Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы


Әйелдің отбасындағы міндеттері



Pdf көрінісі
бет84/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Әйелдің отбасындағы міндеттері 
1. Күйеуіне ұнайтын атпен сыпайы түрде шақыру 
2. Ері үйге келгенде жылы жүзді көркем мінезбен қарсы алу.
3. Күйеуінің алдында сұлу бейнеде, ал сыртта көзге 
түспейтіндей киімде болу. 
4. Иіссуды тек ері үшін қолдану. 
5. Жарының алдында сәнді шаш үлігісінде болып, сыртқа 
шыққанда басының жабық болуы. 
6. Тісінің әрдайым таза болуы. 
7. Күйеуіне толық бойұсынып, оның ұнатқанын жақсы көріп, 
ұнатпаған нәрсесінен бойын аулақ ұстау. 
8. Ер адамның алдында әрдайым кішіпейілдікпен өзін бір саты 
төмен ұстау. 
9. Күйеуі демалатын уақытта балалардың кедергі келтірмеуін 
қадағалау. 
10. Тапқан табысын міндетсінбеу. 
11. Күйеуін басқалармен салыстырмау. 
12. Тұрмысқа дейінгі жағдайын айта бермеу. 
13. Сол үйдің заңына бағыну. 
14. Ерінің тауып келгенін үнеммен жұмсау. 
15. Ерінің ертіп келген досын құрметтеу. Олар келгенде қабақ 
шытпау. 
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 
Мұсылман қыздардың сұлулығын сақтайтын ертеден 
келе жатқан Ислам дәстүрлерінің 7 түрлі құпиясын ұсынамыз. 
Сүрме – көзге арналған табиғи бояу. Ол көздің пішінін 
айқындап, әдемі етеді. Құрамында қорғасын болғандықтан 
сатып аларда сақ болыңыз. 
Қына – теріні, шаш пен тырнақты бояуға аралған 
ұнтақталып кептірілген өсімдік. Мұсылмандар мен өзге де 
халық мәдениетінде кең тараған ежелгі дәстүр. Оны лимон 
шырыны мен шай қосып та пайдаланған. 


187 
Су. Оны көп қолдану – бет терісін жақсартып
ажарландыра түседі. 
Зәйтүн майы. Зәйтүн ағашының жемісі керемет 
косметикалық қасиеттерге ие. Ол тамаққа пайдалануға, дене мен 
шашқа жағуға арналған. Жасартатын ғажайып әсері бар. Бет 
терісі мен денені жұмсартып, ылғалдандырады. Тырнақты 
қатайтып, шашты жібектей жұмсақ етеді. 
Мисуак. Оны күнделікті қолданса тістер мықты әрі сау
күріштей аппақ болатыны ғылыми түрде әлдеқашан дәлелденіп 
қойған. 
Иіссу. Құрамында спирті жоқ жұпариісті иіссуларды 
пайдаланған жөн. 
Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану. 
Мұсылман әйелдері құнарлы тамақтанып, темекі, спирттік 
ішімдіктерден аулақ болғандықтан рак, түсік тастау, бауыр мен 
жүрек ауруларын білмеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет