172
Дәл осы сияқты алғашқы түннен кейін әйелдің биоөрісінде
энергетикалық, ақпараттық өзгерістер болады.
Жар таңдағанда оның пәк болуын талап ету тегін емес.
Бұл тұрмыста болған әйелмен некеге тұруға болмайды дегенді
білдірмейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Айша анамыздан басқа
жұбайларының бәрі бұрын тұрмыста болған. Әңгіме Құдайдың
қалауымен құрылатын заңды одақта, ал некесіз қатынас – өте
жиіркенішті. Қыздың пәктігінің анатомиялық ерекшелігінен
бұрын өнегелік мәнін еске ұстау керек. Пәк қыздар өзгелерден
артық.
Бұл Құранда да айтылған: «(Әй,
Пайғамбардың
жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа
сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші,
құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз
жұбайлар беруі мүмкін.» (66:5). Ал,
жұмақ қасиетті Құранда
былайша сипатталады: «Расында хүр қыздарын жаңадан
жаратамыз. Оларды ер көрмеген қыздар етіп жаратамыз.
Күйеуін сүйгіш құрдас болады. Бұл айтылғандар, оңшылдар
үшін болады». (56:35–38) «Бейіштерде өз ерлеріне телмірген
сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да, жындар да
соқтықпаған жұбайлар бар» (55:56).
Достарыңызбен бөлісу: