуы тиіс нәрсе 
ретінде қабылданған. 
Нәпсіқұмарлық – тамаққа деген мұқтаждықтан кейінгі ең үлкен 
сезім. Бірақ энергияңды спортқа, өнерге, шығармашылыққа 
жұмсап, оны тыюға болады. 
Әйелдер пленкалы фотоаппарат сияқты. Сіз 36 кадр 
түсіріп, оны қайта пайдаланып көріңізші. Суретті шығарғанда не 
болады? Жеңіл жүрісті әйелдер де сондай. Бір бейненің үстіне 
екіншісі, оған үшіншісі түседі. Сөйтіп, «әкесіне де, шешесіне де 
ұқсамай, бала көршісіне тартып кетеді». 
Болашағыңызды ойлап, өзгені емес, Құдайдың сөзін, ата-
ананың өсиетін тыңдаңыз. Қоғамды бұзатын «Өмірден 
қалағаныңды ал», «жас кезіңде қыдырып қал» деген ұрандар 
сіздің өмірлік ұстанымыңыз болмауы тиіс. Алғашқы серігінің 
сыртқы түр-әлпеті ғана емес, оның венерологиялық, 
психикалық, қан аурулары да тұқым қуалайтын болып шықты. 
Енді бейтаныс серігіңіз нашақор, алқаш, генетикалық мутант, 
қызтеке немесе психикасы бұзылған біреу болып шықса 
қайтесіз? Өйткені мұндай адамдар жауапсыз қатынасқа бейім. 
Дені сау, ақыл-есі түзу ата-анадан ессіз баланың туатыны содан. 
«Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің аналары) қыздарың, 
(ұл-қыздарыңның қыздары,) қыз туыстарың, (әке-шеше бір не 
бөлек,) әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан 
әйелдер, еркек және қыз туыстарыңның қыздары, (олардың 
қыздары,) сүт емізген аналарың, емізкен қыз туыстарың, қайын 
аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрыңғы ерінен болған) 
қолдарыңдағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған 
болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдері 
және екі қыз туысты бірге үйленулерің арам қылынды. Бірақ 
өткен өтті.
Негізінен Алла (Т.) тым жарылқаушы ерекше мейірімді. 
Некелі әйелдермен үйленулерің арам қылынды. Бірақ 
қолдарыңдағы күңдер (соғыс тұтқындары) басқа. Сендерге 
Алланың жазуы осы. Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой 


174 
суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың 
(мәһер беріп алуларың) халал қылынды. Сонда олардан осы 
шартпен пайдалансаңдар, бекітілген мәһерін беріңдер. Мәһер 
тоқтасылғаннан кейін ризалассаңдар, (еркек артық беріп
әйелдің аз алуы немесе тіпті алмауында) сендерге оқасы жоқ. 
Расында Алла толық білуші, хикмет иесі. Сендерден біреудің, 
мүмін азат әйел алуға шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы 
мүмін күңдерден алсын. Алла имандарыңды жақсы біледі. Бір-
біріңненсіңдер. Ендеше күңдерді қожайындарының рұхсатымен 
олардың мәһерлерін дұрыс беріп, абыройлы болулары, зинашы 
және астыртын көңілдес болмаулары шартымен алсын. Егер 
олар үйленіп алып, арсыздық істесе, онда оларға азат әйелдерге 
болатын жазаның жартысы орындалады.
Бұл (күңді ал) сендерден зинадан қорыққан кісі үшін. 
Егер сабыр етсеңдер, өздерің үшін хайырлы. Алла аса 
жарылқаушы, ерекше мейірімді. Алла (Т.) сендерге түсіндіруді 
және сендерді өздеріңнен бұрынғылардың тура жолдарына 
салуды сондай-ақ тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Алла толық 
білуші, 
хикмет 
иесі» 
(4:23-26). 
Толқынды 
генетика 
телегонияның әсерін дәлелдеп берді. Оған қоса, ағзаның барлық 
жасушаларындағы хромосомалық жиыны бірдей, бірақ 
бүйректің жасушалары жүйке жүйесінің, бұлшық ет 
талшығының жасушаларынан өзгеше, сол сияқты арнайы 
функциялық талшықтардың жасушалары да бөлек. Олардың 
барлығы бір-біріне жақын орналасқан органдар мен ағзаның 
жүйесіне қарай өзіне тән жасушаларды жаңғыртып отырады. 
Органдардың орналасу тәртібін анықтайтын ақпарат 
тасушыларды шектеу мәселесі генетикада, тіпті көпке ортақ 
әдебиеттерде айтылмайды. Бірақ оның ағзаның биомассасын 
синтездеу туралы ақпарат сақталатын хромосомалық аппаратта 
емес, биоөрісте сақталатыны айтылып жүр. 
«Бұзылған 
қыз» 
деп 
некеге 
дейін 
пәктігінен 
айырылғандарды (дефлорация) ғана атамайды. Өйткені оның 
алғашқы серігі қыздың ағзасында болашақ жарының 
генетикалық ақпаратымен сәйкеспейтін ақпарат қалдырады. 
Ұрпағының физикалық, психикалық дені сау болуы үшін, яғни 


175 
балаға бұрынғы еркектің генетикалық ақпараты берілетіндіктен, 
иманды адамдар жеңіл жүрісті әйелдерге үйленбеген; ал, қызбен 
некесіз ойнап-күлген жігіттер Құдай заңын бұзғаны үшін қатты 
жазаланған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет