Қоңырбаева С. «Қазақ аруы» арнайы курсы. Оқу құралы



Pdf көрінісі
бет78/97
Дата05.04.2023
өлшемі1,85 Mb.
#79596
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97
Байланысты:
Kazak aruy arnayi kursy 2015 Konyrbaeva

Бұл ерлерге де қатысты 
Егер кімде-кім телегония заңын бұзғаны үшін тек 
қыздарды жауапкершілікке тарту керек десе, қатты қателеседі. 
Лазаревтер отбасында мынадай оқиға болған. Еңбекқор, 
көргенді, жақсы отбасының үлкен ұлы Александр университет 
бітірген бойда әскер қатарына шақырылады. Қазақстанда әскери 
міндетін өтеп, көп ұзамай демалысқа шығады. Тойлап жүріп, 
жезөкшелерге барады. Қауіпті ауру жұқтырмағанымен, оны 
телегония сыны күтіп тұр еді.
Оның тұңғышы әкесіне де, анасына да ұқсамай, сол 
жезөкше қызға тартып кетті. Әке-шешесі ақшыл-сары, бойы 
ортадан жоғары, қоңыркөзді, ал, тұңғышы кішкентай бойлы, 
азиат. Келіншегін қанша айыптағанымен, ауылда бірде-бір азиат 
жоқ еді. Бірақ күйеу жігіттің тойдан бұрын «тойлағаны» 
ешкімнің ойына келмеді. Құранда ерлердің пікір етуі үшін 
мысалдар келтірілген. Мәселен, Жүсіп ғ.с. туралы: «Юсып 
тұрған үйдің әйелі (Зылиха), оның көңілін өзіне тартпақшы 
болды да есіктерді бекітті: “Қане кел бері!”, – деді. Юсып (Ғ.С.): 
«Аллаға сыйынамын. Ол қожайыным, мені жақсы орынға 
қойды. Шынында залымдар құтылмайды!» деді.» (12:23). 
Салыстыру 
«Судың керемет құпиясы» деген фильмді көрген 
боларсыз. Мұнда адамның эмоционалдық энергиясының суға 
қалай әсер ететіні көрсетілген. Нақтырақ айтқанда, судың 
құрылысы. Тәжірибенің мәнісі мынада. Су толы ыдысқа әртүрлі 
сөздер жазылады – махаббат, рахмет, жеккөрініш және т.б. 
Адамдар суға қарап жазуды оқиды. Суды қатырып, мұздың 
құрылысын микроскоппен қарағанда, эмоцияға байланысты 
мұздың өрнегі де әртүрлі болып түскен. Яғни, заманауи 
құрылғыларға көрінбейтін адамнан бөлінетін сәулелер судың 
құрылысын өзгерткен. Молекула кірпіш сияқты, одан үй салуға, 


176 
пирамида тұрғызуға да болады, тіпті жай ғана үйіп тастауға да 
болады. 
Табиғи жұмсақ графит пен қатты алмаздың элементі 
тұрады. Құрамы ұқсас, бірақ, қасиеті (жарықөткізгіштігі, 
тығыздығы, қаттылығы т.б.) екі түрлі. Егер адам суға әсер ете 
алса, онда неге өзінің серігіне әсер етпеске?! Бұл үшін ДНҚ-ға 
өзгеріс жасаудың қажеті жоқ. Өйткені молекулалар ылғи 
тербелісте тұрады. ДНҚ сақинасына қандай да бір энергия әсер 
еткенде тербеліс жиілігін өзгертеді. Демек, телегонияның 
дұрыстығы адамның энергия бөлетінін және бұл энергияның 
ДНҚ молекуласының тербелісін өзгертетінін дәлелдеу арқылы 
расталады. Григорий Богослов: «Адасқан өзінің тұқымын 
құртады», – дейді. Бұған нақты тарихи дәлел де бар – адасқан 
халықтар Жер бетінен тез жойылып отырған. Құдай заңын бұзу 
адамға орыны толмас өкініш әкеледі. Телегония сынды 
факторды елемеу бүгінгі постиндустриалдық қоғамға кері әсер 
етеді, ұлттар демографиялық дағдарысқа ұшырайды, олар 
венерологиялық ауруларға, СПИД-ке, т.б. бейім келеді. Этнос 
жойыла береді. Мәселен, Ұлы Отан соғысы кезінде тұтқынға 
түскен 16-20 жастағы қыздардың 90% пәк екен. Оларды 
тексерген неміс дәрігері бірден Гитлерге кіріп, бейбітшілік 
келісімге келуге ұсыныс жасайды. Өйткені адамгершілігі 
жоғары мұндай халықты жеңу мүмкін емес еді. 
Ойтүйін 
Егер кімде-кім «Телегония баяғыда-ақ талқандалған» 
десе, қателеседі. Ғылыми мәліметтер телегонияны жоққа 
шығармайды. Телегония ғылымға қарсы келмейді, ғылыми 
бюрократияға қарсы. Мұндай құбылыс бар, оны көрнекті 
ғалымдар, академиктер растап отыр. Мәселе ешкімнің осы 
турасында кешенді зерттеу жүргізбегендігінде – өйткені 
үстіңнен семсердей қоғамдық пікір төніп тұрғанда оны 
талқандау қиын. Жалпы, ғылым дегеніміз не? Ғылым не істеуі 
керек? Зерттеу, көрінеу қаралау не ақтау? Жауабы мәлім. Шын 
мәнісінде, «ғылым» не істеп жатыр деген сұрақтың жауабы да 
белгілі. 


177 
Мұсылман жүрегіндегі тазалық – арттақалушылық емес, 
керісінше, ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан нағыз 
өркениет. Бұл – болашақ ұрпақтың генетикасы туралы ойлану 
немесе дәстүр, контрацептивсіз, венерологиялық ауруларды 
жұқтыру қаупінсіз ұрпақ өсіру. Бабаларымыз балаларын 
пәктігін сақтауға тәрбиеледі, ал, көптеген ұлттарда некеге дейін 
пәк жүру артта қалушылық болып есептеледі. Азғындық пен 
ойнас қалыпты жағдайға айналғанда, элита арсыз қағидасын 
басқаларға таңып жатқанда нағыз мұсылман болу оңай емес. 
Алға кіммен баратынын мұсылман өзі таңдайды. Біз Құдайдың 
разылығы үшін өз таңдауымызды сезінеміз. Дін тұрғысынан да, 
әлеуметтік жағынан да ең бастысы, маңыздысы – ұрпағымыз. 
Сондықтан бәрі де: қандай жеміс егетініміз де, ұлтымызға 
қандай мүмкіндік беретініміз де – өз қолымызда. Болашақ 
ұрпаққа бізден мұраға не қалады? 
(Камшат БАТЫРБЕКҚЫЗЫ) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет